ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Германиямен қызмет істесу

Фрайбург қаласының Университет клиникасымен қызмет істесуі

Фрайбург қаласының Университеттік клиникасы тек Германияның ғана емес, Еуропадағы ірі медициналық мекемелердің бірі және басқа неміс клиникаларынан заманауи медицинаның барлық бағыттарымен ерекшеленеді: құрамында 14 мамандандырылған клиникалар, 5 институттар және 5 орталық жұмыс істейді.   

Фрайбург клиникасы бұрынғы дәстүрге ие. 1998 жылға дейін Германияның 1457 жылы құрылған ескі университеттердің бірі – Альберт Людвигтің беделді университетінің бөлігі болып саналды. Қазіргі уақытта клиника университетпен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.

Шетелдік пациенттер өздерін өз үйіндегідей сезініп және тұрақты қамқорлық пен ықыласқа бөленуі үшін бірнеше жыл бұрын клиника жанындағы Халықаралық медициналық қызмет орталығы құрылды. Бұл шетелдік пациенттерді емдеуді ұйымдастырумен, клиникаға келуді және консультациялық кеңес тағайындаумен айналысады.

Халықаралық медициналық қызмет орталығының басты міндеті – VIP деңгейінде шетелдік пациенттерге қызмет көрсету және емдеуді ұйымдастыру, яғни, әуежайдан жайлы лимузинде күтіп алу, қажетті жағдайда жедел медициналық қатысу кезінде арнайы «жедел жәрдем» тікұшақпен, сонымен қатар, Сіздің Фрайбургте болған уақытыңызда Халықаралық медициналық қызмет орталығының орыс тілінде сөйлейтін қызметкері ілесіп жүреді.   

Фрайбург қаласының Университеттік клиникасымен қызмет істесу

«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-і  Фрайбург қаласының Университеттік клиникасымен осыдан бірнеше жыл бойы тығыз және жемісті қызмет істесіп келеді. Медицина саласында бірлесіп жұмыс істеу арқасында жоғары деңгейде дамыған технологияларды пайдаланып, іс жүзінде қазіргі заманның емдеу әдіс-тәсілдерін үнемі еңгізуде.

Медицина орталықтың Университет клиникасымен қызмет істесу кезеңдері 

2004

Медициналық орталықта Университеттік клиника өкілдерінің алғашқы келуі кезінде, ондағы науқастарды емдеумен оларға қызмет көрсету саласында еуропалық стандарттарды еңгізу мақсаты мен көп жылдық қызмет істесу негізі қаланды.

2006

Бірлесіп жасалған жобалардың қатары жүзеге асырылды.

1.  Анестезиология және қарқынды емдеу саласында медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарлату.

Бұл жоба шегінде Фрайбургтан келген профессор, м.ғ.д. Х.Коп және анестезиолог-дәрігер В.Кем үш апта ішінде Медициналық орталықтың анестезиолог дәрігерлерін оқыту бойынша жұмыс жүргізді.Теориялық және практикалық сабақтардың курсы өтіп, өздік біліктілігін арттыру үшін дәрігерлер теориялық материялмен қамтамасыз етілді, сонымен қатар операция бөлімін жабдықтау бойынша нұсқаулар берілді. Қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынып,  орнатылды. Бүгінгі күні анестезиология, жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесінде заманауи медициналық технологиясы мен жаңа емдеу әдістері еңгізілуде.

2. Лапароскопиялық хирургия мүмкіндіктерін кеңейту.

Кіші инвазивті лапароскопиялық операциялар мен әртүрлі «ашық» және реконструктивті операцияларды жүргізудің жаңа технологиясы бойынша Университеттік клиниканың хирургиялық бөлімшесі негізінде Медициналық орталықтың хирург дәрігеріне алты апталық оқыту ұйымдастырылды. Қазіргі таңда осы технологиялар Медицина орталығының хирургия бөлімшесінде белсенді түрде пайдаланылуда.

3. Компьютерлік томография.

Бұл жоба шегінде Университеттік клиника негізінде радиолог – дәрігер мен екі техникалық ассистенттерді компьютерлік томографиялық суреттердің интерпретациясы және мүшелер мен жүйелерді компьютерлік-томографиялық зерттеу әдістері бойынша оқыту ұйымдастырылды, бұл алынған білім Медициналық орталықта кейін қолдану мақсатымен жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Медицина орталығының сәулелік диагностика бөлімшесі үшін компьютерлік томографиясы және оған қосалқы құрал-жабдықтарды таңдауда кеңестік көмек көрсетілді. Фрайбург қаласындағы клиника мамандарының ұсыныстары бойынша Siemens фирмасының соңғы моделі Somatom Sensation 64 жоғары технологиялық мультиспиралды компьютерлік томограф таңдалып алынды.

2007

1. Зертханалық зерттеулердің сапасын жоғарлату.

Бір апта бойы Медициналық орталық зертханасының меңгерушісі Фрайбург қаласындағы Университеттік клиникасында зертханалық зерттеулердің қазіргі таңдағы әдістері мен стандарттар саласы бойынша біліктілігін жоғарылатты. Бұл жоба шегінде ол түрлі зертханалардың ұйымдастыру жұмыстарымен, олардың жабдықтандыруларымен, заманауи зертхана құрал-жабдықтарының мүмкіншілігімен, сонымен қатар, компьютерлік есеп жүйесі және зертханалық материалдарды өңдеу жұмыстарымен танысты. Алынған білімдер және көрсетілген нұсқаулар Медициналық орталықтың зертхана жұмыстарында кеңінен пайдаланылуда.

2. Медбибілік жұмыстар.

Аталған жобаны жүзеге асыру екі кезеңнен өтті.

Университеттік клиника негізінде - әртүрлі бөлімшелер денгейінде медбибілік үрдістерді ұйымдастыру принциптері мен орта медициналық персоналдар жұмыстарының әдістері бойынша Жезқазған клиникасының медбибілерін оқыту ұйымдастырылды. Бірлесіп қызмет істесу барысында медицина персоналдарын оқыту және бақылау жүйесінің ұстанымдарын толығымен талқылады.

Медициналық орталық негізінде – Жезқазған қаласындағы медбибі жұмыстары бойынша мамандандыруды жүргізу үшін және алдынғы қатарлы технологияларды еңгізу үшін Университеттік клиника күту пәні бойынша оқытушы Э.Борн мырза мен науқасты күту пәні қызметінің басшысы С.Роде ханымы жіберілді. Мамандандыруды өткізу барысында шеберлік сыныптар жүргізіліп, таңғы конференцияларда баяндамалар оқылды; стационарлық бөлімшелерде, операциялық залдарда, АЖҚЕ бөлімшесінде күнделікті жұмыстар жүргізіліп тұрды.

Медбибі ісіндегі менеджмент сапасын жақсартуда берілген нұсқаулар мен ұсыныстары іс жүзінде жүзеге асырылуда.

2008

1. Клиникалық кардиология

Медициналық орталықтың кардиолог дәрігері Фрайбург қаласындағы Университеттік клиникасына оқуға барды. Ол кардиология, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінің жұмыс тәртібімен танысып, клиникалық кардиология мен эхокардиоскопия саласындағы диагностика мен емдеудің қазіргі таңдағы әдістерін оқыды. Кардиология науқастарын емдеуде заманауи дәрімен (консервативті) емдеу әдістерін үйреніп, функциялық кардиологиялық әдістерін зерттеуде егжей – тегжейіне дейін талқыланды.

Қазіргі уақытта осы әдістер мен технологиялар Медицина орталығында еңгізілуде.

2. Ішкі медицина

Ішкі аурулардың диагностикасы және оларды емдеудің заманауи әдістеріне терапиялық бағыттағы дәрігерлерді оқыту үшін, сонымен қатар Медициналық орталыққа эндоскопия саласындағы алдынғы қатардағы медициналық технологияларды еңгізу мақсатымен аға гастроэнтеролог дәрігер Х.Шваха іссапармен Жезқазған қаласына келді.

Төмендегі жоғары технологиялық эндоскопиялық операциялар еңгізілді:

  • ретроградтық панкреатохолангиография
  • папиллосфинктеротомия
  • жалпы өт өзектерінен механикалық тәсілмен тастарды сығып шығару
  • асқазан – ішек жолындағы полипэктомия

Осы салада қызмет істесу белсенді түрде жалғасуда.

3. Медицина орталығының оториноларинголог дәрігерінің ұзақ мерзімге мамандануы

Медицина орталығының оториноларинголог дәрігері Фрайбург қаласындағы Университеттік клиникасы негізінде ұзақ уақыт бойы мамандардың даму және қалыптасу бағдарламасы бойынша маманданудан өтіп, оны аяқтаған соң, қазіргі технология бойынша оқып үйренген білімін Жезқазған қаласындағы Медицина орталығына пайдаланып, еңгізді.

2009

Телемедицина

Биылғы телемедицина саласы бірлесіп қызмет істесудің басы болып саналады.

Телемедицина арқылы неміс дәрігерімен өз елінен шықпай-ақ тікелей түрде сөйлесуге бірден-бір мүмкіндік бар. Қорғалған интернет байланысы іске қосылды, осының арқасында жоғары класты неміс маманынан кеңес және дұрыс диагноз қойып, қажетті емін тағайындау бойынша «екінші пікір» алуға, сонымен қатар, одан әрі емді жалғастырудағы ұсыныстарын алуға болады. Бұл жоба шегінде Университеттік клиникасының рентгендиагностика бөлімшесі Медицина орталығының компьютерлік томограф (КТ) суреттері мен рентген-суреттері бойынша жіберілген медицина қортындысының «екінші пікірі» туралы телетуннелі арқылы қызмет көрсетеді.

2010

Медицина орталығының оториноларинголог дәрігерінің ұзақ мерзімге мамандануы

2010 жылдың наурыз айында «Германиядағы дәрігер - маманының дамуы мен қалыптасуы бағдарламасы бойынша Фрайбург қаласындағы Университеттік клиникасы негізінде ұзақ мамандану» жобасы аяқталды. Медицина орталығының оториноларинголог дәрігері екі жыл аралығында біліктілігін арттыруға және Фрайбург қаласы оториноларинкология клиникасында тәжірбиелі профессорлар мен маман-дәрігерлердің басқаруымен оқып, әрі жұмыс істеуіне де мүмкіншілік болды.

Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының Халықаралық конгресі.

Халықаралық медициналық қызмет орталығының (IMS) 2010 ж. маусым айында Медицина орталығының делегациясы бойынша 10-жылдық мерей тойына байланысты ұйымдастырылған Фрайбург қ. Университеттік клиникасының Халықаралық конгресіне серіктестердің шақыруы бойынша қатысты.

Университеттік клиникасы профессорларының және олардың серіктестерінің баяндамалары конгреске қатысушылардың назарына ұсынылды. Медицина орталығының Университеттік клиникасымен бірлесе қызмет істесуі жайлы Медицина орталығының директор – бас дәрігері м.ғ.к. Владимир Михайлович Моторыкин баяндама жасады. Шақырылған қонақтардың Университеттік клиникасының бөлімшелеріне саяхат жасауға, жетекші мамандармен кездесуге және семинарларға қатысуларына мүмкіндіктері болды. 2006 ж. іске қосыла бастаған «Лапароскопиялық хирургия мүмкіндігін кеңейту» бойынша бірлесіп жасаған жобаның жалғасы болып, хирургия клиникасында хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сагат Хасенович Кожасов 3 күнге қатысты.

Конгреске қатысу – клиника аралық нағыз достық қарым қатынастардың дамуына және нығаюына маңызы зор жаңа кезең. 

«Ішкі медицина» жобасының екінші кезеңі

2010 ж. соңында «Ішкі медицина» жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылды, бұл жоба шегінде гастроэнтерология, гепатология, диабетология және эндокринология орталығының эндоскопия негізінде Университеттік клиникасында Медицина орталығының функционалдық диагностикасы бөлімшесінің меңгерушісі Толеу Коханович Тлегенов оқытылды.

Дәрігерлердің біліктілігін жоғарлату курсының негізгі тақырыбы – диагностикалық эндоскопиялық әдістер, қолмен жасалатын эндоскопиялық ем-шаралар және операциялар болды.


«Анестезиология және қарқынды терапия» жобасының екінші кезеңі. 

Сонымен қатар, «Медицина қызметінің анестезия және қарқынды терапия саласындағы қызмет көрсетудің сапасын арттыру» жобасы бойынша жасайтын жұмыстарын ары қарай жалғастыруда. Бір ай ішінде Университеттік клиникасының қарқынды терапия алу палаталарында және операция бөлімінде Медицина орталығының анестезиолог дәрігерінің неміс әріптестерімен бірге жұмыс істесіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндігі болып, жалпы және нейроаксиалды анестезия, операция жасау кезінде пациентті мониторлендіруімен және еуропалық стандартқа сәйкес қарқынды ем алу палаталарында болып, жұмыстарымен танысты. 

2011 

Халықаралық медициналық қызметтің орталығы директорының келуі (ІМS).

Медицина орталығына жобаны жүзеге асыруда – инновациялау- бірігіп қызмет істесу қорытындысын бірлесіп бағалау мақсатында 2011 ж. мамыр айында Медицина орталығына ІМS Директоры К. Байер ханым келіп қайтты. Бірлесіп қызмет істеген жұмыстарының қорытындысы 2006 -2011 ж. аралығында жақсы деңгейде танымал болды, екі жақтағылар бірлесіп қызмет істесуде қызығушылық танытып, жұмыстарын ары қарай жалғастыруды қолдады. 2012 ж. радиология және функциялық диагоностика саласында бірлесіп жасайтын жобалар жоспарлануда.

«Оториноларингология» жобасының 2-ші кезеңі

Сәтбаев қ. Медициналық санитарлық бөлімінің және Медицина орталығының ЛОР дәрігерлері үшін Фрайбрг қ. УК профессоры Карстен Бёдекер 2011 ж. эндоскопиялық және микрохирургиялық әдістерін пайдаланумен бірге, ЛОР мүшелеріне операция жүргізу туралы шеберлік сынып өткізді. Ол пациентер қабылдауына қатысып, дәрігерлерге дәріс оқыды. Неміс әріптестесі бастауымен күрделі құрама операциялар, оның ішінде көмекейдің микрохирургиясына жасалды. 

2012

«Кардиологиялық және гастроэнтерологиялық кешендегі пациенттердің диагностикасында заманауи әдістерді енгізу»

2012 жылдың мамыр айының 5-18 аралығында аталмыш бағдарламаның шегінде Медициналық орталықтың функционалдық диагностика мамандары Фрайбург қаласының Университеттік клиникасында оқытылды. Данияр Анатольевич Абдрахманов трансэзофагеальды эхокардиография және кардиологиялық бөлімшедегі шеткі тамырлардың сонографиясын, ал УДЗ дәрігері – Светлана Дамировна Самойличенко гастроэнтерология бөлімшесінде бауыр биопсиясы әдістемесі мен құрсақ қуысы тамырлары мен мүшелерін УДЗ мүмкіндіктерін меңгерді.

2013

«Теле оқыту» жобасы

2013 жылдың сәуір айының 17-нен бастап диагностиканың заманауи әдістерін және неврологиялық кешендегі пациенттердің терапиясын енгізу мақсатымен, сондай-ақ, теле оқыту түрінде Медициналық орталықтың мамандарына сирек және қиын жағдайларда «екінші пікірді» алу үшін біліктілікті жоғарылату курсы басталды. Дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату бағдарламасы екі бөлімнен тұрады:   

1.      Дәрістен кейінгі материалды талқылаумен Фрайбург қаласының Уни-клиникасының жетекші неврологтарының 10 дәрістерінен құралған неврологиялық тақырыптағы теле шеберлік-сынып.   

2.     Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының радиолог-мамандарымен радиологиялық бағасы 20 КТ-зерттеу, содай-ақ, түсірілімдерді, радиологиялық зерттеулерді жүргізудің техникасын талқылау, телеконференция режимінде КТ зерттеу мүмкіндігі. Барлығы 60 минут бойынша 5 телеконференция.   

2015

Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының Халықаралық Конгресі

2015 жылдың маусым айында Медициналық орталықтың делегациясы әріптестердің шақырылуымен Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының Халықаралық Конгресіне қатысты. Бұл Халықаралық медициналық қызметтердің орталығының (IMS) 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.    

Қатысушылардың назарына Университеттік клиниканың профессорларының баяндамалары ұсынылды. Бұл баяндамалар медициналық қызметтердің әртүрлі саласындағы (кардиология, ревматология, неврология, радиология, эндокринология, онкология) клиниканың жаңа енгізілімдері.

2016

"Медбибі ісі" бойынша теле оқыту

Аталмыш оқу бойынша 2016ж.01.28-нен 2016ж.04.04-не дейін медбибілік үрдістің менеджментіне қатысты 5 дәріс оқылды. Алғаш рет Медициналық орталықтың қызметкерлерінен басқа Жезқазған қаласының медициналық колледжінің соңғы курс студенттері қатысты.   

 "Анестезиология и интенсивті терапия" жобасы

Қазан айының 9-20 аралығында Медициналық орталықта «Анестезиология және жан сақтауда көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту» тақырыбындағы шеберлік-сыныбы өткізілді. Осы мақсатпен, Медициналық орталыққа Фрайбург қаласының Уни-клиникасы анестезиология және реаниматология бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары – медицина докторы Вадим Кем келді. Бұл Вадим Кемнің біздің клиникаға екінші рет келуі.  Бекітілген бағдарлама бойынша реаниматологтарға дәрістік және тәжірибелік оқытулар жүргізілді, барлық медициналық қызметкерлерге бірнеше өзекті дәрістер оқылды, анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөлімшесінің менеджменті бағаланды, Медициналық орталықтың қабылдау бөлмесі мен жедел жәрдем деңгейінде шұғыл көмек көрсету бойынша қайта ұйымдастыру жүргізілді, ситуациялық жағдайларды талқылау, УДЗ бақылауында өткізгіштік анестезия жүргізуді енгізу, анестезиология, жан сақтау және интенсивті терапия бөлімшесінің өзінде УДЗ қолдану жүргізілді.

12 фото
16
15
20
13
19
18
10
12
1
11
17
14
16
15
20
13
19
18
10
12
1
11
17
14

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA