ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Эндоскопические исследования

Видеоэзофагогастродуоденоскопия эндоскопиялық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда ішек-қарын жолдарының жоғарғы бөлімдері қаралады: өңеш, асқазан, ұлтабар. Эндоскоп дегеніміз ұшында объектив болатын жіңішке иілгіш ұзын түтік. Эндоскопты басқара отырып, доктор қарай отырып, қауіпсіз түрде құралды асқорыту жолдарының жоғарғы бөлімдеріне өткізе алады (өңеш, асқазан, ұлтабар). Бұл олардың ішкі беттерін абайлап тексеру үшін жасалады. Гастроскопия көптеген жағдайларда дұрыс диагноз қоюға көмектеседі, оның ішінде асқазандағы ауырсыну, қансырау, ойық жара, ісік, қиын жұтыну және т.б.
  
Тексеруге қалай дайындалу керек? Біріншіден, дәрігерге қандай дәрілерді қабылдайтыныңыз туралы және дәрілерге аллергияңыз болса, қандай дәрілерге бар екенін айту керек. Гастроскопия алдында 8-10 сағат бұрын тамақ ішпеуіңіз маңызды. Асқазандағы тамақ асқазанды тексеруге және дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіреді.

Гастроскопия кезінде нені күту керек? Жұтынған кездегі сезгіштікті төмендету үшін, Сіздің тамағыңызға жергілікті анестетик ерітіндіні себеді (лидокаиннің 10 % ерітіндісі). Тісіңіздің арасына ерінарты тістеу керек болады, ол арқылы эндоскоп енгізіледі. Сізден тамағыңызды бос ұстап, бір жұтым жасауыңызды өтінеді, сол уақытта дәрігер қарап отырып, құралды өңешіңізге енгізеді. Бұдан кейін құрал арқылы ептеп ауа жібереді, ол ішек-қарын жолдарының жоғарғы бөлімдер қуысын ашу үшін керек. Тексеру кезінде сіздің тыныс алуыңызға еш нәрсе бөгет болмауы керек, кейбір адамдардың тұншығудан қорқуы мұлдем негізсіз. Доктор асқазанның ішкі қабатын мұқият қарайды да, қажет болса, кейін тексеру үшін (биопися) шырышты қабықтан үзінді алады. Бұл процедура да ауырсынусыз өтеді.

Гастроскопия қалай асқынуы мүмкін? Жылдар бойы гастроскопияның қауіпсіз процедура екендігі және асқынулар өте сирек болатыны анықталды.

Гастроскопиядан кейін нені күту керек? Тексеруден кейін біраз уақыт бойы тамақтағы жайсыз сезім әдеттегі құбылыс болып табылады. Ол бір тәуліктен кейін, тіпті одан ертерек жітиді. 




Колоноскопия – эндоскопиялық тексеру түрі, мұнда қарау астында тоқ ішектің шырышты қабығының жағдайы тексеріледі. Тексеру иілгіш эндоскоптармен жасалады.

Колоноскопияға қалай дайындалу керек? Тоқ ішектің шырышты қабығын қарау үшін ол саңылауда ешқандай нәжіс массалары болмау керек. Тексерудің нәтижелілігі мен ақпараттылығы процедура алдында ішектің оған дайындығымен анықталады, сондықтан Сізге қарау алдындағы кеште медұжым айтатын кеңестерді орындауға терең назар аударыңыз. Тексеру күні ашығып жүру қажет емес.

Колоноскопия кезінде нені күту керек?

Тоқ ішекті эндоскопиялық тексеру техникалық тұрғыдан қарағанда күрделі процедураға жатады, сондықтан дәрігер мен медбикеге барынша көмектесуге тырысыңыз – олардың берген нұсқаулығын қатал ұстаныңыз. Тексеру кезінде сіздің жайсыз сезінуіңіз мүмкін, алайда дәрігер сол жағымсыз сезімді азайту үшін барлық шараны қолданады.  Көбінесе, нұсқаулықты нақты орындаған кезде жайсыздық азая түседі. 

  • Тексеру алдында Сізге бұлшықетіші ауырсынуды босататын дәрі егіледі.
  • Сіз белден төмен барлық киімді, онымен қоса іш киімді де шешуіңіз керек.
  • Кушеткаға сол жақ бүйіріңізбен жатасыз, аяғыңыз тізеде бүгіледі де, қарынға қарай жиналады.
  • Эндоскоп тік ішек жолынан тоқ ішек саңылауына енгізіледі де, ішек саңылауын ашу үшін ауа беріп отырып, ілгері жылжытылады. Тексеру кезінде дәрігердің айтуымен сізге шалқаңыздан немесе қайтадан сол жақ бүйіріңізге жатуыңызға көмектеседі.
  • Кейбір патологиялық жағдайларда диагнозды нақтылау үшін шырышты қабықтың өзгерген бөліктерін микроскопиялық тексеруден өткізу керек болады. Мұндай үзінділерді дәрігер арнайы шымшуырлармен алады – биопсия жасалады, бұл тексеру уақытын 1–2 минутқа созады.

 Колоноскопия кезінде не сезінесіз?

Ішектеріңіздің газдармен толыққанын сезінесіз, салдарында нәжіс шығару қажеттігі пайда болады. Тексеру аяқталған соң ішекке айдалған ауа эндоскоп каналы арқылы шығарылады. Орташа ауырсыну сезімі болады, өйткені ішекке ауа айдалғанда ішек созылады. Сонымен қатар, ішек бұрылыстарынан өткен кезде ішперденің толық иннервациялы қатпарларының керілуі пайда болады. Олардың арқасында ішектің жеке бұрылыстары құрсақ қуысының қабырғаларына жабысып тұрады. Бұл мезетте сіз ауырсынудың қысқаша күшеюін сезінесіз. 

Тексеруден кейін өзін өзі қалай ұстану керек?

Процедурадан кейін бірден тамақ, су іше беруге болады. Тексеруден кейінгі бірнеше сағат бойы етбетінен жату керек.

Трахеобронхоскопия 

(көбінесе қысқаша бронхоскопия атауы қолданылады) – кеңірдек пен ауатамыр (бронх) саңылауы мен шырышты қабығын – аталмыш трахебронхиалдық талды эндоскопиялық тексеру тәсілі. Диагностикалық тексеру иілгіш эндоскоптардың көмегімен орындалады, олар кеңірдек пен ауатамыр саңылауына енгізіледі. Бронхоскопияны жасау алдында көкірек қуысы мұшелерін рентгенологиялық зерттеуден өткізу керек.

Бронхоскопияға қалай дайындалу керек?

 Эндоскопиялық тексеру аш қарынға жасалады. 

Бронхоскопия кезінде нені күту керек?

Егер сізде қандай да бір дәрілерге немесе өнімдерге аллергия болса, тексеру алдында ол туралы дәрігерге айтуды ұмытпаңыз. Сіздің мұрын қуысыңыз бен аңқаңыздың шырышты қабығына дәріні сеуіп, жергілікті анестезия жасайды. Жергілікті анестезия эндоскопты мқрын арқылы өткізген кезде ауырсынуды азайтып, жөтелу рефлексін болдырмау үшін керек. Тексеру кезінде сізден орындыққа отыруыңызды өтінеді. Дәрігер эндоскопты тыныс алу жолдарына енгізеді де, трахебронхиалдық талдың екі жағындағы төмен жатқан бөліктерді мұқият қарайды. Аппарат әдетте мұрын арқылы, кейде дем алу жолдарына ауыз арқылы да енгізіледі. Кейбір патологиялық жағдайларда диагнозды анықтау үшін шырышты қабықтың өзгерген бөліктерін микроскоппен тексеру керек болады, мұндай үзінділерді дәрігер арнайы шымшуырмен алады, оған биопсия жасалады, осылайша тексеру уақыты 1-2 минутқа созылады. Процедура ауырсынусыз өтеді. 

Бронхоскопия кезінде нені сезінесіз? Жергілікті анестезиядан кейін жансыздану сезімі пайда болып, ептеп мұрын бітеледі, тіл, таңдай жансызданып, жұтқыншақта «түйір» тұрғандай болады, сондай-ақ сілекейді жұту қиындайды. Тексеру кезінде де, биопсияны орындау кезінде де, сіз ауырсыну сезінбейсіз. Эндоскоп диаметрі кеңірдек пен ауатамыр саңылауынан біршама кіші болғандықтан, тексеру кезінде тұншығу қаупі мүлдем болмайды.

Тексеруден кейін өзін өзі қалай ұстану керек?

Тіл мен жұтқыншақтың жансыздануы толықтай ыдырағаннан кейін ғана тамақ ішуге болады, себебі жансызданып тұрғанда тамақ не сұйықтық кеңірдекке өтуі мүмкін. Әдетте бұл 20-30 минутқа созылады. Егер биопсия жасалса, тамақ қабылдау уақытын дәрігер айтады. 




ЭРХПГ – эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография – өт жолдары мен ұйқы безінің күйін тексеру тәсілі, бұл аталған мүшелердегі патологияны анықтап, емдеу шараларын жасау үшін жасалады, мысалы: тастарды алу, тарылуларды кесу, стенттерді орнату. Басқа эндоскопиялық процедураларға қарағанда бұл тексеру түрі тек стационар науқастарға, арнайы бөлмеде рентгенологиялық бақылаумен ғана жасалады. Көрсетілімдер алдымен өткізілген УДС (УЗИ), ВЭГДС және қажет болса КТ шараларынан кейін хирургиялық бөлімнің мамандарымен біріге отырып анықталады. 

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA