ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

МӘМС: буындарды эндопротездеу енді Жезқазғанда да жасалады

МӘМС: буындарды эндопротездеу енді Жезқазғанда да жасалады Ұлытау облысында алғаш рет МӘМС шеңберінде тізе және жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.

Бұл - зақымданған буынды жасандысына айырбастайтын өте күрделі ота.

Бұрын-соңды мұндай оталар еліміздің ірі қалаларында жасалатын. Тиісінше кезекті де науқастар ұзақ күтетін.

Енді эндопротездеу алысқа бармай-ақ Жезқазған қаласында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС базасында қолжетімді.

Қаражал қаласының тұрғыны Лейла Шубаева аяқ басып, жүруден қалғанына 1 ай болыпты. Енді, міне, МӘМС арқылы тегін операция жасатып, адымдай бастады.

Лейла Шубаева дербес төлеуші, яғни МӘМС жүйесіне жылына 51 мың төлеу арқылы қымбат отаны тегін жасатты. Жалпы, мұндай отаның құны – 2 млн теңгеден асады.

Ал қазақстандықтар МӘМС қаражаты есебінен осы мүмкіндіктерді тегін пайдалануға құқылы.

Екі күннің ішінде медициналық орталықтың травматолог-ортопедтері 3 жамбас, 3 тізе буынын ауыстырған.

Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA