ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Урологиялық бөлімше

Медициналық орталықтағы урология бөлімшесі 22 орынға есептеле отырып, 2002 жылы сәуір айында ашылды.  Ағзадағы әртүрлі урологиялық дерттік процесстері бар пациенттерді емдеудің мол тәжірибесі жинақталған. Пациенттерге жедел және жоспарлы түрде урологиялық көмек көрсетіледі. Республикалық бюджеттің есебінен мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде, сондай-ақ ақылы түрде пациенттерді емдеу жүргізіледі. 

Барынша жайлы жағдайлардың болуы, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілуі, заманауи жабдықтардың болуы, білікті медициналық қызметкердің болуы, емдеудің жаңа әдістерін қолдану – қысқа мерзімде пациенттің диагнозын анықтауға және стационарда болуын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Қандай ауру түрлерімен бізге қаралуға болады: 

  • Қабыну аурулары (баланопостит, орхоэпидидимит(ен және ен қосалқысының қабынуы), уретрит(үрпі қабынуы), цистит(қуықтың қабынуы), простатит(қуық асты бездің қабынуы), пиелонефрит(бүйректің ұлпа тіні мен түбекшесінің қабынуы), паранефрит(бүйрек айналасындағы тіндердің қабынуы)

  • Қуықалды безінің ұлғаюы 
  • Варикоцеле (енбау венасының варикозы)

  • Еркек бедеулігі
  • Эректильді әрекетсіздік

  • Нефроптоз (бүйректің төмен түсуі)
  • Сперматоцеле (атабез ісігі)

  • Гидроцеле (атабез қабығының шемені)

  • Гидронефроз (бүйрек шемені)

  • Бүйрек ісігі
  • Несеп жолының тарылуы

  • Несеп-тас ауруы. Әртүрлі орындағы тастар
  • Несептік-жыныстық жүйесі органдары дамуының ауытқуы

Хирургиялық әрекеттің негізгі бағыттары: 

Бөлімшеде ағзадағы урологиялық дертті процестер кезінде операциялық қатысулардың әртүрлі түрлері жүргізіледі. Неміс өндірушілерінің заманауи жабдықтарын қолдану арқылы аз инвазивті  әдістемелер қолданылады.

Эндоурологиялық қатысулар (несеп жолы арқылы тіліксіз): 

- қуықалды безі ұлғаюының қос полярлық үрпі арқылы сылып тастау .

- несеп қуығы, несеп жолы, бүйрек тасының байланысқан лазерлі түрде тасты уату.

- несеп жолының тарылуы кезіндегі ішкі оптикалық үрпіні тілу. 

- несеп жолы мен несеп қуығы қатерсіз ісігін қос полярлық үрпі арқылы сылып тастау.

- несеп жолын стентирлеу және стентті жою.

- цистоскопия (қуықтың ішін қарау).

Лапароскопиялық операция (құрсақ қабырғасындағы аз тесіктері арқылы):

- енбау венасының варикозын лапароскопиялық түзету 

- бүйрек ісігін  лапароскопиялық және ретроперитонеальді жою 

- бүйрек шемені кезінде ТНБ-ң лапароскопиялық пластикасы 

- бүйрек және несеп жолы тасын лапароскопиялық жою

- төмен түсіп бүйректі орнына келтіріп маңайына тігіп бекітудің лапароскопиялық операциясы

- бүйректі сылып алып тастаудың лапароскопиялық операциясы (нефрэктомия).


Дәстүрлі операциялар:

Бүйрек, несеп жолы және несеп қуысы ауруларын емдеу 

• несеп жолының тарылуы кезінде – тостағанша-несеп жолы буынының пластикасы, уретероцистонеоанастомоз (несеп жолының жамбас бөлігінің пластикасы)

• несеп-тас ауруы кезінде  – цистолитотомия, уретеролитотомия, пиелолитотомия

• нефрэктомия – бүйректі сылып алып тастау 

• бүйрек ісігін операциялық тілу 

• бүйректің төмен түсуінде – нефропексия

• несеп жолына реконструктивті операция 

• несеп қуысына реконструктивті операция


Еркектің жыныс жүйелері ауруларын емдеу:

• ұма мүшесіне операция.

• енбаудың қабынуы кезіндегі операция (Иваниссевич операциясы, субингиванальды мүмкіндік, микрохирургиялық түзету)

• несеп шығару жолын сүмбілеу 

• циркумцизио (жыныс мүшесінің шеткі салын тілу) 

• эпицистостомия (қасаға үстінің тұсынан қуықты тесіп түтік орнату)

• троакарлы цистостомия (қуықты тіліп сыртқы жыланкөз жасау)

Бөлімше кезекшілік тәртіпте сағ.08.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді және ғимараттың сол жағында, төртінші қабатта орналасқан. 

Бөлімшенің байланыс телефоны: 744376  


6 фото
10
1
14
13
12
11
10
1
14
13
12
11





Э
Гидронефроз (бүйрек шемені)
Бүйрек ісігі
Несеп жолының тарылуы
Несеп-тас ауруы. Әртүрлі орындағы тастар
Несептік-жыныстық жүйесі органдары дамуының ауытқуы. 

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA