ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Вакцинация күнтізбесі

Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы - жұқпалы аурулардың алдын-алу, төмендету және жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау халық үшін міндетті болып саналады, солай болғандықтан  екпе тек егілуші тұлғаның қызығушылығында ғана болмай, барлық қоғамда қоздырушының айналысын тоқтату мақсатымен жүргізіледі.

Вакцина иммунды жүйенің қалыптасқан күнінен  бастап өмірдің алғашқы кездерінде барлықтарына жүргізуге ұсынылады. Алайда, жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасының қарсы көрсетілімдері бар: туа біткен немесе жүре пайда болған иммун тапшылығы аурулары, шиеленіскен кезеңдегі жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, созылмалы аурулардың асқыну кезеңі, қатерлі ісік, аллергиялық аурулар, мидың қабынуы (энцефалит), ми қабығының ауруы (менингит), баланың қалшылдаған жағдайы, ауыр түрдегі қан аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қатты аурулары, бауыр, бүйрек және өкпе аурулары. Иммундау кезінде кейбір вакциналардың қосымша қарсы көрсетілімдері бар.

Профилактикалық екпелерді – екпеден кейінгі асқынулардың өршуі жағдайында жедел қабылдауда екпені жүргізудің техникасын үйренген, арнайы дайындалған орта медициналық қызметкер жүргізеді. 

Үйде екпені жүргізуге тыйым салынады!         

Вакциналау «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС емханасының №2с225 екпе кабинетінде жүргізіледі.   

Маңызды!!!!
Вакциналау қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда және екпенің ұлттық күнтізбесіне сәйкес мерзімдерде жүргізілуі тиіс.


Құрметті Жезқазған қаласының азаматтары!

Біз, медициналық қызметкер ретінде, сіздерді екпені салудан қорықпауға үндейміз, себебі, бұл адамның иммунитетін жоғарылатады, сізді және балаларыңызды қауіпті жұқпалы аурулардан және асқынулардан қорғауға көмектеседі. 

    Скачать график прививок 

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Өтініш қалдыру
Код с картинки: CAPTCHA