Көзді зерттеу
Көзді зерттеу.
Тонометрия (көзің ішкі қысымын өлшеу) – көздің ішкі қысымын өлшеудің диагностикалық әдісі. Бұл тест мүмкін глаукоманы (көру жүйкесін зақымдайтын және көрмеушілікке әкелетін көз ауруының түрі) анықтау мақсатымен жүргізіледі. Көру жүйкесінің зақымдалуы сұйықтықтың жиналуымен, яғни көзден лайықты түрде шығарылмаған жағдайда болады. Тонометрия әдісінің негізі сырттан қысым түскен кезде көз алмасының өзгеру деңгейін өлшеу.
Көздің тонометриясы келесілерде жүргізіледі:
- Көздің жоғарғы ішкі қысымын және глаукоманың даму тәуекелділігін анықтау үшін тұрақты тексеру шегінде.
- Глаукоманы емдеудің нәтижесін тексеру үшін.
Компьютерлік түйіспесіз тонометрия – көздің ішкі қысымын өлшеудің ең заманауи әдісі. Зерттеу мүлдем ауырсындырмайды, сондықтан, санаулы секунд ішінде отырған қалыпта көзге тиіспей жүргізіледі. Сіз бізден өте аласыз:
|
|
Компьютерлік рефрактокератометрия – көз рефракциясы мен қасаң қабақтың формасын зерттеудің әдісі. Пациенттің көзінің түбіне пациентке көрінбейтін инфрақызыл тестілі белгімен проекцияланады. Оның өзгеру деңгейі пациенттің көзінің рефракциясына байланысты. Арнайы компьютер бұл өзгерістерді бағалайды және қайта есептейді. Кератометрия – қисықтықтың радиусы мен қасаң қабақтың сыну қабілетін анықтау, жанаспалы линзаны таңдауға қажеттінің зерттеу және қасаң қабақ ауруларының диагностикасы. Кіріктірілген принтер нәтижесін шығарып береді. Компьютерлік рефрактометрия нәтижесі пациенттің көруінің өзгеруін алғашқы бағалауға және көзілдірік пен жанаспалы линзаны әрі қарай таңдауға жеткілікті. Көптеген жағдайларда, әсіресе, үлкен адамдарда көздің қарашығын ұлғайтудың қажеттілігі жоқ, өйткені авторефрактометрдің дағдылану шиеленісін басатын қызметі бар. Клиникада біз автоматты рефрактокератометр Accuref-K Shin-Nippon (Жапония) аппаратын қолданамыз, бұл қосымша құралдарды қолданусыз (мысалы, циплоплегин) рефракцияның нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Шеткі нүктелерде қасаң қабықтың қисықтығын автоматты түрде өлшейтін қызметі бар, бұл әсіресе жанаспалы линзаны таңдау кезінде маңызды. Офтальмоскопия – офтальмоскоптың көмегімен ішкі жақтан көздің алмасын қарауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Офтальмоскопияның әдісінің көмегімен көз торын және оның құрылымын: сары дақ маңайы, көз торының орталық бөлігі, көру жүйкесінің дискісі, көз торының тамырлары, сондай-ақ, тамырлы қабықшасын мұқият қарауға болады. Қажеттілікке байланысты әртүрлі құрылымды электрлік офтальмоскоптың көмегімен кішкентай немесе үлкен қарашыққа жүргізіледі. Периметрия (көру шегін зерттеу)Периметрия – сфералық бетіне көру проекциясымен көру шегін зерттеу әдісі. Көру шегі – қараудың фиксациясы мен бастың қозғалмаған кезінде көзді көретін кеңістіктің бөлігі. Егер де көзбен қандай да бір затты көріп алсақ, сол затты нақты ажыратқаннан басқа да әртүрлі кеңістікте орналасқан заттар адамның көру шегін түседі. Осыған байланысты, көзге шеткі көру тән, яғни, орталыққа қарағанда нақтырақ аз. Периметрияның көрсетілімдері: 1. Глаукома. 2. Көру жүйкесінің аурулары (неврит, травма, ишемия). 3. Көз торының дерті (дистрофия, кровоизлияния, лучевой ожог, отслойка, опухоль). 4. Гипертония ауруы. 5. Ми ісігі. 6. Бас сүйек-ми зақымы. 7. Ми қан айналымының бұзылуы. 8. Профилактикалық тексерулерде көздің көрушілігін бағалау. Периметрияны жүргізуге қарсы көрсетілімдері: 1. Пациенттің психикалық аурулары. 2. Алкогольды немесе наркотикалық мастану. Компьютерлік периметрияны жүргізген кезде де пациент сол сияқты нақты бір белгіге көз тігіп қарайды. Құралдың әртүрлі нүктелерінде ретсіз тәртіпте ауыспалы жылдамдықпен түрлі жарықтықтың объектілері шыға бастайды. Пациент осындай объектіні байқаған кезде, құралдың арнайы батырмасын басады. Құрал тексерудің нәтижесін береді, осының негізінде дәрігер нақты диагнозы қояжы. КОWA AP 5000 C автоматты компьютерлік периметрі (Жапония) статистикалық, кинетикалық, түсті периметриясын жүргізеді және көз торының сатылы сезімталдығын бағалайды. Көзді ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) - диагностиканың ақпараттың әдісі. Бұл әдіс қарапайымдылығымен, қауіпсіздігімен және жоғары ақпараттылығымен ерекшеленіп, кең таралған. Көздің УДЗ көздің құрылымын, көз торының жағдайын, көз жанарын және көздің бұлшық етін бағалауға мүмкіндік береді. Жиі түрде УДЗ-ді көздің түбінің жағдайын тексерген кезде, сонымен қатар, көз жанарын алмастырған кезде офтальмологиялық отадан кейін жүргізіледі. Осындай зерттеу тек көздің ауруын анықтап қана қоймай, жиі түрде оның өзгерісін қадағалап отырады. Жүргізуге көрсетілімдері: жақыннан және алыстан нашар көрушіліктің жоғары деңгейі; көз торының қабаттануы; суқараңғы (катаракта); глаукома; көз ісігі; көз бұлшық етінің дерті; көз жарақаты; көз алмасындағы бөгде дене; көз тамырларының аурулары; көру жүйкесінің аурулары; созылмалы аурулары (гипертония, бүйрек ауруы, қант диабеті). Көздің ашық жарақатынан басқа, қарсы көрсетілімдері жоқ. Бұл зерттеуге E-Z scan AB 5500 Sonomed (АҚШ) ультрадыбыстық аппараты қолданылады. Көздің көргіштігін анықтау – санмен белгіленген көздің бір біріне жақын орналасқан екі жалтыраған нүктесін айыра білу қабілетін анықтау. Көздің көргіштігі – объектінің құрылымын қарастыру қабілеті. Шынында, бұл зерттеу әдісі пациенттің көру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ, өкінішке орай, бұл әдіс 3-4 жасқа толмаған балаларға қолданылмайды. Көз дәрігеріне кез келген қаралу – көздің көргіштігін анықтаудың көрсетілімі. Бұл дауаның қарсы көрсетілімі. Көздің көргіштігі алыстан және жақыннан көрушілікпен анықталады. Көздің көргіштігін анықтау үшін арнайы кесте қолданылады. Алыстан көрушілікті анықтау үшін Сивцев (орыс әліппесі) пен Головин (Ландольт дөңгелегі) кестесі және балаларға – Орлова (суреттері бар) кестесі қолданылады. Осы кестелердің әр жолдарында көздің көргіштігі көрсетілген. Алғашқыда көздің көргіштігін түзетусіз, кейіннен көру қызметінің жете бағалауға мүмкіндік беретін түзетумен зерттейді. Егер пациент көзілдірік киген жағдайда, көз көргіштігі көзілдірікпен және көзілдіріксіз тексеріледі. Соңғы он жылдықта оптикалық технологияның дамуы салдарынан, көз дәрігерлерінің жұмысын жеңілдететін әлемде көптеген көмекші құралдар пайда болды. Солардың бірі – белгілердің проекторы. Біздің орталықта Shin-Nippon (Жапония) белгілердің проекторы қолданылады. Қашықтықтан басқару белгісінің проекторы көптеген функционалдық қызметтерге ие. |
Integre 532 нм ELEXX (Аустралия) лазерлі коагуляторында көз торының лазерлі коагуляциясы - қант диабеті, көз тамырлары аурулары, жоғары деңгейде алыстан көрушілік пен көз торының жергілікті қабаттануы кезінде көз торын емдеуге арналған. Бұл емдеу шарасы амбулаториялық түрде жергілікті анестезиямен жүргізіледі. Лазерлі коагуляция ауыртпалықсыз және пациенттен тек шыдамдылық талап етіледі, сондықтан лазерлі хирург көз торының ұлпасына коагулянттардың салынуын мұқият бақылайды.