ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Физиотерапиялық бөлімшесінің жұмысы


Физиотерапиялық бөлімшесінің жұмысы.

Емдік физикалық факторларға емдеудің көптеген түрлері тиесілі. Біздің бөлімшеде физиотерапиялық емдеудің 20-дан аса түрлері қолданылады:

1.     Тоқпен емдеу. Тоқтың 100 түрін беретін бірнеше аппараттар жұмыс істейді. Бөлімшеде негізінде электрофорез, Бернар тоғы, СМТ, ЧЭНС, ДЭНС, тұрақты және импульсті тәртіпте  интерференционды тоғы жұмыс істейді. Ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, түйілуді басатын, трофикалық реттеуші, антиаллергиялық әсерге ие. Алғашқы екі әсерлер басты болып саналады. Осы тоқтардың әрқайсысы    айрықша әсерге ие. Мысалы,  ЧЭНС әлсіреген бұлшық етті ынталандыруға жиі қолданылады, ДЭНС ауырсынуды тез басуға, электрофорез қосымша дәрілік заттарды енгізуге жиі қолданылады және т.б.

2.     Жылумен емдеу, турмалинді матрас, «Теплон» және «Фея» аппараттарынан жергілікті жылу. Жылу есебінен тамырлар кеңейеді, қоректік заттармен қанның құйылуы, өнімнің ыдырауының қайтуы, қабынуға қарсы, ісікке қарсы, ауырсынуды басатын әсерлер байқалады. Турмалинді матрас ағзадағы шығындалған жылуды толықтырады, ағзадағы био теңгерімді қалпына келтіреді, зат алмасуды жақсартады, ауырсынуды басады.

3.     Сумен емдеу:  ванна, сумен уқалау, су асты себезгімен уқалау, булы сауна. Көптеген дертті ауруларды емдеуде қолданылатын скипидар ваннасы.Бұл қан айналымын жақсарту арқылы қылтамырды кеңейтеді1.     Магнитті терапия  - созылмалы, ҚТА ауруларына; сыныққа; остеомиелит, тамырлы бұзушылықтарға жақсы көмектеседі. Микроайналым арнасын қалпына келтіреді, ауырсынуды басады, зат айналымын жақсартады.   

4.     Сәулемен емдеу көптеген түр өзгешелігімен сипатталады: УФО, лазерлі терапия, КВТ, фотарий. Негізінде бұл ЛОР аурулары, хирургиялық, травматологиялық, тері аурулары кезіндегі желе көмек әдістері болып табылады, сондықтан бактерицидті, қабынуға қарсы, жараның жазылу қасиеттеріне ие.   

5.    Небулайзерлі ингаляция. Бұл дәрілік заттарды тікелей тыныс алу жолдарына енгізу және тез уақыт ішінде емдік әсеріне жету. Өкпе қабынуы, бронх қабынуы, ОРЗ кезінде тағайындалады. Бронходилятор, муколитикті заттар, гормондар мен антибиотиктер енгізіледі

6.  Ультрадыбыстық терапия  – бактерицидті, қайтушы, сорушы, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын әрекеттерге ие. Көз, гинекологиялық, буын ауруларына жақсы көмектеседі, бронх демікпесі кезінде бронхтардың жиырылуын алып тастайды және тыныс алу жолдарынан көпжылдық жиналуларды шығарады.    

7.    Түрлі уқалаулар: классикалық, нүктелік, сегменттік-рефлекстік, аппаратты дірілді уқалау, лимфодренаж. Кімде проблемасы бар (көрсетілген жеріндегі ісік, сүйел, мең), оларға табанға нүктелік уқалау (индиялық) жасалады.  

8.     Ауыз арқылы қолданатын оттекпен емдеу (оттегі коктейлльдері)

9.     Емдік гимнастика, жаттығу құрылғысында дайындалу

10.     Фитотерапия (түрлі шайлармен емдеу).

 

Физиотерапияны тағайындау кезінде артықшылық төмен жиілікті ықпалдың курстық әсеріне беріледі. Біртіндеп әсерлер жинақталып қана қоймай, қорғаныш ізі қалдырылып, емдік әсердің сақталуын қамтамасыз етеді.  

 

 

   

Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA