ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Дәріхана

Дәріхана

Медициналық орталықтың дәріханасы 2001 жылы ұйымдастырылды. Медициналық орталықтың бірінші қабатында орналастырылған. Дәріханада соңғы 15 жылдың ішінде келесідей өзгерістер болды:

  1. 2001 жылмен салыстырғанда дәріхананың ауқымы кеңейді және қазіргі уақытта 400 м2 құрайды. 2001 жылы 352,4 м2 құрады.

  2. Дәріхананың штаты ұлғайды. Дәріхананың штаты 4 дәрішілері (дәріхана меңгерушісі, дәрілер қоры бөлімінің дәрішісі, дәріші-технолог, дәріші-талдаушы), фармацияның 2 менеджері, 3 фармацевтер, 3 ораушылар және 2 санитарлар);

  3. Дәріхана 5 құрылымдық бөлімшеден тұрады, 2001 жылы үшеуден құралды:

  • Қор бөлімі;

  • Дайын дәрілік формалардың бөлімі (ДДФБ);

  • Рецептуралы-өндірістік бөлім (РӨБ);

  • Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде тұрғындарды тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік препараттарды босату бөлімі;

  • Биыл Сәтбаев қаласындағы Медициналық орталықтың филиалында дәрілік пункт ашылды.

  1. Дәрілік заттардың (ДЗ) және медициналық маңызы бар өнімдердің (ММБӨ) қозғалысы толығымен өзгерді. Дәрілік заттардың (ДЗ) және медициналық маңызы бар өнімдердің (ММБӨ) қозғалысын есептеу үшін «Дәріхана» мамандандырылған модульді қамтитын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуші ГАС (госпитальды ақпараттық жүйе) енгізілді. Дәрілік заттардың және медициналық маңызы бар өнімдердің есебі мен қозғалысы (кіріс-шығыс) келесі үлгі бойынша жүргізіледі: дәріхана-бөлімше-пациент. Есепке алу дәрілік заттар мен медициналық маңызы бар өнімдерді дәріхананың қор бөліміне кіріске алудан бастап науқастарға дәрілік заттарды таблетка мен ампула бойынша тағайындауға дейін толығымен компьютерленген.

ГАС жүйесін енгізу келесідей мүмкіндіктерді берді:

  • Бөлімшелерде дәрілік заттарды сақтау үшін қоймалардың қысқаруы;

  • Дәрілік заттарды қолдану бойынша бөлімшелер арасындағы өзара байланыс;

  • ДЗ және ММБӨ жарамдылық мерзімін бақылау;

  • Дәрілік заттардың шығыстарын бақылау;

  • Бөлімшелердегі дәрілік заттардың қалдықтарын бақылау.

Бөлімшелерде дәрілік заттарды сақтау үшін қоймалардың қысқаруы келесідей мәселелерді шешті: жарамдылық мерзімі, сақталуы және есептілігі.

Дәріхананың негізгі көрсеткіші - көтерме және бөлшек тауар айналымы болып табылады.

Дәрілік заттардың қажеттілігін анықтау үшін негізгі тетігі бөлімшелердің өтінімдері. Дәрілік заттарды таңдаудың белгісіне келесідей тұтыну қасиеттер тиесілі:

  • тиімділігі;

  • қауіпсіздігі;

  • сенімділігі;

  • қабылдаудың қолайлығы мен жайлылығы;

  • бағасы.


Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA