Функциональная диагностика нервной системы
Электронейромиграфия (ЭНМГ) - жүйке тамырларының шеткі жүйесі қызметінің әдісі. Электр импульстарының көмегімен орны, оны жүргізудегі бұзушылықтың деңгейі.
ЭНМГ негізінде жүйке өзегі немесе жүйкелену бұлшықеттерімен тіркелетін әлеуеттегі келесі талдау параметрлерімен жүйкенің электрлік ынталандыруды қолдану жатады.
Диагнозды, емдеудің тактикасын, жүйке жүйесі ауруларының болжамы мен динамикасын анықтау үшін көрсетімдері емдеуші дәрігерлерімен анықталады. Ең жиі кездесетін көрсетімдер:
- Туннельдік синдром және жүйке аурулары
- Радикулопатия (остеохондроз және арқа аурулары кезінде);
- Әртүрлі генездің плексопатия және т.б.
- Қант диабеті;
- Бұлшықет әлсіздігі
- омыртқа аралық дискілердің бұлтиюы (протрузия).
Қарсы көрсетімдері: қарсы көрсетімдері жоқ
Дайындалуы: дене бетінің тазалығы. Арнайы дайындалуды талап етпейді.
ЭНМГ қатаң түрде алдын ала телефон арқылы жазылу бойынша жүргізіледі 8(7102)744357, себебі, емдеу шарасы 30 минуттан 60 минутқа дейін ұзақ уақытты алады.
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ.08.00-ден 17.00-ге дейін. 12.00-ден 13.00 –ге дейін түскі үзіліс.
Электроэнцефалография
Электроэнцефалография (ЭЭГ) электрофизиологиялық мониторда мида және жүйке талшықтарында болатын биоэлектрлік қозғалыстар мен өзгерістерді жазып алу, тіркеу әдіснамасы. Мұндай әдіснаманың қарсы көрсетімдері жоқ; қояншық ауруы (эпилепсия) және мидың кейбір басқа да ауруларын анықтайтны негізі болып табылады. Пациенттің бас терісіне арнайы электродтар жапсырылу арқылы электроэнцефалограф құралымен жүргізіледі.
Көрсетімдері: қояншық ауруы (эпилепсия), селкілдек тырыспаның ұстап қалуы, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, талу, бас айналуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, сөйлеудің дамуының бөгелісі, мидағы қан айналымының бұзылуы.
Дайындалуы. Бас миының электроэнцефалографиясының алдында сергітетін сусындар ішуге болмайды (кофе, шәй, энергетикалық сусындар). ЭЭГ кезінде шаш таза және құрғақ болуы тиіс және шаштың сән үлгісіне арналған заттарды жағуға болмайды. Емдеу шарасы қауіпсіз, ауырсындырмайды, қарсы көрсетімдері жоқ.
ЭЭГ алдын ала телефон арқылы жазылу арқылы жүргізіледі: 8(7102)744357.
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ.08.00-ден 17.00-ге дейін. 12.00-ден 13.00 –ге дейін түскі үзіліс.
Эхоэнцефалография
Эхоэнцефалография (ЭхоЭГ) — ультрадыбыстық эхография көмегімен бас миын зерттеудің инвазивті емес әдісі.
Эхоэнцефалография арнайы дайындықты талап етпейді. Жас аралығына шектеулер қойылмайды, зерттеу жүктілік кезінде және емізуші аналарға да жүргізіледі. Эхоэнцефалографияның ұзақтығы орта есеппен 15 минуттай. Пациентке зерттеуді жүргізу кезінде және оны жүргізгеннен кейін де жағымсыз сезіну болмайды.
Пациенттің басына аппаратқа қосылған тетіктер орнатылады. Эхоэнцефалография кезінде мидың орталық құрылымының жағдайы белгіленеді және осы арқылы ми сыңарының көлемді өзара байланысын бағалайды. Эхоэнцефалография пациенттің жатқан күйінде жүргізіледі. Нәтижесі бұрмаланбауы үшін қозғалмаған жөн.
ЭхоЭГ кезекте тұру арқылы жүргізіледі.
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағ.08.00-ден 17.00-ге дейін. 12.00-ден 13.00 –ге дейін түскі үзіліс.