ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Урологические исследования

Цистоскопия – қуық пен несеп жолын зерттеудің эндоскопиялық әдісі, яғни арнайы оптикалық жүйенің көмегімен аталған мүшелердің  шырышты қабығын зерттеумен түйінделеді.  

Цистоскопияға көрсетілімдер.

Гематурия (несеппен бірге қан шығу) кезінде цистоскопия қан шыққан жерін анықтау мақсатымен жүргізіледі.  Егер де шырышты тексеру кезінде қанның шығуы байқалмаса, онда бүйректе не несеп жолында болғандығын аңғаруға болады және тиісінше, зерттеудің басқа әдістерін орындауға болады.

Несеп жолының қуысында бөгде дененің болуы жағдайында цистоскопия диагностиканың «алтын стандарты» болып табылады.  Осы әдістің көмегімен бөгде заттың тек мөлшері мен  сипаттамасын ғана анықтап қоймай, пациентті емдеудің мәселелерін де шешуге болады. Мысалға, пішіні мен қырлары тегіс кішігірім бөгде заттарды цистоскоптың көмегімен табиғи жолмен алып тастауға болады. 

Мұндай мақсатпен цистоскопия – несеп қуығында тас түйіршіктердің болуына күдіктенген жағдайында да қолданылады. Бұл медицинада несеп-тас ауруы деп аталады. Бөгде дененің болуы сияқты, несеп-тас ауруы жағдайында да емдеу әдістерінің бірі цистоскопия болып табылады.

Қуық пен несеп жолының травмалық зақымдануы да цистоскопияны жүргізудің абсолюттік көрсетілімі болып табылады. Осы әдістің көмегімен қуық пен несеп жолының шырышты қабығының жарылу және жараланған жерінің мөлшері мен жағдайын анықтауға болады.

Тағы бір цистоскопияны жүргізудің абсолюттік көрсетілімі – қуық пен несеп жолының онкологиялық аурулары болып табылады. Дұрысын айтқанда, мұндай дертті процестердің диагностикасы үшін осы әдіс жасалды.

Цистоскопияны жүргізу кезіндегі дәрігердің әрекеттері 

Цистоскоптың түріне байланысты уролог дәрігері несеп жолының шырышты қабығын оптикалық құрал немесе монитордың көмегімен қарайды. Осы уақытта сол анатомиялық учаскенің барлық дертті процесінің қалыптасуын анықтау керек. Несеп жолы қуысында аппаратпен қимыл жасау науқастың жайсыз сезінуіне әкелетіндіктен, бұл әрекетті тезірек істегені жөн.

Емдеу шарасының ұзақтығы мен стационарда жату мерзімі

Цистоскопияның ұзақтығы көптеген медициналық әрекеттер сияқты ауруға, аппараттың түріне және маманның біліктілігіне байланысты болады. Мысалы, қуық пен несеп жолының қалыпты шырышты қабығын қарауға бес минуттан көп емес уақыт кетеді. Егер осы уақытқа емдеу шарасы дайындығына кеткен бес минутты қоссақ, бас аяғы он минуттай уақыт кетеді.

Емдеу шарасына дейінгі және кейінгі кездегі стационарда жату уақыты жасалған әрекеттермен анықталмайды, дәрігердің тағайындаған емдеу шараларымен байланысты ауруға қатысты болады. Егер диагностиканың қорытындысы бойынша ешқандай да дертті процесті жағдайлар анықталмаса, онда науқас сол күні үйіне шыға алады.

Байланысқан лазерлі түрде тасты уату (литотрипсия) – несеп-тас ауруы кезінде бүйрек, несепағар және несеп жолының тастарын операциясыз жою әдісі. Байланысқан лазерлі түрде тасты уату (литотрипсия)  тастарды уатудың жаңа заманауи эндоскопиялық әдісі болып табылады.

Емдеу шарасы қалай жүргізіледі?

Байланысқан литотрипсия жұлын-мидың үстінен немесе жалпы анестезиямен жүргізіледі. Несеп жолына арнайы эндоскоп (жіңішке) кіргізіліп және әрі қарай несепағар арқылы тастың орналасқан жеріне дейін жүргізіледі. Мұндай тасты уату емшарасы тікелей көзбен шолу арқылы бақыланып, бір емдеу шарасында тасты уатуға мүмкіндік береді.   Емдеу шарасының аяғында, несеп жолына арнайы сусіңгіш түтігі – стент орнатылады, яғни сондай-ақ, нәтижесінде операциясыз жолмен жойылады.  Стационарда болу мерзімі ауру ағысымен анықталады. Пациенттердің көбісі операциядан кейін үшінші тәулікте шығарылады. 

 Қуықалды безі ұлғаюының қос полярлық үрпі арқылы сылып тастау – бұл «алтын стандарт», қуықалды безі ұлғаюының белгілерін тез азайтатын ең тиімді хирургиялық операция.   

 Ашық операцияның алдындағы қос полярлық үрпі арқылы сылып тастаудың артықшылықтары:

- қуықалды безінің жұмсақ тіндерінде зақымның болмауы

- операция кезінде нақты бақыланатын қан кетуді тоқтату (гемостаз)

- операциядан кейінгі кезеңде науқастарды азырақ оңалту

- ауыр кездейсоқ қосылған аурулары бар тұлғаларды, сондай-ақ жедел түрде операциялық емдеу мүмкінідігі.

Қос полярлық үрпі арқылы сылып тастаудың көрсетілімдері:

1.   қуықалды безінің кез келген көлемі

2.   семіру

3.   ашық операцияға қарсы көрсетілім ретінде ауыр қосалық аурулар

4.   қуыққа, қуық асты безінің қабынуына, қабырғасына бұрын жасалған операциялар; емдеудің, термотерапияның, гипертермияның  лазерлі әдістерінен кейін

5.   қуық түбі безі ұлғаюының шынайы және жалған қайта өршуі 

6.   қуықалды безінің қатерсіз гиперплазиясының (ҚБҚГ) созылмалы қуық асты безінің қабынуы мен тасымен үйлесуі

7.   ҚБҚГ-ны ұзақ консервативті емдеу

Қарсы көрсетілімдері: несеп-жыныстық асқынған қабыну аурулары, пациентті урологиялық креслоға отырғыза алмауы (жамбас буынының қозғалмауы және т.б.). Соңғы жылдары үрпі арқылы сылып тастау көрсеткіштері артуда.

Операция қалай жүргізіледі?

 Үрпі арқылы сылып тастау кезінде хирург дәрігері несеп жолына оптикасы бар арнайы құралды (резектоскоп) кіргізіп, несеп жолында бойлай орналасқан және оны қысып тұрған қуықалды безінің барлық тіндерін жою үшін кішігірім кесетін құралдарды қолданады. Емдеу шарасынан кейін қуыққа 3-5 күнге резеңке түтік сүңгісін (катетер) салады. Әдетте үрпі арқылы сылып тастау несепағар бұзуылуының белгілерін жояды және ер адамдардың көбісі бұл емдеу шарасынан кейін несепағардың жақсаруын аңғаруда. Алайда бұл әдістің асқынулары бар.  

 Үрпі арқылы сылып тастаудың мүмкін асқынулары:  қан кету, қуық қабырғасы мен несеп жолының зақымдалуы, іріңді-қабынулық асқынулар.

Кейінгілері: несеп жолының құрылымы, несеп жолы мойынының склерозы, кертартпа  шәует шығару (эякуляция).

 

 

 

 




Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA