"Стационарға түскен кезде пациенттерге арналған жадынама"
Құрметті пациенттер,
стационарға түскен кезде Медициналық орталықтың тәртібімен және белгіленген күн тәртібімен танысыңыз, олар барынша оң емдік нәтижеге қол жеткізу мақсатында стационарлық емдеуде болған кезде қатаң сақталуы тиіс.
Емдеуге жатқызу кезінде пациентте өзімен бірге: жеке басын куәландыратын құжат, белгіленген нысандағы дәрігердің жолдамасы, амбулаториялық карта, жеке гигиена заттары, кружка және қасық болуы қажет. Стационарда киім нысаны бос, бірақ міндетті түрде ауысымдық аяқ киім болуы қажет.
Медициналық орталықтың 09.01.2009 жылғы № 3 және 19.06.2009 жылғы № 56, 01.06.2010 жылғы № 35 ішкі бұйрықтарына сәйкес Медициналық орталықтың аумағында темекі шегуге тыйым салынады, олар бұзылған жағдайда пациент стационардан мерзімінен бұрын шығарылады және белгіленген мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.
Пациенттер бөлімше режимін сақтауға, таңғы ас пен түскі тамақтан кейін палатада болуға міндетті, өйткені бұл уақытта дәрігерлік тексеріс және дәрігерлік тағайындауларды орындау басталады.
Бөлімшеден өз еркімен кеткен кезде, режим мен ішкі тәртіп ережелері орындалмаған жағдайда пациент аурухана парағына белгі қоя отырып, аурухана режимін бұза отырып шығарылады.
Тыныштық - бұл пациент үшін емдеу нәтижесіне оң әсер ететін факторлар екенін есте сақтау қажет.
Түскі ұйқы 14:00-ден 16:00-ге дейін.
22.00-де ұйықтауға кету.
Пациенттер ұйқы уақытында палатада болуы тиіс, палатадан палатаға баруға және қатты сөйлеуге т.б. тыйым салынады.
Пациентке туыстары мен жақындарының келу уақыты:
кыс мезгілінде – 10.00-нан 13.00-ге, 16.00-ден 19.00-ге дейін
жаз мезгілінде – 10.00-нан 13.00-ге, 16.00-ден 20.00-ге дейін
Келушілер сыртқы киімдерін гардеробта қалдыруы тиіс, пациенттің стационарға келуіне тек бахилада ғана рұқсат етіледі, сондай-ақ пациенттің палатаға келуі кезінде медициналық халат кию қажет. Келушілерге пациенттің төсегіне отыруға рұқсат етілмейді.
Пациенттерге спиртті ішімдіктерді ішуге тыйым салынады. Бағалы заттарды өзімен бірге сақтауға болмайды (медициналық персонал олар жоғалған жағдайда жауапты болмайды).
Құрметті пациенттер, Сіз қонақ үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан мұсылмандар үшін қабылдау бөлмесіне және христиандарға арналған шіркеуге бара аласыз. Сізге ыңғайлы кез келген уақытта келуге болады.
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлықпен!