ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Медициналық орталықта халықаралық қатысумен хирургтар конференциясы өтті

Медициналық орталықта халықаралық қатысумен хирургтар конференциясы өтті 2024 жылғы 10-11 қазанда Ұлытау облысының «Жезқазған қаласы медициналық орталығы» ЖШС базасында белгілі хирург, Ұлытау облысының Денсаулық сақтау саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Өмірбек Мұқановты еске алуға арналған “Ұлытау – ғылым, білім және практика шыңы” атты халықаралық қатысумен республикалық ғылыми – практикалық конференция өтті.
Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен “Қарағанды қаласының медицина университеті” КЕАҚ, Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, “Қазақстандық хирургтар қоғамы” РҚБ ұйымдастырды. Іс-шараны өткізу туралы бастаманы Өмірбек Мұқановтың балалары мен немерелері көтерді.
Өмірбек Мұқанов алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі және алғашқы хирург болды. Ол отандық медицинаның дамуына елеулі үлес қосты, 12 мыңнан астам ота жасап, лайықты шәкірттер тобын тәрбиелеген азамат.
Конференцияға “Республикалық микроорганизмдер коллекциясы” ЖШС банк меңгерушісі Қ. Х. Алмагамбетов, “Астана медицина университеті” КЕАҚ профессоры С. И. Тоқпанов, сондай-ақ Астана медицина университетінің құрметті профессоры В. И. Котлобовский, Қарағанды медициналық интерколледжінің бас директоры А. Н. Нұрбеков, ҚР ДСМ Травматология және ортопедия ҒЗИ аға ғылыми қызметкері ҚР ДСМ М. М. Махамбетчин, Қарағанды медицина университеті клиниканың бас хирургі, профессоры Н.Т.Абатов сияқты профессорлар, м.ғ.к. қатысты.
Ғылыми-практикалық форум аясында жоғары деңгейдегі хирургтар заманауи технологияларды пайдалана отырып, “Хирургиядағы инновациялар” тақырыбы бойынша алты шеберлік сабағын өткізді. Конференцияның пленарлық отырысына 28 баяндама, оның ішінде шетелдік өкілдер атынан мәлімделді. Дәрігерлермен қатар облыстың орта медицина қызметкерлері біліктіліктерін арттырып, медициналық колледж студенттері білім алды.

https://www.instagram.com/reel/DBImKEtMG_w/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA