Ұлытау облысында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды
Жезқазған медициналық орталығында тарихтағы алғашқы ашық жүрекке ота сәтті өтті. Енді өңір тұрғындары Астанаға бармай-ақ жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек ала алады.Жоба «Өркендеу Ассистанс» бастамасымен және «Қазақмыс» қолдауымен жүзеге асты. 650 млн тг-ге жабдық алынып, реанимация қайта жабдықталды.
Отаны әлемге танымал кардиохирург, профессор Юрий Пя жасады. Бұл – өңір медицинасы үшін үлкен қадам, әрі алдағы уақытта Жезқазғанда толыққанды жүрек оталары жасалмақ. ❤️
Толығырақ kazakhmys.kz сайтында
https://www.kazakhmys.kz/kz/news/item-item_zhurekke_birinshi_ota_zhezqazganda
https://www.instagram.com/reel/DNFj3r4sQ2m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==