Исследования ЛОР органов
Мұрын шырышты қабығының анемизациясы
Бұл не?
Анемизация, немесе мұрын қуысының шырышты қабығында қан аздық күйді жасанды пайда болдыру – бұл қажетті анатомиялық тұсқа тамыр тарылтқыш дәрілерді енгізу процедурасы, оның нәтижесінде қан тамырлары жергілікті жиырылады.
Өткізу тәсілі
Бұл лор процедура лор комбайнда да, тамыр тарылтқыш дәрілік препаратқа малынған мақта зондтармен де орындалады.
Лор науқастан қолданылатын дәрілік препараттан аллергия қаупі туралы анықтап сұрау қажет, егер аллергия қаупі болуы мүмкін болса, онда аллергия туғызбайтын басқа препарат қолдануды ұсыну керек.
Бұл не үшін өткізіледі?
Процедура шырышты қабық қабынған кезде ондағы ісікті қайтаруға көмектеседі. Мұның себебі, қаны аз тамырлардан ұлпадағы сұйықтық қаны толық тамырларға қарағанда азырақ бөлінеді, бұл ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы реакциясы болып табылады (қан көп болған сайын микробтарды жеңе алатын жасушалар ортаға түседі).
Мұрынның шырышты қабығының анемизациясы аэрозольді себу, майлау немесе жергілікті тамыр тарылтқыш дәріні бастыру тәсілдерімен жасалады.
Көбінесе бұл мақсатта Адреналин ерітіндісін (0,1 %) және Эфедрин (3,0%) ерітіндісін қолданады. Әсер ету уақыты әдетте 1—2 минут, бұл дұрыс терапевтикалық нәтижеге жету үшін керек.
Егер аталмыш жоғары анемизацияға қол жеткізу керек болса, немесе қарапайым тілмен айтқанда, мұрынның терең бөліктерін қансыздандыру қажет болса, онда оған зондтың (түтікше) көмегімен дәрілік препаратқа малынған білте енгізеді.
Тимпанопункция
Бұл не?
Тимпанопункция – дабыл қуысында жиналып қалған сұйықтықты алу бойынша емдік немесе диагностикалық ота.
Өткізу тәсілі
Ота жергілікті анестезиямен өткізіледі. Отоларинголог пункция орнын дайындап, сол тұсты теседі. Дабыл қуысынан сұйықтықты шығару үшін сорғыш пайдаланылады. Егер сұйықтық қою болса, шығарылуды жақсарту үшін жол кеңейтіледі. Пункция инесінің көмегімен сұйықтықты зерттеу үшін алуға болады, әрі дәрілік препарат енгізуге болады. Тимпанопункция материалының негізіндегі бактериограмма ең сенімді болып табылады.
Көрсетілімдер: отит кезінде бактерияларға қарсы терапияның нәтиже бермеуі. Отиттен кейінгі іріңді асқыну. Ауыруды сезіну. Балалардағы ауру тудырғышын анықтау қажеттілігі. Отадан кейінгі кезеңде кондуктивті саңыраулықтың дамуы.
Процедураға қалай дайындалу керек?
Бұл іс‑шара қандай да бір арнайы дайындықты қажет етпейді, дабыл жарғағын алдымен жансыздандырған соң құлақты қарау кезінде бірнеше секундта, ЛОР дәрігер өткізеді. Тескеннен кейін сыртқы есту жолына стерильді тампон салады, оны бөлінген сұйықтықты сіңіру үрдісінде айырбастап отырады.
Вакуумды дренаж
Бұл не?
Мұрын жанындағы қуыстардың вакуумды дренажы немесе Зондерман және Проетц әдісі бойынша сұйықтықты ауыстыру арқылы мұрынды жуу, немесе мұрын қуысының, мұрын жанындағы қойнаулардың, жұтқыншақтың вакуум‑дренажы, немесе «кукушка» ‑ бұл мұрын қуысын, жұтқыншақ және мұрын жанындағы қойнауларды дәрілік ерітіндімен тазалау және сол уақытта мұрын ішілік құрылымдарды шырыш пен іріңнен тазалау, бактериалы микрофлораны жою, секреттің бөлінуін азайту үшін шырышты қабықты «кептіру». Вакуумды дренаж барлық риниттердің, сонымен қатар синуситті қойнауларды теспей емдеудің аса тиімді әдісі болып табылады.
Өткізу тәсілі.
Медициналық мекеме шарттарында шаралар өткізіледі. Процедура ұзақтығы әдетте 10-15 минуттан аспайды. Науқастың хал‑жағдайы бірінші процедурадан‑ақ жақсарады. Емдеу курсы бес‑жеті процедура өткізуге есептелген. Вакуумды дренаж техникасын келесідей ретпен тәжірибелі дәрігер өткізеді: науқас шалқасынан он бес минут бойы жата алатындай өзіне ыңғайлы қалыппен кушеткаға жатқызылады, басты артқа шалқайту керек, бірақ 45 градустан төмен емес, процедура бойы түзу жатып, басты бұрмай, қозғалмай жатып, біркелкі, ритммен дем алып, сабыр сақтап, абыржымай жату керек. Процедура өткізіліп жатқанда, адам үнемі «ку-ку-ку-ку» деген дыбыс шығаруы керек, бұл сұйықтық тыныс алу жолдарына өтіп кетпеуі үшін қажет, бір танауға жылы антисептикалық, бактерияларға қарсы немесе тамыр тарылтқыш дәрілік ерітінді құйылады, ал екінші танаудан сол уақытта сұйықтық арнайы вакуумды электросорғышпен сорылады. Процедура аяқталған соң жылдың жылы мезгілінде жарты сағат бойы, суық мезгілінде екі сағат бойы далаға шығуға болмайды, курс бойы жалпы тоңазуға болмайды.
Бұл не үшін өткізіледі?
Көрсетілімдер: жеңіл түрдегі синуситтер, кез келген түрлі тұмау, аллергия сипатты ринит, кеңсіріктің ісуі, мұрын жолдарының жұқпалы аурулары, тонзиллит, аденоидтар. Қарсы көрсетілімдер: мұрыннан жиі қан кету, эпилепсия, психикалық аурулар, бес жасқа дейінгі жас (мұрын құрылымының ерекшелігіне байланысты).
Процедураға қалай дайындалу керек?
Мұрын жанындағы қойнаулардың вакуумды дренажына дайындалу үшін тура процедура алдында: мұрынды шырыштан тазалау (сіңбіру), мұрын жолдарының екеуіне де тамыр тарылтқыш тамшылар тамызу.
Қауіп және асқыну
Асқыну: мұрыннан қан кетуі мүмкін, құралдармен мұрынның шырышты қабығын кездейсоқ жаралау, аздап бас ауруы, құлақтың бітелуі, процедурадан кейінгі бір сағат бойы түшкіру, мұрын ішінің ашуы, көздің қызаруы, лоқсу және құсу, мұрын жанындағы қойнаудағы қабыну үрдісінің ауырлауы, евстахеит (евстахеит түтігінің қабынуы), отит (құлақтың қабынуы).
ЛОР‑мүшелердің биопсиясы
Бұл қандай жағдайда қажет?
Биопсия жұтқыншақтағы, көмейдегі және ортаңғы құлақтағы қатерлі үрдістер күдігі болған кезде қажет. Сонымен қатар кейбір ЛОР‑мүшелердің бірқатар ауру түрлерін диагностикалау үшін (полипозды риносинусит, папилломалар, аденоидалар және т.б.).
Өткізу тәсілі
Процедура жергілікті анестезиямен арнайы құралмен, кейде эндоскопты қолдану арқылы өткізіледі.
Қалай дайындалу керек?
Біздің аурухананың маманы процедураға дайындалуға көмектеседі, қарсы көрсетілімдерді тексереді де, одан кейінгі көрсетілімдерді айтады.
Пневмоуқалау
Бұл не?
Пневмоуқалау – дабыл жарғағының қозғалуын және есту сүйектерінің тізбегін қалпына келтіру үшін оториноларингологияда қолданылатын ауамен уқалау. Пневмоуқалауды дабыл қуысының құрғақ катары кезінде, оның шұғыл қабынуының салдарында (жабысу үрдісі), есту (евстахия) түтігінің катарында қолданады. Пневмоуқалау үшін Зигле құйғышын және Политцер баллонын қолдануға болады. Пневмоуқалауды құралдарсыз құлақ төмпешігін саусақпен басып отырып жасауға да болады. Қолдың қоспасы сол кезде 1 минутта 150— 200 сілку қозғалыстарын жасайды. Пневмоуқалау (грек тілінен: pneuma – ауа + уқалау) – дабыл жарғағының қозғалысын қалпына келтіру үшін оториноларингологияда қолданылатын ауалы уқалау.
Бұл не үшін жасалады?
Пневмоуқалау орташа отиттен кейінгі жабысулардың алдын алу үшін, катарлы отиттерің созылмалы түрлерін, сонымен қатар созылмалы адгезиялық отиттерді емдеу кезінде қолданылады. Соңғысы уақытында дабыл жарғағы мен дабыл қуысының ішкі қабырғасының бірігуі жиі кездеседі. Уақтылы орындалған пневмоуқалау дабыл қуысының жабысуы мен тыртықтарын жазып, қайтуына көмектеседі, есту сүйектері тізбегінің қозғалысын жақсартады. Пневмоуқалау сондай‑ақ есту қабілетін арттыратын оталардан кейін де кеңінен қолданылады.
Өткізу тәсілі
Бас бармақпен тұтқаны басу арқылы аппарат насосындағы ауаны сейілтіп, айдайды. Тартпалы белдігі бар дөңгелекті қолмен немесе электромотормен айналдыратын аппаратпен де осы нәтижеге қол жеткізеді. Ішіндегі ауа сейіліп, поршеньмен қойылтылатын цилиндр, ұшында оливасы бар резеңке түтікше арқылы есту жолымен жалғасады. Уқалау 1—5 минут бойы жасалады. Пневмоуқалау үшін сондай‑ақ Зигле құйғышы мен Политцер баллонын қолдануға болады.
Пневмоуқалауды ең қарапайым түрде саусақтың көмегімен жасауға болады. Ол үшін саусақты есту жолына енгізіп, 1 минутта 150-200 рет сілку керек.
Құлақ бұлығын тазалау.
Құлақ бұлығының негізгі функциясы – есту қуысын қорғау. Құлақ бұлығы шаң немесе басқа да майда бөлшектердің дабыл жарғағына түсуіне кедергі келтіреді. Алайда, өзінің қорғау функцияларына қарамастан, артық бұлықты уақтылы тазалап отыру керек – өйткені олар бұлық кептелуді пайда болдырады. Бұлық кептелу есту қабілетіне нашар әсерін тигізеді, кейде бас ауруларын да тудырады.
Өткізу тәсілі
Құлақ бұлығын тазалауда жуу қағидасы негіз болады, мұнда артқы қабырға арқылы есту жолына су ағынын құяды. Нәтижесінде құлақ бұлығы сумен бірге құлақтан шығады. Кейде бұл процедура құлақ бұлығына тазалау үшін көмектесе алмайды. Сондықтан бұлықты тазалаудың тағы бір түрі 37 градусқа дейін қыздырылған натрий гидрокарбонатының тамшыларын құлақ бұлығының мөлшеріне байланысты 2-3 сағат бойы тамызу әдісі қолданылады. Одан кейін құлақ қуысын сумен тазалау процедурасы қайталанады. Құлақ бұлығының алдын алу үшін сулы мақталы тығын, жылытқы немесе еріткіштер негізінде жасалған арнайы тамшыларды қолданады. Мақта тығынмен тек сыртқы құлақты ғана тазалайды. Сондай‑ақ ол өте сулы болмауы керек – артық ылғал құлақты ауыртып, тітіркендіруі мүмкін.
!!!Есте сақтаңыз:құрғақ бұлықты кептелуді механикалық түрде тартуға, шұқуға, тырналауға болмайды! өйткені ол құлақ жарғағының қабырғаларына және кейде дабыл жарғағына қатты жабысады, механикалық тартып шұқығанда дабыл жарғағын зықымдап алу қаупі бар! Әсіресе балаларда бұлық кептелуі пайда болса, оған ерекше назар аударыңыз. Бұлықты кептелуді арнайы қысқышпен тек отоларинголог (ЛОР) ғана тазалай алады.
Көмей ішіне құю
Бұл не?
Көмей ішіне құю – созылмалы ларингиттерді емдеудің физиотерапевтикалық тиімді тәсілі.
Ол не үшін жасалады?
Оны көмейдің шырышты қабығына қабынуға қарсы, иммунитетті арттыруға, вирусқа қарсы, ісікке қарсы және гипоаллергиялық әсер келтіру үшін жасайды.
Процедура көмей ішілі құюға арналған арнайы шприцтің көмегімен жасалады. Құятын ерітіндіні, сондай‑ақ қажетті процедуралар санын емдеуші дәрігер анықтайды. Құю амбулаторияда жасалады, ол мүлде ауырмайды және процедурадан кейін бірден әдеттегі тұрмыс қалпына келуге болады.
Біздің медициналық орталықта сіз ларингитті емдеу мәселесі бойынша жеткілікті кеңес ала аласыз, емдеуші дәрігер сізге қажетті процедураларды тағайындайды.
Тимпанометрия
Бұл не?
Тимпанометрия ‑ бұл ортаңғы құлақ функцияларын медициналық қарау түрі, оның көмегімен есту сүйектерінің өткізуін және дабыл жарғағының қозғалыс дәрежесін анықтауға болады. Алынған нәтижелерді есту қабілетін тексеру кезінде алынған аудиограммамен бірге қарастырады.
Бұл не үшін жасалады:
Бұл тексеру түрі есту қабілетінің нашарлауының бірнеше түрін (жарақат, өткізудің нашарлауы) және т.б. ауруларды (ісіктер) анықтауға, нақты диагноз қоюға және сәйкес ем тағайындауға көмектеседі.
Өткізу тәсілі
Тексеру уақытында науқас құлағына зонд енгізіледі, бұл аздаған жайсыздық тудыруы мүмкін. Көрсеткіштерді тексеру кезінде дыбыс өте қатты болып естілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, өйткені бұл тәсіл дабыл жарғағының қысым өзгерісіне реакциясын тексеруге бағытталған. Алайда процедура толықтай қауіпсіз болып табылады.
Біздің медициналық орталықта ортаңғы құлақ функциясын заманауи құрылғымен тәжірибелі ұжым өткізеді.
Дабыл жарғағын уқалау
Бұл не үшін жасалады?
Дабыл жарғағын уқалау процедурасы орталық құлақ қуысындағы іркілу құбылыстарын жою үшін алдын алу шарасы ретінде қолданылады. Емдік мақсатта бұл процедура қабыну кезінде жасалады – отит және евстахиит кезінде – қабынуды қайтару үшін. Сондай‑ақ қалпына келу кезінде тыртық бірігулер немесе дабыл қуысындағы сұйықтық болған кезде де жасалады.
Өткізу тәсілі
Дабыл жарғағын уқалау процедурасы кезінде құлақ қалқанын алақанмен одан ауа шықпайтындай етіп толық жабады да, сосын құлақ қалқанын ақырындап 10-15 рет басады. Сол мезетте құлақ жолының ішінде тұйық кеңістікте қалған ауа дабыл жарғағын уқалайды.
Дабыл жарғағын уқалау кезінде ауырсыну болмауы керек, егер ауырсыну пайда болса, басу қарқындылығын азайту қажет. Емдік мақсатта бір күнде бірден үш ретке дейін уқалайды. Уқалауды есту түтіктерін үрлеп тазартумен бірге өткізу ұсынылады.
ЛОР‑мүшелеріндегі қанды ісіктерді (гематома), іріңді ісік (абсцесс), сарысулы ісіктерді (киста) тілу
Бұл не?
Қанды ісіктер (гематома) – қансырау нәтижесінде пайда болған тері немесе шырышты қабық астындағы қанның шектеулі жиналуы.
Іріңді ісік (абсцесс) – ұлпалардың қуыс пайда болдырып, іріңді қабынуы. Сарысулы ісік (киста) – қабырғасы мен құрамы бар мүшелердегі патологиялық қуыс. Көбінесе гематомалар өз бетімен ыдырап кетеді, бірақ ауқымды гематомалар болса, оны ашу керек болады. Абсцестер мен кисталарды кез‑келген жағдайда ашып, жою керек.
Өткізу тәсілі.
Мұндай оталар стационар немесе амбулатория шарттарында жасалады. Гематома, киста немесе абсцестің орналасқан орнына байланысты ота пункцияның немесе дренаждың көмегімен жасалады. Ісік күрделі орында орналасса немесе мөлшері үлкен болса, оны жою отасын жасау керек.
Біздің медициналық орталықта оториноларинголог дәрігер алдымен науқасты толықтай тексеріп, анық диагноз қойған соң, барлық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді еске ала отырып ЛОР‑мүшелердегі гематоманы, абсцесс немесе кистаны жояды.
Есту қабілетін тексеру
Есту қабілетін тексеру процедурасына көбінесе аса назар бөлінбейді, алайда есту қабілетінен айырылу – адамның іс‑әрекетін едәуір шектейтін мәселе болып табылады.
Есту қабілеті нашар болса, адамдармен қарым‑қатынас құру, мәдени іс‑шараларға қатысу, теледидар көру және тіпті көшеде жүріп‑тұру қиындай түседі. Сондықтан, есту қабілетін уақтылы тексеру нәтижесінде мәселені уақытында ашып, толықтай есту қабілетінен айырылуға дейін мәселені жоюға болады.
Есту қабілетін диспансерлеу аясындағы басқа тексерулер секілді әр жыл сайын тексеру керек. Есту қабілетін тексеру үшін жақсы тестілер әзірленген, олар мәселені ерте кезеңінде анықтауға көмектеседі.
Біздің медициналық орталықта есту қабілетінің диагностикасын заманауи құрылғылармен тәжірибелі мамандар өткізеді. Тексеру ұзақтығы 30-40 минут. Барлық деректер аудиограммаға жазылып, компьютерде сақталады. Қайта тексеру кезінде (мысалы, бір жылдан соң) дәрігер жазбаларды салыстырып, жақсы немесе нашар өзгерістерді байқай алады, мұның көмегімен дәрігер диагноз қойып, ем түрін өзгерте алады.
Дабыл жарғағының парацентезі
Бұл не?
Парацентез (немесе тимпанотомия) – бұл емдік процедура, оның барысында дабыл жарғағы тілінеді. Ол ортаңғы құлақ аурулары кезінде дабыл қуысын жалқықтан тазалау үшін жасалады. Процедураны отит кезінде консервативтік ем көмектеспегенде өткізеді.
Ол не үшін жасалады?
Бұл процедура көрсетілімдер бойынша өткізіледі және есту функциясы үшін қауіпсіз болып табылады. Керісінше – ол отит кезінде есту қабілетінің нашарлау себебі бола алатын өзгерістердің пайда болу қатерін азайтады.
Процедураға қалай дайындалу керек?
Парацентезді анестезиясыз отоскопия бақылауымен өткізеді. Дабыл жарғағын тескен соң, құлақ жолына стерильді тығын енгізіп, оны бірнеше рет айырбастайды. Барлық қабыну жалқығы дабыл жарғағынан шыққан соң, тілім шеттері қайтадан бірігеді. Процедурадан кейін, науқасқа көрсетілімге байланысты дәрі‑дәрмекпен және физиотерапиялық емдеу тағайындалады.
ЛОР‑мүшелердің шырышты қабығын дәрілермен күйдіру
Мұрын қуысының шырышты қабығының гипертрофиясы кезінде, сонымен қатар қантамыр жарылған кезде мұрынның шырышты қабығын күйдіру керек болады. Процедураны өткізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді дәрігер анықтайды. Мұндай шараларды өз бетімен жасауға болмайды.
Өткізу тәсілі
Күйдіру процедурасы оториноларингологиялық хирургиялық бөлме шарттарында жасалады. Процедураны жасау алдында мұрынның шырышты қабығын жансыздандырады, сосын қабыққа химиялық заттарды жағады. Әдетте бір процедурада бір мұрын жолын ғана күйдіреді.
Шырышты қабықты күйдіру созылмалы ринит кезінде жақсы нәтижені қамтамасыз етеді. Біздің ауруханада мұндай процедураны тәжірибелі медицина ұжымы жасайды.
Бадамша без қуысын дәрілік заттармен жуу
Бұл не үшін өткізіледі?
Бадамша без қуысын бадамша бездерінің беткі қабатын патологиялық қатпарлардан тазалау үшін жуады, себебі онда микроағзалар көбейеді. Жуу техникасы әртүрлі болуы мүмкін – барлық нәтиже жақсы болады. Процедура алдын алу шарасы, паллиативтік болып табылады.
Жуу үшін көрсетілімдер ретінде жиі ангиналар немесе тонзиллиттер алынады. Берік нәтиже алу үшін бестен кем емес процедура қажет, оларды алдымен күнделікті, ал кейін күнара өткізеді. Процедура бадамша бездері өте терең орналасқан жағдайда (физиологиялық ерекшелік) нәтиже бермеуі мүмкін.
Өткізу тәсілі.
Әдетте жуу шарасы арнайы қондырмасы бар шприцтің көмегімен жасалады. Бездер дәрігер таңдаған түрлі ерітінділердің көмегімен жуылады. Оның ішінде физиологиялық ерітінділер, антибиотиктері бар дәрілік ерітінділер немесе прополис сияқты табиғи емдік заттары бар сұйықтықтар болуы мүмкін.
Процедура кезінде без қуысына дәрілік препараттарды жақса, ем тиімділігі артады.
Бөгде затты шығару
Тынысалу жолдарына бөгде заттар әртүрлі себептерге байланысты түседі. Кішкентай балалар көбінесе өз мұрындары мен құлақтарына ұсақ заттарды өздері салып жібереді. Кейде тіс кемістіктерінің кесірінен, асығыс тамақтану немесе мас болу салдарында тыныс алу жолдарына бөгде заттар түсіп кетеді.
Бөгде заттардың арасында моншақтар, тиындар, пісте, төсбелгілер немесе түймелер, сондай‑ақ ұсақ жәндіктер, мысалы шыбындар, тарақандар немесе кандалалар болады. Құлақтағы бөгде зат көбінесе ауырсыну тудырады, ал мұрындағы бөгде зат өмірге қауіп төндіреді, себебі оны өкпеге деммен тартып қалып, тұншығу мүмкін.
Жұтқыншақ немесе құлақтан бөгде затты шығару тәсілі бөгде заттың түріне және оның нақты орналасқан орнына байланысты болады. Бөгде затты өз бетімен шығару қауіпті, себебі оны тыныс алу жолдарына тереңірек итеріп жүру қаупі бар.
Мұрыннан немесе құлақтан бөгде затты алып тастау аса қиындық туғызбағанымен, ондай шараларды маман жасағаны абзал. Егер сіз мұрын не құлақ жолдарында бөгде зат болуына күдіктенсеңіз, онда медициналық мекемеге, травматологиялық пунктқа, жедел жәрдемге немесе біздің ауруханаға хабарласуыңыз керек.
Мұрын қуысын, жұтқыншақты эндоскопиялық тексеру
Бұл не?
Эндоскопиялық тексеру – бұл ең заманауи, ауырсынусыз, жарақатсыз, кез‑келген мүшеге жасалатын тексеру түрі. Оториноларингологияда мұрын қуысын эндоскопиялық тексеру нәтижесінде дәрігерлер барлық белгілі патологияларды диагностикалайды.
Жұтқыншақ қуысын эндоскопиялық тексеру кезінде тексеру нәтижесін жазып алуға болады, осылайша емдеуден кейінгі өзгерістерді нақты белгілеуге болады.
Өткізу тәсілі
Эндоскопиялық тексеру риноскоп көмегімен өткізіледі. Ол оптикалық жүйесі бар қатқыл түтікше болып табылады. Дәрігер оның көмегімен мұрын мен көмей қуысын қарай алады, сонымен қатар толықтай тексеру үшін бейнені мониторға шығара алады. Жұтқыншақ эндоскопиясы ауырсындырмайды, оны балаларға да, ересектерге де жасауға болады.
Мұрынның қосалқы қуыстарының пункциясы
Мұрынның қосалқы қуыстарының пункциясы оториноларингологияда диагностикалық және емдік процедура ретінде қолданылады. Пункцияның көмегімен жасалған диагностика нәтижелері ауру себептерін нақтырақ анықтауға көмектеседі, ал емдік мақсатта жасалған пункция синуситтер мен гайморит кезінде мұрын жанындағы қуыстардағы қабыну ошағына тиімді әсер ете алады.
Процедура тиімді, әрі кеңінен таралған және қарсы көрсетілімдері жоқ дерлік. Қосалқы қуыстардың пункциясын 10-12 айлық жастан бастап өткізе беруге болады. Балалардың пункциясы үшін ми жұлын сұйығына арналған инені, ал ересектер үшін Куликовский инесін қолданады.
Пункцияны жергілікті анестезиямен жасайды. Процедура кезінде пункция тек тесілген орынға ғана емес, мұрын жолдарының шырышты қабықтарына да жасалуын тексеріп отырады. Пункциядан кейін мұрынның қосалқы қуысының ішіндегіні толықтай жою үшін оны дәрілік ерітіндімен шаяды немесе сорады (диагностика үшін).
Қазіргі уақытта пункция кезінде жасалған тесік арқылы қуыстан оның ішіндегіні үнемі сорып отыру үшін түтікшені енгізуге болады. Мұндай профилактикалық шараның арқасында қайтадан қабынудың алдын алуға, ал ауырған жағдайда – қуысты жылдам жууға болады.
Біздің ауруханада мұрынның қосалқы қуыстарының пункциясын тәжірибелі оториноларингологтар өткізеді.
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу (БХӨ) (ПХО)
Бұл – қансырауды тоқтатуға, жарадан тіршілікке қабілетсіз жасушаларды жоюға, жараның жылдам жазылуы үшін жайлы шарттар жасауға бағытталған хирургиялық шара.
БХӨ ерте және кешкі болып екіге бөлінеді. Ерте БХӨ жарақат алғаннан кейінгі бірінші тәулік ішінде жасалады, онда жараның жұқпа немесе іріңдеу белгілері білінбейді. Жарада жұқпа дами бастаған кезде жасалған БХӨ кешкі деп аталады.
БХӨ техникасы
Анатомиялық қауіпсіз орындарда, яғни ірі қантамырлар мен жүйкелер зақымданбаса, жара қойнауларға (өкпеқап, құрсақ қуыстары) өтпесе, жараны емхана ішінде өңдей беруге болады. Ірі жарақаттардың, яғни ірі қантамырлары мен жүйкелер зақымдалса, жарақаттың тереңдігін отаға дейін азайтуға келмесе (мысалы, құрсақ қабырғасының пышақпен кесілген жарасы) науқасты ауруханаға жатқызу керек.
Кішкене жарақаттардың БХӨ‑н жергілікті инфильтрациялық немесе өткізгіш анестезиямен өткізеді.
Оталық орынды өңдеген соң жараның шеттерін әдетте 2-3 мм асырып кесіп тастайды. Үшкір затпен кесілген жаралардың өңделуі ерекше болады. Шеттерін кесіп алып тастаған соң, жараның ішінен бөгде заттарды алады, тіршілікке қабілетсіз ұлпаларды кесіп алып тастайды, сол уақытта қанды тоқтатып отырады. Өңдеу соңында жараны антисептикалық ерітінділермен еселеп жуады (3% сутек тотығы, хлоргексидин), одан кейін көрсетілімдер бойынша дренаждарды қалдыра отырып, жараны қабаттап тігеді.
Кешкі БХӨ кезінде дренажды‑жуу жүйесін міндетті түрде қоя отырып, өлі ұлпалар толықтай алынып тастағанына көз жеткен соң ғана жараны тігеді.
Флораға тексеру үшін ЛОР‑мүшелерден алынатын жұғынды
Флораға тексеру үшін ЛОР‑мүшелерден алынатын жұғынды мұрын жолдарының, жұтқыншақ, көмей, сыртқы есту жолдары және мұрынның қосалқы қуыстарының шырышты қабығында өмір сүретін микроағзалардың сандық қатынасы мен түрлік құрамын зерттеу үшін өткізіледі.
ЛОР‑мүшелерден флораға жұғынды алу үшін көрсетілімдер:
Балалармен, тағам өнімдерімен және ауыр науқастармен тығыз қарым‑қатынасқа түсетін қызметке жұмысқа тұратын кезде бактерия тасымалдаушыдан жұғудың алдын алу үшін жасалады.
Жүкті әйелдерге, балаларды мектепалды ұжымдарға барар алдында немесе стационарға жоспарды жатқызу алдында, оталық шараға дайындау кезінде жасалады. Тексеру мақсаты – жүктілік кезінде, отадан кейінгі кезеңде қиындық туғазатын немесе жұқпалы ауру туғызатын микрофлораны анықтау.
Шұғыл жұқпалы микробты аурулармен ауыратын адамдармен қарым‑қатынасқа түскен тұлғаларды тасымалдаушылар мен жұқпалардың жеңіл түрлерімен ауыратын науқастарды, сол аурудың ауыр түрлерін және күрделенуінің алдын алу үшін уақтылы анықтап, емдеу үшін эпидемиологиялық тексеру.
Науқастың ЛОР‑мүшелерінің ауруын тудырған қоздырғыштың нақты түрін анықтау, және тиімді ем түрін бастау үшін анықталған микробтың антибактериалдық құралдарға сезімталдығын зерттеу.
Науқастың микрофлорасының микробтық құрамы мен сезімталдығы өзгеруінің терапиясы аясындағы динамиканы зерттеу.
Жұқпа көзін анықтау мақсатында жабық балалар ұйымдары мен босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелердегі іріңді‑қабыну ауруларының таралу жағдайын эпидемиологиялық тексеру.
ЛОР‑мүшелерден алынатын жұғынды келесідей ауруларды емдеуде жәрдем болады: ангина, шұғыл немесе созылмалы тонзиллит немесе аденоидит, дифтерия, гайморит, фронтит, созылмалы немесе шұғыл фаринзгит, сыртқы отит. Сонымен қатар, келесідей қоздырғыштарды анықтауға көмектеседі: патогенді микроағзалар (дифтерия таяқшасы, стрептококк, патогенді стафилококк, менингококк).
Шартты‑патогенді микробтар (эшерихиялар, клебсиеллалар, эпидермалық стафилококк, көкіріңді таяқша).
Ашыту саңырауқұлақтары
ЛОР‑мүшелерден жұғынды алу үшін алдын ала дайындықтың қажеті жоқ. Медбике таяқшадағы стерильді мақталы тампонмен жұтқыншақ, мұрын жолдары немесе сыртқы есту жолдарының шырышты қабатынан қырынды алады. Алынған бөлінді төсеніш шыныға жағылады да, кейінгі микроскопия үшін Грамм бойынша боялады. Сонымен қатар, қоректік ортаға себіледі, бұл колониялар өскен соң оларды микроскоппен қарап, антибактериалдық құралдарға сезімталдығын анықтау үшін қажет.