Гинекологические исследования
Гистероскопия дегеніміз не?
Гистероскопия –қынап арқылы жатыр қуысына кіргізілетін кішігірім бейнекамераның көмегімен жүргізілетін тексеру. Бұл жатыр мен жатыр мойнының ішкі бетін қарауға және де қажетті жағдайда тіліксіз кейбір кішігірім операция (мысалы, түймешкті жою) жүргізуге мүмкіндік береді.
Гистероскопия не үшін қолданылады?
Дәрігер келесідей белгілердің себептерін анықтау үшін гистероскопияны тағайындауы мүмкін:
- Қынаптан тұрақсыз немесе көп қанның бөлінуі
- Бала көтерудің қиындығы (бедеулік), келесідей қажетті жағдайда жоюда емдеу мақсатымен:
- Босанғаннан кейін жатырда ұрықжолдастың қалдықтары;
- Жатыр қуысында жабысқан жерлер (жатыр ішілік синехия);
- Миома мен жатыр түймешігін жою үшін.
Гистероскопияны жүргізудің алдында сіздің дәрігеріңіз қынап қабырғасын қарауға және жатыр мойнының қынап бөлігін қарауға мүмкіндік беретін айнада жалпы гинекологиялық тексерілуден өтуді тағайындауы мүмкін.
Лапароскопия дегеніміз не?
Лапароскопия құрсақ қуысын тексеруге бағытталған қазіргі таңда кеңінен таралған заманауи диагностикалық емдеу шараларының бірі болып саналады. Лапароскопия — бұл зерттеудің операциялық әдісі. Ішастар қуысына бірнеше рет (жиі түрде – екеу) кішкентай мөлшерде тілік жүргізіледі, кейіннен ауа айдалынады. Бір тіліктен кейін лапароскоп құралы(объективі бір ұшында, көздігі екінші жағында болатын жіңішке түтікше; немесе лапароскоптың бір ұшы бейнекамерамен жалғанып кіргізіледі, яғни қимыл-әрекеттер кескіні экранда көрсетіледі), екінші тілікке манипулятор құралы кіргізіледі. Бұл дәрігерге ішкі мүшелерді жете қарауға көмектеседі.
Лапароскопия — құрсақ қуысының ішкі мүшелерін және оның мүмкін болатын өзгерістерін дәрігер көзбен тексеретін әдіс. Бұл емдеу шарасындағы ауа маманға көру шегін үлкейтуге көмектеседі. Жоғарыда айтылып кеткендей, лапароскопияның барлық емдеу шаралары нақты диагнозды анықтау үшін қолданылады.
Лапароскопияның көрсетілімдері
Гинекологиялық тәжірибеде лапароскопияны жүргізудің негізгі көрсеткіштерінің бірі – бедеулік. Бұл әдістеме жүктілікке әсер ететін физиологиялық бұзылулардың болуын тез және тәжірибелі түрде ауыртпалықсыз анықтауға және оны өзімен-өзі жоя алады. Мысалы, әйелдердің үштен бір бөлігінде кездесетін бедеулікте болатын жатыр түтігінің түйілуіне мамандар лапароскоптың көмегімен бір уақытта анықтап, жоюға кеңес береді.Осыдан басқа, біздің медициналық орталықта лапароскопияны асқынған гинекологиялық және хирургиялық ауруларға (мәселен, жатырдан тыс жүктілік, жылауықтың бұралуы, аналық бездің апоплексиясы, немесе диагностикалық мақсаттағы асқынған ауру синдромы) негізделген күдік пайда болған жағдайда ұсынады. Айталық, жатырдан тыс жүктілік кезінде лапароскопияның көмегімен жатыр түтігін сақтап қалуға мүмкіндік бар, демек, әйелдерде бала көтеруге және босануға қабілеттілігі сақталады.
Сонымен қатар, лапароскопия аналық бездің жылауығы, жатыр миомасы, эндометриоз және де ішкі жыныс мүшелерінің басқа қабынба аурулары кезінде кеңінен қолданылады. Екіншілік етеккір келуінің бұзылуының (дисменорея) қиын формалары кезінде де қолданылады. Соңғы жағдайда операция тек диагностика үшін ғана емес, ауруды тікелей емдеу үшін де жасалады. Осыған байланысты, екіншілік етеккір келуінің бұзылуымен (дисменорея) ауыратын әйелдердің шамамен 80%-ы – лапароскопияның көмегімен жағдайларының жақсарғандығын білдіруде.
Лапароскопияны орындаудың техникасы
Мәні бойынша лапароскопия хирургиялық операция болып саналады. Басқа да хирургиялық қатысулар секілді емдеу шарасының алдында пациентті мұқиятты түрде дайындау қажет. Операция алдындағы дайындығы төмендегілерді қамтиды:
- Жалпы клиникалық қан талдауы (нәтижесі тек екі апта ішінде ғана жарамды)
- Жалпы несеп талдауы
- Дәрігердің көрсетілімі бойынша рентген немесе флюорография
- Электрокардиограмма
- Ішкі жыныс мүшелерінің УДС
- Лапароскопияны жүргізуге қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайдағы терапевт дәрігерінің қорытындысы
8 сағат бойы емдеу шарасының алдында тамақ ішуден тежеу. Терапевт дәрігерінің қорытындысына ерекше назар аударған жөн, себебі, лапароскопияның қауіпсіздігі мен зиянсыздығына қарамастан, кез келген емдеу әдісінің жеке қарсы көрсетілімдері болады.
Дәрігерлер лапароскопияны жүргізгеннен кейін ауруханада кем дегенде тәулік бойы қалуды ұсынады. Бұл әйелдердің жағдайы мен жазылу процессін бақылау үшін қажет.
Лапароскопияның қарсы көрсетілімдері
- Лапароскопияның басым қарсы көрсетіліміне пациенттің жантәсілім жағдайы (өлімалды, клиникалық өлім, кома), жүрек-өкпе қызметінің бұзылуы, сепсис немесе іріңді қабыну. Қатысты қарсы көрсетілімдері (түптеп келгенде, операция жүргізуге болады, бірақ белгілі тәуекелдері бар):
- Семіздіктің соңғы деңгейі
- Қан ұюының бұзылуы
- Жүктіліктің соңғы мерзімдері
- Жалпы жұқпалы аурулар
- Жақында жасалған ашық қуыстық операция
Қазіргі гинекологияда лапароскопия – ауруларды емдеу мен диагностикасының ең басты әдісі болып саналады. Тиімді жағының қатарына операциядан кейінгі тігістердің және операциядан кейінгі аурулардың болмауы, яғни бұл кішкентай өлшемдегі тіліктің болуына себепші. Сонымен қатар, пациентте қатаң түрде төсек тартып жату қажеттілігі әдетте туындамайды, ал қалыпты хал-жайы мен жұмыс қабілеттілігі тез арада қалпына келеді. Осыған байланысты, лапароскопиядан кейінгі госпитализациялау мерзімі 2-3 күннен аспайды.
Аталмыш операцияда мүлдем азғантай қан кету байқалады, ағза тіндерінің зақымдалуы аз. Мұндайда тіндер хирург дәрігерінің қолғабымен, дәке майлығымен және басқа да құралдармен байланыспайды. Нәтижесінде жабысу процессінен пайда болған әртүрлі асқынулар азаяды. Бұдан басқа, лапароскопияның сөзсіз артықшылығы – нақты аурудың бір уақытылы диагностикасы мен оны жою. Осыған байланысты, жоғарыда айтылып кеткендей, жатыр, жатыр түтіктері, аналық без хирургиялық қатысуларға қарамастан, өзінің қалыпты жағдайында қалып, операцияға дейінгі кезеңдегідей қызметін жасайды.
Лапароскопияның кемшіліктері – сөзсіз кез келген хирургиялық операцияларда қолданылатын жалпы наркоз болып табылады. Наркоздың ағзаға әсері әртүрлі, қарсы көрсетілімдері операцияға дейінгі дайындық процессінде анықталады. Нәтижесінде, маман жалпы наркоздың пациентке қаншалықты қауіпсіз екендігін анықтайды. Лапароскопияға басқа да қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, операция жергілікті наркозбен де жүргізілуі мүмкін.
Лапароскопиядан кейінгі тәртіп
Дәстүрлі операциялармен салыстырғанда, лапароскопияда төсек тартып жату бір тәуліктен аспайды. Стационарда емделу пациенттің қалауымен 2-3 күнге жатқызылуы мүмкін, алайда, медициналық көрсеткіштер бойынша мұндай талап сирек кездеседі. Әйедер жараның жазылуы кезінде іс жүзінде түрлі ауырсынған сезімдерді сезбейді, сондықтан, ауырсынуды басатын препараттарды, әсіресе, наркортикалық анальгетикті қолданудың қажеттілігі жоқ.
Көптеген пациенттерді алаңдататын мәселе – лапароскопиядан кейін жүктіліктен сақтану. Контрацепция құралдарын маманның кеңесінің негізінде таңдау қажет. Сонымен қатар, кейбір әйелдер мүлдем негізсіз түрде бала көтеру үшін операциядан кейін қандай да бір уақыт қажет деп ойлайды. Дәрігерлер бұл пікірді жоққа шығарады, яғни, лапароскопия әйелдердің жүкті болуы үшін жүргізіледі. Жалпы айтқанда, лапароскопиядан кейін мүлтіксіз қадағалайтындай қандай да бір арнайы тәртіп жоқ. Жалғыз ғана қажеттілік бұл – денсаулықты күту және үнемі білікті гинекологтан тексерілу.
Кольпоскопия
Бұл қынап, жатыр мойыны және сарпайды гинеклогиялық тексерудің емдеу шарасы. Аталмыш емдеу шарасы арнайы құрылғы – кольпоскоптың көмегімен жүргізіледі. Кольпоскопия үшін басты көрсеткіштер – пап-тестісінің (цитологияға жағындысы мен Папаниколау тестісі бірдей) нәтижесінің мөлшерінен ауытқуы. Егер де кольпоскопия кезінде өзгеше, күмәнді пайда болулар туындаса, дәрігер тез арада биопсия жүргізуі мүмкін, яғни, әрі қарай толығымен зертханалық талдау үшін кішігірім ауытқыған жасушаларды алады. Көптеген әйелдер кольпоскопияның алдында үрейленіп, оны жүргізуге қорқады. Бұл көбінесе емдеу шараның негізгі мәнін түсінуде жеткіліксіз түрде хабардар болуымен түсіндіріледі, яғни, жатыр мойнының кольпоскопиясы дегеніміз не, оның қажеттілігі мен жасалуы туралы. Сонымен қатар, кольпоскопияның ауыртатыны жайлы жалған ақпарат та бар, алайда, негізінде тіпті, жатыр мойнының биопсиясы ауыртпалықсыз саналады, кейде ғана қысым,әлсіз булыққан ауру сезіледі. Дегенмен, кей жағдайларда, екі емдеу шарасы да таптырмайтын болып табылады.
Кольпоскопияны не үшін жасайды?
Аталмыш зерттеу келесідей көптеген әйелдердің ауруларының диагностикасында қолданылады:
- Генитальды сүйел;
- Жатыр мойнының жалақ жарасы;
- Жатыр мойнының қабынуы (цервицит);
- Жатыр мойнының қабынуы;
- Обыралдылық жатыр мойны тіндерінің ауытқушылығы;
- Жатыр мойнының ісігі;
- Обыралдылық сарпайдың өзгеруі;
- Сарпай ісігі;
- Қынап тіндерінің обыралдылық ауытқушылығы;
- Қынап ісігі; - және т.б.
Қынап пен жатыр мойнының шырышты қабығын талдау және бағалау қажеттілігінің болуы, ауруларының диагностикасын жүргізу, диагнозын нақтылау. Емдеу шарасының басты мақсаты – жалпы нормадан ауытқыған, күмәнді тіндерді табу, ең бастысы қатерсіз ісікті кеселді ісіктен айыра білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кольпоскопияның көрсетілімі – жүргізіліп жатқан емдеудің тиімділігін бақылау.
Кольпоскопияның қарсы көрсетілімдері
Зерттеудің қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі есепке ала отырып, кольпоскопияның қарсы көрсетілімдері жоқ. Тек жалғыз ғана уақытша шектеу – етеккірдің келуі, яғни, колькоскоппен тексеру етеккір мерзімінде жүргізілмейді. Тіпті, қарсы көрсетілімге жүктілік те жатпайды.
Жүктілік кезіндегі кольпоскопия
Кольпоскопия жүкті әйелдер үшін – қауіпсіз емдеу шарасы болып табылады, алайда, дәрігерге жүкті екендігіңізді емдеу шарасын орындамас бұрын хабардар ету керек. Бірақ, емдеу қажеттілігі кезінде баланы туғанша шейін (өскіндер әйелдің денсаулығына зиян тигізіп, тез арада дәрігерлердің қатысуын талап еткен жағдайлардан басқа) тиісті шаралар тоқтатылуы мүмкін. Кольпоскопия жүктілік кезінде нәрестенің денсаулығына, босануға, бала көтеруге қауіп төндірмейді. Жүктілік кезіндегі қауіпті емдеу шараларының тобына кіргізетіндей себептері жоқ. Жүкті әйелге тіпті биопсияның өзі қауіпсіз. Колькоскопиядан кейін емдеу әдетте, қан кету тәуекелінен босануға дейін, әсіресе, жүктілік уақыты он аптадан асқан кезде кейінге қалдырылады. Жүктілік кезінде колькоскопия жатыр мойыны ісігінің даму тәуекелділігін жояды. Жүктілік жатырдың шырышты мойнын өзгертуі мүмкін(цервикальды дисплазия болуы мүмкін, яғни, цервикаль жолында шырыш санының көбеюі зерттеуді қиындатуы мүмкін) сондықтан колькоскопияның емдеу шарасын білікті гинеколог жүргізуі тиіс. Көптеген жағдайларда колькоскопиядан кейінгі кездегі және жүктілік кезінде биопсияны жүргізуге болмайды. Егер де колькоскопия болуы ықтимал қауіпті туындыларды немесе цервикальды дисплазияның үшінші деңгейін анықтаса, онда жүктіліктің тәуекелділігіне қарамастан биопсияны жүргізу керек. Зерттеу үшін жатыр мойны түтігінен тіндердің үлгілерін алу – ұрықтың зақымдану мүмкіндігінен қарсы көрсетіледі.
Жатыр мойнының биопсиясы – жүйке соңының болмауымен ауыртқызбаушылық емдеу шарасы, бірақ, іштің төменгі жағы батып ауыруы мүмкін. Қынап және сарпайдың төменгі бөлігінің биопсиясы ауыртпалықсыз өтуі мүмкін, сондықтан, алдымен зерттеліп отырған тінге жергілікті ауыртқызбаушылық қолданылады. Кейбір жағдайларда талданатын тін үлгісін алған нан кейін қан кетуді азайту үшін арнайы қан тоқтатушы құрал қолданылады. Сонымен қатар, осындай талдаудан қандауыр пышақпен қырнау, сым радиотолқынды ілмекпен ұлпаны кесіп алып тастау болуы мүмкін. Жатыр мойыны биопсиясының нәтижесін алу үшін 10-14 күн күту керек. Талдаудың нақтылығы өте жоғары, әсіресе, 98,6 %. Биопсиядан кейінгі 4-6 аптадан кейін гинеколог дәрігерінің кеңесінің қабылдауына бару керек.
Кейбір әйелдерде биопсиядан кейін өзгеше күңгірт түсті бөлінулер бөлінеді, алайда мұндайжағдайда үрейленбеу керек. Емдеу шарасынан кейінгі бір апта ішінде жыныстық қатынасқа түспеген жөн және тығынды қолданбай, бүркіп жуудан аулақ болу керек.