ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Эндокринология

Медициналық орталықтың эндокринологиялық қызметі 9 орынға мөлшерленген эндокринологиялық бөлімшесінде және Медициналық орталықтың емханасындағы консультативтік қабылдауда жүргізіледі. Тексеру және емдеу ҚР денсаулық сақтау Министрлігімен жасалған клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіледі.   

Бөлімшенің меңгерушісі жоғары санатты эндокринолог дәрігері – Ахметова Гульбахыт Дихановна.

Бөлімше «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне шартқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтарына ТМККК шегінде, сондай-ақ, коммерциялық негізде мамандандырылған көмек көрсетеді. 

Бөлімшеде пациенттерді тексеру әртүрлі әдістемелерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Қант диабеті кезінде – гликемия, кетонурия, липидограмма, қанның электролиттері, трансаминазалар деңгейін, азотемия, бактериологиялық зерттеудің көрсеткіштерін анықтау.    Аспаппен зерттеудің әдістеріне жататындар:

  • ЭНМГ – жүйке тамырларының шеткі жүйесінің зақымдануының диагностикасы
  • шеткі тамырларды дуплексті сканирлеу  
  • құрсақ қуысының УДС
  • ЭХОКС
  • офтальмологпен көздің түбін қарау 

Патология кезіндегі:

  • қалқанша безіне УДС, көрсетілімдері бойынша КТ жүргізіледі, тиреодты гормондар (Т3св, Т4св, ТТГ),  ЭхоКС зерттеледі
  • қалқансерік безіне УДС, түтік тәріздес жіліктерге рентгенография жүргізіледі, жалпы кальций, иондалған, сілтілі фосфотаз деңгейін анықталады.  

Гипоталамус-гипофиз жолы аурулары зерттеудің келесі әдістерін талап етеді:   ЭХОЭГ, ЭЭГ, бас миына КТ жүргізу, гипофиз гормондарын(пролактин, ФСГ, ЛГ), сонымен қатар, шеткі гормондарды анықтау(кортизол, тестостерон, эстрадиол); офтальмологпен көздің түбіне периметрін жүргізу.

АДГ жетіспеушілігі байқалған жағдайда  – Зимницкий сынамасы жүргізіледі.

Әйелдердің және ерлердің гипогонадизмасы кезінде кіші жамбас, ұрық бездеріне УДС, бүйрек үсті безіне КТ;   эстрадиол, прогестерон, тестостеронға қан жүргізіледі.

Медициналық орталықтың эндокринолог дәрігерлерімен емханада қабылдау жүргізеді, сонымен қатар, Медициналық орталықтың барлық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсетіледі.
   
Бұл қызметтегі дәрігерлер жоғары білікті санатқа ие. Барлығы Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Қарағанды, Астана қалаларындағы жетекші эндокринологиялық орталықтарында маманданудан өтті. 

Қант диабеті бар пациенттер «Диабет мектебінде» оқудан өтеді. Бұл мектептің бағдарламасы отбасы мүшелеріне аурудың мәні туралы, нақты диеталық шектеулердің қажеттілігі туралы, гликемия, ацетонурияны бақылау, гипогликемия, кетоацидоздың өзіндік диагностикасы және оларды жоюдың әдістері туралы түсінікті қалыптастыру.

Тиреоидты патологиясы (уытты шашыраңқы жемсау, басты нысандары) бар пациенттер хирургиялық бөлімшесіне (кейін қалқанша безінің жойылған бөлігін операциялық емдеуге)  жіберіледі. Сонымен қатар, бұл бөлімшеде диабеттік табан синдромы бар пациенттерге іріңді-шірік ошағын хирургтық өңдеу, гликемияны түзету, антиоксидант, ангиопротектор, антибиотиктерді қолдану арқылы ангиопатияны емдеу жүргізіледі.     

Бөлімше қант диабеті мен оның асқынуларын емдеу үшін барлық заманауи дәрілік препараттармен, антитиреодты препараттармен, бүйрек үсті безі, қалқанша безі, қалқаншасерік безі аурулары үшін ЗГТ препараттарымен жабдықталған. Қажетті жағдайда гипоталамо-гипофиз жолының дертін түзету үшін алынады.   

Бөлімше Медициналық орталықтың басты корпусындағы алтыншы қабатының сол жағында офтальмология бөлімшесімен бірге орналасқан.

Байланыс телефоны: 87102-744363(64), ішкі номері 1062, 1077 және  87102-744345


  

Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA