ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Сәулелік диагностика бөлімшесі

Медициналық орталықтың сәулелік диагностика бөлімшесі Орталық Қазақстаннның ең ірі рентген бөлімшелерінің бірі болып саналады. Сәулелік диагностика бөлімшесінің құрылу тарихындағы маңызды оқиғасы – 2006 жылы компьютерлік томография кабинетінің ашылуы мен КТ-диагностикасының еуропалық мамандарының шақырылуы. Олар екі жыл бойы біздің дәрігерлер мен зертханашыларымызды компьютерлік томографияны жүргізудің техникасы мен әдістемесіне үйретті. Осындай деңгейдегі шараны жүргізу ҚР территориясы бойынша бірден-бірі болып табылады. Осындай серіктестіктің қорытындысы – жүргізілген КТ диагностикасының сапасы еуропалық деңгейдегі сәйкестікке әкелді. Бұл Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының ұжымдарымен бірнеше рет құпталған.  

Компьютерлік томограмманы жүргізудің осындай деңгейдегі сапасы «Телемедицина» жобасын жүзеге асыруға қажет. Осының көмегімен біздің кез келген пациентіміз біздің бөлімшеде жүргізілген зерттеу бойынша Фрайбург қаласының Университеттік клиникасының профессорынан екінші қорытынды алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, қиын жағдайларды талқылау үшін Фрайбург қаласының Университеттік клиникасының профессорлық құрамымен онлайн-семинары мен рентгенолог-дәрігерлерді Германияға бір жылдық оқуға жіберу ұйымдастырылған.

Сәулелік диагностика бөлімшесі төмендегілерді қамтиды:

  • Рентген диагностика кабинеті 

  • Компьютерлік томография кабинеті

  • Маммография кабинеті 

  • Флюорография кабинеті 

Cәулелік диагностика бөлімшесі Siemens фирмасының заманауи рентгендиагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Бұл заманауи рентгендиагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге және пациенттің сәулелік күш түсуін елеулі түрде төмендетуге (тексерілу кезінде сәулеге шалдығуын төмендетуге) мүмкіндік береді.   

  • ICONOS R-200 рентгендиагностикалық кешені – бұл көп қызметті ұқсамалы-сандық рентгендиагностикалық аппарат.

  • SOMATOM Sensation 64 мультиспиральды компьютерлік томографы.

  • Mammomat 3000 Nova маммографиялық аппараты. 
  • С-доғалы ARCADIS Varic жылжымалы рентген жүйесі – эндоскопиялық қимылдарды жүргізу кезінде және Rg интраоперациялық зерттеулерді жүргізуге қажет. 

«Телемедицина» жобасы бойынша барлық қалаған адамдар Медициналық орталықтың телетуннелі арқылы жіберілген рентген және компьютерлік томография суреті бойынша  Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының жетекші мамандарынан «екінші ой-пікірінің» медициналық қорытындысын ала алады. Аталмыш қызметтің құны мәтінді аудару есебінсіз 165 Еуроны құрайды. 

Біздің байланысымыз: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 34, 1-ші қабат, сәулелік диагностика бөлімшесі. 

Телефоны: 8(7102) 741715, немесе 744363 (диспетчер) ішкі 1194 номері арқылы байланыстыру.

Бөлімшенің жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағ. 08.00-ден 16.30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 12.00-ден 13.00-ге дейін. Сенбі күндері сағ.08.00-ден 14.00-ге дейін. 

9 фото
17
16
15
14
13
12
11
10
1
17
16
15
14
13
12
11
10
1



Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA