Физиотерапия
Физиотерапиялық бөлімше ауыр, ұзақ сырқатпен ауырған пациенттерді емдеу және сауықтыру рәсімі жүргізілетін орын болып табылады. Бөлімше қарсы көрсетілімі жоқ пациенттердің барлығына қызмет көрсетеді.
Бөлімшеде 21 адам жұмыс істейді: 2 дәрігер, 16 орта медициналық қызметкерлер және санитарлар.
Физиологиялық ем қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын, қайту, ағымға қарсы, жараның жазылу, ынталандыру, босаңсу, шынығу, сергіту, қан жолдарын кеңейту, иммунтүрлендіруші, әлсіз бактерицидті әсер көрсетеді.
Физиотерапия барлық ағза мен жүйелердің, эндокринді аурулардың, сынықтың, жарақаттың, операциядан кейінгі кезеңдегі өзіне тән емес созылмалы және қатты ісік ауруларына көрсетіледі.
Физиотерапияға қарсы көрсетілімдер:
- жүрекширатқыштың болуы;
- онкологиялық, қатерлі және қатерсіз ауруларға емшара қолдану;
- қан кету және оған бейімділігі;
- жүрек-тамыр жүйелері, бүйрек, бауырдың теңгерілмеген қатты аурулары;
- белсенді туберкулез;
- қатты жұқпалы аурулар;
- белгісіз этиологияның безгегі;
- психиканың бұзылуы;
- қан аурулары;
- қалқанша безінің негізгі зақымдануының ауыр түрлері;
- қант диабетінің ауыр түрлері.
Сіз біздің бөлімшеде келесідей физиологиялық емшараларды қабылдай аласыз:
- Электрлі: гальвандау, электрофорез, Бернар тоғы, амплипульстерапия, ДЭНЫ (динамикалық электрлі нейро ынталандыру) терапия, электросон және т.б.
- Сәулемен емдеу: лазерлі терапия, ультракүлгін сәулелендіру, ИКС, биоптронды терапия, квантты терапия (магнитті-лазерлі)
- Жылумен емдеу: парафин, «Теплон», «Фея»
- Сумен емдеу: інжу ваннасы, су асты себезгі-уқалау, булы бөшке, дәрілік ванна
- Магнитті терапия
- Ультра жоғары жиілікті терапия
- Ультрадыбыстық терапия
- Ультратонды терапия
- Тыныстық терапия
- Уқалау: қолмен, аппаратты
- Емдік дене шынықтыру кешені, жаттығу құрылғылары
Сонымен қатар, бөлімшеде ұзақ сауықтыру емін қажет ететін аурулардың қатарын емдеудің бағдарламасы жасалған.
Балалардағы миының сал ауруы:
- Жылумен емдеу (арқаға, қолға, аяққа парафинді терапия) жиырылған бұлшық еттерді босаңсыту, олардың қан-лимфа айналымын жақсарту, ауырсыну мен шаршағандықты басу мақсатымен тағайындалады.
- ДЭНЫ (динамикалық электрлі нейро ынталандыру) терапиясы – бұлшық еттерді қатайту, бұлшық еттердің жиырылуы мен ауырсынуды азайту мақсатымен тағайындаладыаяқ-қолды уқалау, қан-лимфа айналымын жақсарту, бұлшық етті қатайту, жиырылуды азайту.
- Аяқ пен қолға, бел омыртқасына емдік дене шынықтыру, фитболмен жаттығу, жүгірме жолда біртіндеп қуатын ұлғайту арқылы жүру.
Шыжың ауруы (энурез):
- парафинді «іш киім», табан аппликациясы қан айналымын күшейту, қабынуға қарсы әсер ету мақсатымен тағайындалады.
- Квантты терапиясында «Рикта» аппаратымен энурезді емдеу үлгісі бойынша несеп жолы, бел маңайына магнитті-лазерлі сәулелендіру жүргізіледі.
- трусиктің аймағын уқалау.
Мидағы қан айналымының бұзылуының салдары:
-
ДЭНЫ – терапиясы – мидағы қан айналымын жақсарту, бас ауруын тоқтату, ұйқыны жақсарту үшін бас электродының көмегімен басқа және сөйлеу, ми қызметін жақсарту үшін тіл маңайына жасалады.
-
Квантты терапиясында «Рикта» аппаратымен «мидағы қан айналымының бұзылуының салдарын емдеу» үлгісі бойынша жүргізіледі. Жаға аймағын уқалау
-
Тыныштандыру әсері үшін – бастағы ми тамырларына әрекет ету үшін бром, кавинтонмен бірге қолданылған электрофорез.
Созылмалы тері ауруы (Псориаз):
- ҚІЛС (қанның ішкі лазерлі сәулелендіруі) қабынуға қарсы, асқынуды басу, иммунитетті жоғарылату мақсатымен жүргізіледі.
Артроскопиядан кейінгі жағдайда буындардың өзгертуші остеоартрозы:
- Магнитті терапия қабынуға қарсы, ауырсынуға қарсы, ауру ағымына қарсы, микроайналым арнасын жақсарту мақсатымен жүргізіледі
-
Емдік гимнастика, велосипедті жаттығу құрылғысы, жүгіру жолында жүру
-
ДЭНЫ терапиясы, ауырсынуды басу, зақымдалған тіндерді қайта қалпына келтіру.
Біздің байланыс телефонымыз: «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС, 1 қабат, сол жақта орналасқан.
Бөлімшенің жұмыс істеу уақыты: күн сайын 08.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 12.00-ден 12.30-ға дейін.
Сенбі күндері сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 12.00-ден 12.30-ға дейін.
Жексенбі және мерекелік күндері – емдеу шаралары жүргізілмейді.