ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

№ 1 Терапиялық бөлімше

Терапиялық бөлімше 2002 жылы желтоқсан айында ашылды.  

Бөлімше 25 орынға жұмыс істейді. Жылына тексерістен өткізіледі және шамамен 900 адам ем қабылдайды. Оларға жататындар: «Қазақмыс» корпорациясы және оның филиалдарының жұмыскерлері, зейнеткерлері және мүгедектері; сондай-ақ берілген категорияға жатпайтын пациенттер коммерциялық негізде және берілген квотаға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Бөлімшеде 2 дәрігер жұмыс істейді. Бөлімшенің меңгерушісі  терапевт-дәрігері Шолпан Қожамжаровна Махатова.

Бөлімшенің медициналық қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, сондай-ақ, ұжымдағы жағымды психологиялық климаты пациенттердің сәтті емделуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.   

Бөлімше пациенттерге қолайлы қонақүйлі жағдайын туғызатын бір және екі орынды палаталармен жабдықталған; жедел және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи дәрілік препараттармен қамтылған. Бөлімшеде стационарлы небулайзер және пикфлоуметрлер бар, барлық палаталарда орталықтандырылған  оттегі беріледі. Сонымен қатар, бөлімшенің заманауи бронхолитиктермен жабдықталуы тыныс алу мүшелерінде дерті бар пациенттерге жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.  

Бөлімшеде кешенді зерттеу үшін госпитализациялау жүргізіледі, соның ішінде:

  •  УДС кешені, ФГДС, жүректі ультрадыбыстық зерттеу (ЭХОКС), ЭКГ, спирография, УД-аппараттарда тамырларды зерттеу. 
  •  Siemens Somatom Sensation 64 мультиспиральды компьютерлік томографта компьютерлік томография     

  • Терапиялық аурулардың диагностикасы және емдеу жолын бақылау үшін клиникалық, биохимиялық, иммундіхимиялық зертханалық тестердің кең спектрі.

Терапиялық бөлімше кең кешенді болып табылады, яғни, ішек-қарын жолы, қимыл-тірек аппараты, несеп шығару жүйелері ауруларымен ауыратын пациенттерге жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы жұмыскерлеріне сауықтыру емдеулері көрсетіледі. Бөлімшедегі емдеу үрдісі терапиялық науқастардың емдеу мен заманауи стандарттарды және алгоритмдерді жүргізуге негізделген.

Бөлімшедегі науқастармен жұмыс істеудің жоғары кәсіби деңгейі барлық деңгейдегі медициналық қызметкерлерді дипломнан кейінгі оқу мен тұрақты белсенді өздігінен білім алумен қамтамасыз етілген. Бөлімшенің ұраны: «Ең әуелі пациент».

Байланысы: «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС, стационарлық блоктың сол жағы, 2 қабат. Телефоны: 8 (7102) 744344

Анықтама бюросы 8 (7102) 744368 

10 фото
17
15
14
16
10
1
12
13
11
18
17
15
14
16
10
1
12
13
11
18

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Өтініш қалдыру
Код с картинки: CAPTCHA