Реанимация
Анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөлімшесі
Жан сақтау бөлімшесінің телефоны: +7 (7102) 74-43-78
Бөлімше ота жасау блогымен бір қабатта орналасқан. ЖСИТБ жұмыс уақыты ота жасайтын блокка сәйкес келеді.
ЖСИТБ басты бөлімшелері: жан сақтау залы, бөлме, жара таңу бөлмесі, материал беру бөлмесі, аппаратты бөлмесі, ординаторлық бөлме, медбибілердің бөлмесі және т.б.
Жан сақтау залы қиын жағдайдағы науқастарға көмек көрсетуге арналған. Ота жасау бөлімшесінің жұмыс уақыты сақталынады, өкпені ұзақ жасанды желдетілуін орындайды, трахеостомия, гемосорбция сеансы мен экстракорпоральды уытсыздандырудың басқа да түрлерін, бронхоскопия және интенсивті емдеудің басқа да әдістерін жүргізеді. Залда бір-бірін жеңіл аспалы шымылдықпен жеке бөліп тұратын 2-6 пациенттерге орын бар. Жан сақтау залының қажетті жабдықтары: тұрақты түрде бақылап отыратын және өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелері (тамыр соғысы, артериялық қысым, тыныстың жиілігі және т.б.) қызметінің басты параметрлерін тіркеуге арналған монитор, дефибриллятор, наркоздық аппаратура, сорғы, жылжымалы рентгендік аппарат, венаны тесуге арналған хирургиялық құралдардың жиынтығы, трахеостомия, дәрі-дәрмектер жиынтығы мен басқа жабдықтар. Науқастың залда жату ұзақтығы пациенттің жағдайына байланысты және мүшелер мен жүйесі қызметінің тұрақтануы кезінде бейінді бөлімшеге ауыстырылады.
Басқа науқастардан оңашалау қажеттілігі кезінде (мысалы, сіреспе, туберкулездің ашық формасы және басқа да ауруларында) оңашалаушы-палатасы (бокс) бар.
Бөлімшенің басты міндеттері:
Диагностикалық және емдеу шарасы отасы кезінде жалпы және жергілікті анестезияны жүргізу және дайындау бойынша шаралардың кешенін жүргізу.
2.Жарақаттану, отаның қатысуымен немесе олардың асқынуының салдарынан туындаған өмірлік маңызы бар мүшелерінің бұзылған қызметтерін қалпына келтіру бойынша шаралардың кешенін жүргізу.
3.Емдік-профилактикалық мекеменің медициналық қызметкерлерін реанимациялық көмек берудің тәжірибелік дағды бойынша оқыту және теориялық білім деңгейін жоғарылату.
Бөлімшенің басты міндеттеріне сәйкес дәрігерлік қызметкерлер келесідей қызметтерді орындайды:
Жоспарлы ота кезінде анестезияны жүргізудің қауіп-қатердің болу мүмкіндігін, қосалқы аурулардың бар-жоқтығын, болжалды отаның көлемін анықтайды. Қажетті жағдайда қосымша тексерілуді ұйғарады немесе қауіп-қатері аз оталық емдеудің мүмкіндігін анықтау үшін тар көлемді мамандардың кеңесін тағайындайды.
Анестезия тәуекелімен отаның көлемін салыстыра отырып, жалпы немесе жергілікті анестезияның тиімді әдісін анықтайды. Мүмкін болушы асқынулар туралы науқасты және оның туыстары мен емдеуші дәрігерді ескертіп қояды. Қажетті жағдайда, бейінді бөлімшедегідей ЖСАИТБ-де дәрі-дәрмекпен немесе сұйық-трансфузиялық ота алдындағы дайындық жүргізіледі;
Жедел оталық қатысу кезінде анестезияның тәуекелін анықтайды. Науқасқа тәуекелі аз жергілікті анестезиямен ота жасалған жағдайда, жалпы және жергілікті анестезияның қажеттілігің негіздемесін талап ете алады;
Ота жасалған кезеңнен кейінгі кезеңнен өмірлік маңызды мүшелердің қызметінің тұрақтануына дейін науқастың жағдайына қадағалау жүргізеді;
Емдік-профилактикалық мекемелердегі басқа бөлімшелердің науқастарына реанимация жүргізіледі;
Жан сақтау және интенсивті терапия палаталарында тиісті маман дәрігерлерімен бірге науқастарды қабылдайды;
Интенсивті терапия мәселелері бойынша басқа бөлімшенің дәрігерлері мен медициналық қызметкерлеріне кеңес береді;
Науқастың басты немесе ілеспелі ауруымен, немесе асқынуымен байланысты сол және басқа да синдромдардың бар болуын анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері анықтайды. Басты және (немесе) ілеспелі аурудың диагнозы тек бейінді мамандармен немесе кеңесшілермен қойылады.
Жан сақтау және интенсивті терапия палаталарында жан сақтау және интенсивті терапия бойынша шаралар кешені қажетті жағдайда басты немесе ілеспелі ауруды және оны емдеудің жолын анықтау үшін уақытылы немесе емдеудің сапасына толық және жеке жауапкершілікті артатын кез келген деңгейдегі және мамандықтағы кеңесшілердің қатысуымен жүргізіледі. Емдеу шаралардың тәртібі мен көлемін нақты анықтайды. Кеңесті ұйымдастыру бейінді бөлімшенің меңгерушісіне(дәрігеріне) немесе клиниканың әкімшілігіне жүктеледі;
Жан сақтау және интенсивті терапия палатасында емделуге тиесілі науқастарды іріктейді және оларды стационардың бөлімшелеріне ауыстырудың көрсетілімдерін анықтайды, басқа бөлімшелермен өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Науқасты бейінді бөлімшеге ауыстыру көрсетілімдері: а) жағдайымен (тіршілік қызметінің бұзылуының болмауымен), б) анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөлімшесінің қатты ауырған науқастарға көп көңіл бөлуді қамтамасыз ету қажеттілігімен, в) ота жасалған науқастарды қабылдар алдында санитарлық өңдеу қажеттілігімен. Бейінді бөлімшелерінің меңгерушілері және оның қызметкерлері жан сақтау және интенсивті терапия палатасынан ауыстырылған науқастарды дереу қабылдауды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты науқасты жан сақтау және интенсивті терапия бөлімшесінен тасымалдау бейінді бөлімшенің қызметкерімен жүргізіледі. Науқасты интенсивті терапия бөлімшесінен кешіктіріліп ауыстырылуы осы Бұйрықтың бұзылуы ретінде қарастырылуы тиіс және әкімшілік жазаға тиесілі.
Медициналық құжаттама, есеп пен есептілік Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген және статистика комитетінің нысандары мен мерзіміне сәйкес жүргізіледі.
Бөлімшеде өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелердің жағдайын уақытылы және сапалы бақылау үшін заманауи наркоздық-тыныс алу, мониторлық, диагностикалық және басқа да медициналық аппаратурамен жабдықталған және толығымен сапалы интенсивті көмек көрсетуге дәрілік заттардың, материалдардың барлық қажетті тізбегі бар.
Анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөлімшесіндегі оталық және жандандыру палаталары арнайы жабдықтармен және аппаратуралармен қамтылған:
Жан сақтау бөлімшесі 6 орынға мөлшерленген
-
ИВЛ аппараттары және наркоздық аппараттары («Drager», «Fabius», «Savina», «Primus», және т.б. фирмалары)
- Жоспарлы және жедел түрде ота жасау үстелдерінің ЭКГ мониторлары;
- Жандандыру бөлмесіндегі ИВЛ аппараттарының мониторы;
- АЖСИТБ палаталарының мониторлары;
- Жоспарлы және жедел түрде ота жасау үстелдерінің электроаспираторлары (сорғыштары);
- Жандандыру бөлмесіндегі ИВЛ аппараттарының электроаспираторлары (сорғыштары);
- Жоспарлы және жедел түрде ота жасау үстелдерінің перфузорлары (шприц сорғыштары);
- Әр 2 орынға 1 инфузомат пен перфузорлар (шприц сорғыштары).
- Булы ингаляторлар;
- Күйікке қарсы кереуеттер
- Жылжымалы R-аппараттары;
- Электрокадиограф.