ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz
#

Гинекологиялық бөлімше

Гинекологиялық бөлімше

Гинекологиялық бөлімше 2003 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Бөлімше 19 орынға арналған, жедел және консервативті гинекология тәртібінде қызмет етеді. Гинекологиялық қызметтің құрамында жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімінде түсік (артифициалды) жасатудың бөлімшесі бар.   

Бөлімше әйелдердің жыныс мүшелеріне операциялық қатысулар, сонымен қатар, диагностика мен аз инвазивті хирургиялық қатысулар  жүргізу үшін жаңа техникамен жабдықталған. 

Бөлімше жұмысының қағидалары: әр пациентке дара тіл табу; әйел адамдарға медициналық қызмет көрсетудің бірізділігі, Медициналық орталықтың мамандары мен басқа да бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастық, кәсіби білімді жетілдіру, күнделікті емдеудің және тексерудің жаңа әдістерін енгізу. 

Бөлімшедегі көмек Мемлекеттік тапсырыс пен ақылы коммерциялық негізде көрсетіледі. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне ұжымдық шартқа сәйкес жеңілдікпен қызмет көрсетіледі.

Бөлімшенің меңгерушісі жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері –  Мурат  Жамалбекович Сыдыков.     

Операциялар әртүрлі дертке сәйкес жүргізіледі: 

  • жатыр миомасы;
  • аналық безінің жылауығы (киста);
  • склеро және көпжылауықты анылық без;
  • тубоовариальды қалыптасулар;
  • жатыр мен қынап қабырғасы түсуіне пластикалық операциялар;
  • бартолин безінің іріңдеуі мен жылауығы;
  • хирургиялық зарарсыздандыру;
  • жатыр түтігінің өтімділігін қалпына келтіру;
  • дәрілік түсік жүргізіледі.

Бөлімшедегі емдік-диагностикалық шаралардың тізімі:

  • Диагностикалық лапароскопия
  • Жатыр түтігін лапароскопиялық жою
  • Лапароскопиялық аналық безді алып тастау
  • Жатыр түтігінің интраоперациялық  хромоскопиясы
  • Аналық бездің көпжылауығы мен склерожылауығы кезіндегі аналық бездің фенестрациясы
  • Жатырдың лапароскопиялық ампутациясы
  • Диагностикалық гистероскопия
  • Гистероскоппен жатыр қуысынан бөгде заттарды жою
  • Эндометрия полип және цервикальды өзегін гистероскопиялық жою
  • Кертартпа миомэктомиясы
  • Жылауықты жою (жылауықтың бұралып қалуы)
  • Жатырдан тыс жүктілік
  • Аналық бездің апоплесиясы
  • Пельвиоперитонит (диагностикалық лапароскопия)
  • Түтіктік бедеу  кезіндегі түтікке операция жасау
  • Хирургиялық зарарсыздандыру
  • Ретроцервикальды эндометриозды емдеу
  • Гистероскопия
  • Жатыр мойнының жалақ жарасын емдеу
  • Жатыр қуысы мен айқын диагностикалық цервикальды түтігін қыру
  • Қынаптың артқы күмбезін инемен тесу
  • Жатыр мойнының биопсиясы
  • Сарпай биопсиясы
  • Жатыр қуысының цитологиялық аспирациясы (аспирациялық биопсия)
  • Жатыр мойнының эндометрит ортасын жағу
  • Сыртқы жыныс мүшелерінің, жатыр мойнының, қынаптың түймешік ісігін жою
  • Бартолин безінің жылауығын жою
  • Қыз абыройын (гименопластика) қалпына келтіру
  • Хирургиялық  дефлорациясы
  • Жыныс мүшелеріне эстетикалық операция

Операциялар «Шағын көмекші» аппараты, «Karl Storz» бейне-лапароскопиялық  бағанасы, сондай-ақ, классикалық қолжетімділіктерді қолдана отырып жүргізіледі. 2007 жылдан бастап зерттеудің қосымша әдісі ретінде гистероскопия жүргізіледі. 

Әйелдің жыныс мүшелерінің қабынба ауруларымен, етеккірдің бұзылуымен ауырған науқастарды емдеуде қысқа мерзім ішінде жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін жаңа препараттар мен емдеудің тәсімі қолданылады. 

Жеке топты климактерийлік кезең ағыны дерті бар пациенттер құрайды. Аталмыш контингентті емдеудегі атқарылған тәсімдер науқастарға жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап бөлімше шұғыл гинекология тәртібінде жұмыс істеп келеді және қан кетуде, жатырдан тыс жүктілікке күдік болған кезде, аналық безден қан кетуде, пельвиоперитонит кезінде көмек көрсетеді.

Бір жыл ішінде бөлімшеде 800 адамнан жоғары науқастар емделіп, көбінесе лапароскопиялық мүмкіндікпен 300-ден жоғары операция жүргізіледі. Емдеудің жаңа әдістерін қолдану арқылы стационарда науқастардың жату мерзімі айтарлықтай азайды. 

Қалауыңыз бойынша қысқа мерзім ішінде біздің клиникамыздың негізіндегі «CHECK-UP» бағдарламасы бойынша толығымен гинекологиялық тексерілуден өте аласыз.

Бөлімшенің дәрігерлері алдын ала жазылу бойынша Медициналық орталықтың емханасында консультациялық қабылдау жүргізеді.

Байланыс телефоны:  бөлімше меңгерушісі 8 (7102) 744348.

Анықтама бюросы 8 (7102) 744368.

Ескерту! Ешқандай да мақала немесе сайт нақты диагнозыңызды анықтамайды. Дәрігердің кеңесі қажет!

 

4 фото
12
11
10
1
12
11
10
1