ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

Баспасөз релизі

Астана қаласы 09.06.2016

ҚР ДСӘДМ сарапшылары медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша медицина қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын бастады

Қазір, Қазақстанның барлық өңірлерінде еліміздің медицина қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаттарын түсіндіру бойынша кең ауқымды акция басталды. Құрамына денсаулық сақтау жүйесінің көрнекті қайраткерлері мен ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары кіретін арнайы мобильдік топтар кездесулер мен семинарлар өткізеді, МӘМС енгізумен байланысты барлық сұрақтарға жауап береді.

МӘМС-тің артықшылықтары туралы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма төрағасы Абай Байгенжин кеңінен айтып береді А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Болат Баймаханов, Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмаилов, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілік департаментінің директоры Василий Девятко, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Тілеухан Әбілдаев, «СК Фармация» ЖШС басқарушы директоры Серікбол Мусинов, Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев, «Республикалық медициналық палата» ҚБ басқарма төрағасы Мақсұт Құлжанов, ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Мереке Бутина, «Астана медицина университеті» АҚ ректоры Мәжит Шайдаров және т.б.

Медицина қызметкерлерімен кездесулер ҚР ДСӘДМ биыл өткізетін кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысының бірінші кезеңі болады. Одан әрі МӘМС жүйесінің қағидаттары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері және оның артықшылықтары туралы жұмыс берушілер мен халықтың қалың жіктеріне егжей-тегжейлі айтып береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсендi емес халық үшiн жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы қызметкерлер үшін. Салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар - өздері үшін.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (бұдан әрі - ТМККК) қамтамасыз ету құқығын сақтайды: әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету, жедел медициналық көмек, санитариялық авиация және вакцинация.

2020 жылға дейін денсаулық сақтауға жалпыға бірдей құқықты қамтамасыз ету мақсатында ТМККК шеңберінде сақтандырылмаған азаматтарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МӘМС шеңберінде: сақтандырылған азаматтарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім көрсетілетін болады.

Бұдан басқа, азаматтар ерікті сақтандыруға қатысқан кезде МӘМС жүйесінде көзделмеген медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасалған шарт негізінде ала алады.

Мемлекет, жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - ӘМСҚ) аударымдарды жүзеге асыра бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет жарналарының мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% -ын құрайды. Бұл ретте мөлшерлеме мөлшері кезең-кезеңмен көтеріледі: 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылы 6%, 2024 жылдан бастап - 7%.

Жұмыс берушілердің жарна мөлшерлемесінің жалпы мөлшері кірістің 5% -ын құрайды, бұл ретте аударымдар 2017 жылы 2% -дан, 2018 жылы 3% -дан, 2019 жылы 4% -дан және 2020 жылы -5% -дан басталады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналарының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар) табыстың 7% -ын құрайды. Бұл ретте 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5% және 2020 жылдан бастап - 7%.

Жалдамалы қызметкерлер аударымдарды 2019 жылдан бастап - кірістің 1%, 2020 жылдан бастап - 2% жүзеге асыра бастайды.

Азаматтардың 15 санаты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады, оның ішінде 12-сі - халықтың әлеуметтік осал топтары, сондай-ақ әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына мыналар жатады:

  • балалар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған және бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  • мүгедектер;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  • интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін адамдар;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша резидентура нысанында оқитын адамдар;
  • бала тууына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста жүрген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы 3 жасқа толғанға дейін іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  • зейнеткерлер;
  • қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, ҚАЖ мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
  • уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар.

МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмек көлемі МӘМС-ке жарна сомасына байланысты болмайтынын атап өту қажет. Бұл аударымдар тұрақты түрде жүргізілсе жеткілікті.

Қазақстанда қолданылып жүрген тәжірибеге сәйкес ӘМСҚ-ға түсетін түсімдерді бақылауды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне бекіту ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС енгізу нәтижесінде елімізде медициналық көмек көрсету деңгейі едәуір артады, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғары сыныпты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер сатып ала алады. МӘМС адамға тексеруден өтуге және қажет болған жағдайда өз бюджетінен осы мақсатқа қолма-қол қаражат бөлместен ем алуға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі:

ҚР ДСӘДМ ресми сайты www.mzsr.gov.kz;

e-mail: press_mzsr@mail.ru;

әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: 742855

денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: 743137, 743241

МӘМС-ТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

  1. Өз денсаулығын нығайту және халықтың денсаулығын сақтау ауыртпалығын бөлу арқылы қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу
  2. Жүйенің сыртқы факторларға орнықтылығын және шығындардың өсуін, сондай-ақ жүйенің ашықтығы мен әділдігін құру есебінен жүйенің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету
  3. Жүйенің жоғары құзыреті мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қызметтердің қолжетімділігінің, толықтығы мен сапасының түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу арқылы жүйенің тиімділігін арттыру

МӘМС ПРИНЦИПТЕРІ

  • ӘМБЕБАПТЫҚ

МӘМС жүйесіне барлық тұрақты тұратын тұрғындар қатысуға міндетті (жалпыға бірдей қамту) және олардың әрқайсысы жарна төлеуі тиіс (не ол үшін мемлекет төлейді)

  • ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК

Экономикалық белсендi халықтың жарналары төлем қабiлеттiлiгiне, яғни кiрiстерге байланысты, ал экономикалық белсендi еместерi үшiн жарналарды мемлекеттiк бюджет жалпы салықтардан төлейдi

  • ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Әрбір сақтандырылушының төленген жарналардың сомасына қарамастан МӘМС төлейтін медициналық көмекке құқығы бар

МӘМС-КЕ МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР

МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘМС-КЕ ЖАРНАЛАРЫ

Мемлекет мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақыдан 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - 4%, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5%, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 6% және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 7% аударатын болады.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ МӘМС-КЕ АУДАРЫМДАРЫ

Жұмыс беруші қызметкерге табыс (жалақы) түрінде төленетін өз шығыстарынан 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2%, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3%, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4% және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5% төлейтін болады.

МӘМС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЖАРНАЛАРЫ

Жұмыс берушілер есептеген кірістерден (жалақыдан) жұмыскерлердің жарналары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1% -ды және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2% -ды құрайды

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН ХАЛЫҚТЫҢ МӘМС-КЕ ЖАРНАЛАРЫ

Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу және төлеу 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2%, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3%, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5% және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 7% жүзеге асырылатын болады:

- салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін: шегерімдерді ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстардан

- шағын бизнес субъектісі үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін: бір ең төменгі жалақы мөлшерінен

- жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар үшін: табыстың барлық түрлерінен

ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САНАТЫ

«МӘМС туралы» заңға сәйкес 15 санаттағы азаматтар қорға жарна төлеуден босатылады:

  1. балалар;
  2. көп балалы аналар;
  3. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  4. мүгедектер;
  5. жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  6. интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін адамдар;
  7. күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;
  8. бала тууына, асырап алуына байланысты демалыста жүрген адамдар;
  9. жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  10. зейнеткерлер;
  11. әскери қызметшілер;
  12. арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  13. құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  14. сот үкімі бойынша жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтеп жүрген адамдар;
  15. уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар.

ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Қазақстандағы ағымдағы жағдайда ТМККК ұсынылмайды:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне тұруға ықтиярхаты бар
  • Азаматтығы жоқ адамдарға
  • Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге

МӘМС шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, егер ол осы Заңда өзгеше көзделсе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады.*

Медициналық көмек көрсету бөлігінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚРЗ өзгерістер енгізу:

  • Жұмыс істемейтін оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттің жарналары есебінен бір жыл ішінде (себебі «оралман» мәртебесі 1 жылға беріледі, егер ол осы кезеңде азаматтықты алмаса, онда ол «шетелдік» деп есептеледі;
  • ҚР-да тұрақты тұратын жұмыс істемейтін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтарымен тең;
  • Жұмыс істейтін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне жалпы негіздерде

МӘМС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Белсенді емес халық үшін ТМККК және Қорға трансферттер (оларды төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС жарналарын) мемлекет республикалық бюджеттен төлейді. Ақшалай қаражат ай сайын қаржыландыру жоспары бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бюджеттік бағдарламасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады.

Өз кезегінде, белсенді халықтың (жұмыс берушілер, қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, медиаторлар және т.б.) жарналары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы түсетін болады. Бұл қолданыстағы зейнетақы жүйесіне және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ұқсас түсімдерді есепке алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жарналарды аудару үшін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ЗТМО-да қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін тексеру, қате төлемдерді қайтару, салық төлеушілермен жұмысты салыстыру үшін Салық комитетіне ақпарат беру және жеке есеп жүргізу функциялары болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ақшалай қаражатты былайша бөледі: бір бөлігі денсаулық сақтау субъектілеріне, яғни медициналық ұйымдарға, ал бір бөлігі Ұлттық банкке жіберіледі, ол ақшалай қаражатты инвестициялайды және активтерді толығымен басқарады.

МӘМС-КЕ АУДАРЫМДАР МЕН ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ

Жұмыс беруші қызметкерлер үшін жарналарды қызметкерге табыс түрінде төленетін шығыстардан, яғни корпоративтік табыс салығын (КТС) шегергенге дейін еңбекақы төлеу қорынан аударады. Қызметкерлердің аударымдарын/жарналарын есептеуді және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады

Қызметкерлер жарналарды жұмыс берушілер есептеген табыстардан, яғни жалақыдан жеке табыс салығын (ЖТС) шегергенге дейін аударады. Жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді және аударуды осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

Дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын (ЖТС) шегергенге дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстарынан жарналар аударады. ДК жарналарын есептеуді және төлеуді олар қаражатты Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына тікелей есептеу жолымен дербес жүзеге асырады. Арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкер жағдайында бiр ең төменгi жалақы мөлшерi табыс болып табылады.

Айта кету керек, барлық санаттар үшін уәкілетті орган аударымдар мен жарналар төленбейтін табыстарды анықтады,

  • іссапарлар және жұмыстың көшпелі сипаты кезіндегі өтемақылар,
  • қызметкерлердің далалық үлесі,
  • қызметкерлерді жеткізуге, оқу ақысын, жәрдемақылар мен өтемақыларды төлеуге байланысты шығыстар
  • сауықтыруға арналған демалысқа жәрдемақы, медициналық қызметке ақы төлеу үшін, бала туғанда, жерлеуге арналған 8 АЕК шегіндегі төлемдер, стипендиялар, сақтандыру сыйлықақылары
  • .

Бұл ретте есептеу/жарна объектісінің ең төменгі мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Аударымдарды/жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Барлық жарналар есепті айдан кейінгі/кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылуға тиіс.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ПАКЕТТЕРІ

1. ТМККК пакеті - мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемін қамтитын және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын (ТМККК). Ол ҚР азаматтары мен оралмандарға қолжетімді болады. Оған мыналар кіреді:

  • жедел жәрдем және санитарлық авиация;
  • әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде және шұғыл жағдайларда медициналық көмек;
  • профилактикалық егулер;
  • амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін амбулаториялық-емханалық көмек (АЕК) (өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған халық үшін 2020 жылға дейін, яғни жалпыға бірдей декларациялау енгізілгенге дейін).

2. МӘМС пакеті - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің МӘМС қорына міндетті сақтандыру жарналары есебінен қаржыландырылатын ТМККК-ден тыс медициналық көмектің көлемін қамтиды. Оны МӘМС қатысушылары болып табылатын тұлғалар ала алады. Оған кіреді:

  • амбулаториялық-емханалық көмек (оның ішінде АЛО);
  • стационарлық бал. көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда);
  • стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда);
  • қалпына келтіру емі және бал. оңалту;
  • паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;
  • жоғары технологиялық көмек.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға кім ықпал етеді?

1. Сапа жөніндегі біріккен комиссия (ҚБК):

  • медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру
  • клиникалық хаттамаларды жетілдіру
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру
  • денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру
  • медициналық қызметтердің сапа және қол жетімділік стандарттарының сақталуын бақылау

2. МФҚБК мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын болады, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылау;
  • өлім жағдайларын, оның ішінде МӘСҚ сұрау салуы бойынша тексеру;
  • шағымдарды тексеру.

3. Денсаулық сақтау басқармалары (ДСБ):

  • денсаулық сақтау жүйесінің желілері мен қызметтерін стандарттауды жүргізу
  • диагностика мен емдеу стандарттарын енгізуді қамтамасыз ету
  • медициналық ұйымдарды ұлттық және халықаралық аккредиттеу жүйесінде аккредиттеуді ынталандыру
  • халықтың медициналық қызметтердің сапасына қанағаттануы бойынша халықтың негізделген шағымдарының санын азайту және әлеуметтік зерттеулер жүргізу
  • медициналық ұйымдарда сапаны сыртқы бақылаудың және ішкі аудиттің тиімділігін қамтамасыз етуге
  • медицина қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыруды және медицина қызметкерлерінің құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесін дамытуды қамтамасыз ету

4. Қор тексеруді медициналық ұйыммен жасалған шарт негізінде жүзеге асыратын болады, оның ішінде:

  • емделген жағдайлардың көлемі мен сапасына сараптама жасауды;
  • ДЗ және ММБ тағайындау негізділігіне сараптама;
  • жеткізушілер қызметінің түпкілікті нәтижесі индикаторларының мониторингі.

Тексеру нәтижелері бойынша Қор оң және теріс рейтингтері бар медициналық ұйымдардың дерекқорын қалыптастыратын болады.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

  1. Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі
  2. Халықтың қажеттіліктеріне жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесі
  3. Денсаулықты жақсарту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту
  4. Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етуді кеңейту
  5. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауды күшейту

Денсаулық сақтауға арналған жеке шығыстар (өз қалтасынан) деңгейінің төмендеуі

Жүктеу сілтемесі: МӘМС бойынша анықтамалық ақпарат

Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA