ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Хирургия

Медициналық орталықтың хирургиялық бөлімшесі 2002 жылдан бері қызмет етуде.

Бөлімшеде 23 орынға мөлшерленген жоспарлы және жедел операцияларға арналған екі операциялық блок және балалардың хирургиялық орындары бар. Операциялық блок «Аеsculар» германдық фирмасының үлкен хирургиялық жиынтығымен, «мини-ассистент» аппараты мен «Каrl Storz» фирмасының эндоскопиялық бағанасымен, «Harmonic» ультрадыбыстық пышағымен жабдықталған, сонымен қатар, электр сорғышы, электрлік пышақтар, жетекші фирмалардың қажетті тігу материалдары бар. 

Медициналық орталықтың хирургиялық бөлімшесі аймақ бойынша лапароскопиялық хирургияның негізін қалаушы және басты орталығы болып табылады. Лапароскопиялық операциялар 2002 жылдан бері жасалынып келеді. Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының хирургиялық орталығымен ынтымақтастық пен белсенді түрде тәжірибе алмасу жүргізілуде. Медициналық орталықтың хирург дәрігерлері Мәскеу, Санкт-Петербург, Казань, Алматы, Астана және Германияның клиникаларында мамандану мен біліктілікті жоғарылату курсынан әрдайым өтуде. Қазақстанның, таяу және алыс шетелдерінің әртүрлі клиникаларынан мастер классты өткізуге жетекші мамандар жиі шақырылады.

Бөлімшенің меңгерушісі – м.ғ.к., жоғары санатты хирург дәрігері, «Денсаулық сақтаудың үздігі» Сагат Хасенович Кожасов 

Бөлімшеде жүргізілетін басты хирургиялық қатысулардың тізімі:

  • лапароскопиялық өт қабын сылу (холецистэктомия)

  • лапароскопиялық соқырішекті алып тастау (аппендэктомия)
  • шап және жамбас жарығы кезіндегі апароскопиялық геринопластика 
  • бауырдың жылауығы кезіндегі лапароскопиялық операция
  • лапароскопиялық таспақұртты алып тастау  
  • өт қабын сылу және соқырішекті алып тастауға мини қолжетімділік 
  • мини қолжетімділік арқылы өт шығару жолдарына реконструктивтік операция 
  • өт шығару жолдарына сыртқы құрғату 
  • асқазан, ішек резекциясы  
  • қуыс мүшелеріне реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары
  • ұйқы безі жылауығына операция 
  • геморройдэктомия (Миллиган-Морган бойынша, лигирлеу)
  • операциядан кейінгі үлкен жарықтары кезіндегі қондырымдарды қолдану арқылы операция
  • қалқанша және қалқансерік безіне операция
  • тері және тері асты шелмайының қатерсіз туындауын жою (папиллома, кандиллома, фиброма, атерома, липома)
  • дермоидты жылауықты жою және құйымшақ эпителий жолы кезіндегі операция
  • тік ішек маңы қабынуы кезіндегі операция 


Бөлімше Медициналық орталықтың басты корпусы оң жағындағы төртінші қабатта орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (7102) 744361


6 фото
10
11
12
13
1
14
10
11
12
13
1
14


Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA