ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

№2 Терапиялық бөлімше

№2 Терапиялық бөлімше «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС Сәтбаев қаласының клиникасы 2-ші қабатта сол жағында орналасқан.  

Бөлімше тәуліктік стационар бойынша 20 орынға және күндізгі стационар бойынша 10 орынға жұмыс істейді. Жылына тексерістен өткізіледі және шамамен 800 адам ем қабылдайды. Оларға жататындар: «Қазақмыс» корпорациясы және оның филиалдарының жұмыскерлері, зейнеткерлері және мүгедектері; сондай-ақ берілген категорияға жатпайтын пациенттер коммерциялық негізде және берілген квотаға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша. 

Бөлімшенің меңгерушісі терапевт-эндокринолог-дәрігері Айгуль Калдаровна Киргизбаева. 

Егер де пациентте қандай да бір мәселелер немесе қиындықтар туындаса, зерделі, сыпайы қызметкер жедел көмекке келуге дайын.  Медициналық қызметкердің жұмылғыштығы – бөлімшенің әрекет етуші ерекшелігі. Медициналық қызметкердің жоғары кәсіби деңгейі, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері әр пациенттің жеке бабын табуды қамтамасыз етеді.     

Бөлімше айрықша жайлы палата, екі орынды палата, төрт орынды палатамен жабдықталған; жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге заманауи дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген; науқастың ауру түріне қарамастан төрт мезгіл диеталық тамақтандыру қарастырылған. Бөлімшеде кәсіби аурумен ауыратын науқастарға сауықтыру көмегі жүргізіледі.  

Терапиялық бөлімше көп салалы болып келеді, яғни, асқазан-ішек жолы, қимыл-тірек аппараты, несеп шығару жүйесі бойынша аурулармен ауыратын пациенттерге жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Бөлімшенің емдеу үрдісі терапиялық науқастарды емдеудің заманауи стандарттары мен алгоритмдеріне негізделген.  

Емдік-диагностикалық кешені біртұтас құрылым ретінде ұйымдастырылған, яғни, пациентке қажетті барлық талдаулар тікелей осында жүргізіледі. Аспапты және зертханалық диагностика терапиялық бөлімшеге келіп түскен әр пациентке қол жетімді, сондықтан, зертхана тек қажетті диагностикалық жабдықпен ғана емес, зерттеуге арналған реактивтермен де жабдықталған.   

Бөлімшедегі науқастармен жұмыс жасаудың жоғары кәсіби деңгейі – барлық деңгейдегі медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі тұрақты оқытумен және белсенді өздігінен білім алумен қамтамасыз етіледі.   

Байланыс телефоны: бөлімше меңгерушісі 8 (71063) 25654 




Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Өтініш қалдыру
Код с картинки: CAPTCHA