ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Травматология

«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС травматологиялық бөлімшесі  тірек-қимыл аппараты, күйік жарақаттарымен ауыратын пациенттерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатымен жұмыс істейді. Бөлімше 20 орынды, оның ішінде 15 – травматологиялық, 5 – нейрохирургиялық. 

Бөлімше меңгерушісі тәжірибелі бірінші санатты травматолог-ортопед  дәрігері – Акат Салиевич Касимбеков, травматология бойынша жұмыс өтілі 27 жылдан жоғары. 

Көрсетілімдері бойынша кішігірім травматологиялық қозғалыстар жүргізіледі: буындарға емдік-диагностикалық инемен тесу, буын шыққанын салу, жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу, жарақаттан соңғы дертті қуыстарды тілу және білте қою және т.б.  


Медициналық орталықтың травматологиялық бөлімшесі дәрігерлерімен көрсетілетін қызметтер:  


Мамандандырылған медициналық көмек: 

  • Аяқ-қол, жамбас сүйектерінің сынуы кезінде.  
  • Иық буындарының қайта шығуы, байланыстыру аппаратының жарақаты кезіндегі қалпына келтіру операциялары.

  • Жарақаттың салдары: қисаю, сынған сүйектің бітуі, бұлщықеттің жарығы, сіңір мен бұлшықеттің ескі жарақаты және т.б. 

  • Жүре пайда болған табанның қисаюы: Hallus valgus (1 саусақтағы «сүйекше»), аяқ саусағының балға тәріздес қисаюы.

  • Тірек-қимыл аппараты аурулары: тендовагинит, фасцит, буынның шораяғы, жарақаттан кейінгі буынның бурситі, эпикондилит және т.б.

  • Іріңді-қабыну аурулары: буын қабынуы, бурсит, остеомиелит, жарақаттан кейінгі бітеу жарасы мен іріңді ісік және т.б.

Жоғары мамандандырылыған медициналық көмек:

  • Тізенің артроскопиясы, пішінін өзгертетін артроз кезіндегі сирақ буыны, байланыстыру аппаратының жарақаты, тегіршік.

  • Инновациялық технологияларды қолдану: Аяқ-қолдың түтік тәріздес сүйектерінің жарақаты кезіндегі бұғаттаушы сүйек кемігі ішілік және сүйек кемігінен тыс остеосинтез.  Бұл операциядан кейінгі кезеңде гипстік таңусыз жүруге мүмкіндік береді, яғни, пациентке операциядан кейінгі алғашқы тәулікте өздігімен қозғалуға мүмкіндік береді.  

Жоғарыда аталған барлық оперативті емдеудің әдістерінің (теріні кішігірім тілу арқылы)  инвазивтілігі аз, косметикалық әсерге жетуге және пациенттің стационарда болуын айтарлықтай азайтады.
Барлық операциялық емдеудің түрлері электронды-оптикалық түрлендіргіш – әлемдік өндірушілердің жаңа жабдықтарындағы рентгеноскопия тәртібінде бақылауға алынады: 
“Karl Storz-endoscope”(Германия) фирмасының артроскопиялық бағанасы.
 СhМ (Польша) фирмасының жалпақ тілігі және бұғаттаушы сүйек кемігі ішілік және сүйек кемігінен тыс остеосинтезге арналған жиынтығы . 
Stryker фирмасының жабыдығы.
Бөлімшеде ауыр термиялық және химиялық күйік және ойылған жарақаттарды емдеуге арналған LI-7 күйікке қарсы кереуеттер бар. 
Диагностика кезіндегі қосымша көмек көрсететіндер: ЭНМГ, УДС, мульти шиыршықтанған  компьютерлік томограф. 
Ірі буындарды (жамбас, тізе) ішкі протездеу, омыртқаның сынуы кезіндегі транспедикулярлы тұрақтандыру меңгеру жоспарлануда. 


Бөлімше сағ.08.00-ден 17.00-ге дейін, қалған уақытта – кезекшілік тәртіпте жұмыс істейді. Бөлімше ғимараттың оң жағындағы 7-ші қабатта орналасқан.
Байланыс телефоны:  8(7102) 744372.


Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA