ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Емхана 1

Емхана «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-ң құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Біздің емхана тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде тіркелген тұрғындарға білікті медициналық-әлеуметтік және консультативті-диагностикалық көмек көрсететін жоғары дамыған мамандандырылған емдік-профилактикалық мекеме және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне міндетті мерзімді медициналық тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарының денсаулық сақтау пунктеріне профилактикалық және емдік көмек көрсетеді, Жезқазған аймағы тұрғындарына ақылы түрде медициналық көмек көрсетіледі.     

Емдік база мен білікті кадрларды қамти отырып, біз инновациялық әдістемелер мен басқарма технологиясын енгізе отырып, жұмысымызды жетілдіруге әрдайым ұмтыламыз. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Ғимарат 2000 жылдан бастап пайдалануға берілді. Ауданы 1431 м2. Есеп айырысу қуаты – күніне 800 рет тексерілу. Бірден-бір типтік ғимарат және заманауи жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келеді.   

Қызметінің басты түрлері 

Халыққа қолжетімді, сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету. Медициналық көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік қызметте денсаулық сақтау жүйесінің инновациялық бағдарламалары белсенді түрде қолданылады, соның ішінде балалардың жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу, қауіпсіз жүктілікті қорғау. Денсаулықты сақтаудың мектебі қызмет етеді: тыныс демікпесі, артериялы қысымның көтерілуі, отбасы құруды жоспарлау, қант диабеті, дені сау бала.     

Ұйымдық құрылымы

Отбасылық денсаулықтың орталығы.

Бөлімшелері: 

-құрамында психолог және әлеуметтік жұмыскерлерді қамтитын  профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, 

-мамандандырылған көмек бөлімшесі,

-профилактикалық тексеру бөлімшесі,

-10 орынды күндізгі стационар на 10 коек.

 Отбасылық денсаулық орталығында сізге көмек көрсетушілер

Терапевт дәрігерлері. Жоғары білікті мамандар, заманауи жабдықтар, сапалы кеңестерді алудың мүмкіндігі, функционалдық диагностиканың болуы аурудың кең спектрін анықтау мен тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Бала дәрігерлері, балалардың невролог дәрігерлері. Кез келген қиын жағдайларда дереу көмектесетін жоғары санатты мамандар.

 

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінде Сіз келесі дәрігерлерден кеңес ала аласыз:  

Психолог – өзінің қызметіндегі ауқымын кеңейту мен жақсарту бойынша ынталандырушы білікті маман.

Салауатты өмір салтының тәжірибелі дәрігерінің жетекшілігімен «Тыныс демікпесі», «Гипертония ауруы», «Қант диабеті», «Отбасыны жоспарлау» мектебінде кеңес ала аласыз.

Мамандандырылған көмек бөлімшесінде жұмыс істеушілер:

Кардиолог дәрігері. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын анықтау, жүрек және көк тамырлары қызметінің диагностикасы, сондай-ақ, ауруларының туындау себебін, дамуының механизмін, клиникалық көрінісін анықтау және емдеудің тиімді әдістерінің мәселелерін шешу.   

Невролог дәрігері. Нейровизуалдаудың жаңа заманауи әдістерімен неврологиялық аурулардың диагностикасы (мультишиыршықты КТ, УЗИ-БЦА, ЭЭГ, ЭхоЭГ). Бұл бұзушылықтарды анықтап және емдеудің тиімді үлгісін, сауықтыру курсы бойынша ұсынымдарды тағайындау.

Эндокринолог дәрігері. Эндокринді жүйесінің патологиясының диагностикасы, профилактикасы және жоғары кәсіби деңгейде емдеу. Эндокринді патологиясы бар пациенттерді қабылдау қажетті жағдайда амбулаториялық жағдайда және жолдама көрсетілімдері бойынша стационар бөлімшесінде  емделеді.  Эндокринді бедеуді емдеу гинеколог дәрігерімен бірге жүргізіледі.  

Аллерголог дәрігері. Аллергологиялық патологиясы бар науқастарды өзіндік диагностикасы (тест жүргізу) және емдеу.

Гастроэнтеролог дәрігері. Кеңес беру, диагностикасының заманауи әдістері, бақылау арқылы емдеудің кешенді жоспарын тағайындау, әрі қарай сауықтыру емі бойынша ұсынымдар беру.  

Дерматовенеролог дәрігері. Тері-венерологиялық ауруларының және жыныстық жолымен берілетін аурулардың профилактикасы мен емі. Аурудың клиникалық туындау ерекшеліктеріне, жасына сәйкес әр пациентке дара тіл табылады. Санитарлық-гигиеналық ереже қатаң сақталынады және аты-жөнін көрсетпеуге кепіл беріледі.  

Көз дәрігері. Көзді тексерудің заманауи жаңа әдістері және көздің кемшілігін түзету (көзілдірік пен жанаспалы линзаны таңдау),  компьютерлік тонусты өлшеу; компьютерлік периметрия; УДС (А-В скан) кератометрия, циклоскопия; гониоскопия; лазерокоагуляция (ішінара циркляж бен толық циркляж); көз торының лазерлі коагуляциясы (барраж).

Отоларинголог  дәрігері (ересектер мен балалардың). Отоларингологияда емдеудің жаңа әдістерін қолдану. Отоларинголог мамандарының барлығында еңбек өтілі 5 жылдан бастап. Қолданылатын терапиялық, арнайы өңделген әдістемелер көптеген ЛОР-ауруларын емдеуде жақсы нәтижелер береді. Заманауи жабдықтар ауруды уақытылы анықтауға және заманауи эндоскопиялық операция жүргізуге мүмкіндік береді.        

Хирург  дәрігері (ересектер мен балалардың). Кеңес беру, заманауи диагностика, әр түрлі дерті бар(құрсақ қуысы мүшелері, тамырлы патология, сүйек-буындары патологиясы, колпроктология, жұмсақ тіндер) пациенттерге білікті көмек береді.

Травматолог дәрігері. Жарақат, зақым, созылуларды және олардың салдарын анықтау және емдеу. Емдеудің жаңа әдістерін қолдану. Әр түрлі жарақаты бар пациенттерге амбулаториялық көмек көрсету, сонымен қатар, пациентке қажетті емдеу шарасын тағайындау және заманауи эндоскопиялық операцияны жүргізудің қажеттілігі жағдайында пациенттің жатқызылуын қамтамасыз ету.

Уролог дәрігері. Қуықалды безі ауруларының алғашқы диагностикасы және оны емдеу. Қабылдауды жоғары санатты тәжірибелі уролог дәрігерлері жүргізеді.  Мамандармен озық медициналық технологиялар, ең заманауи препараттар және емдеудің авторлық әдістемесі қолданылады.  

 Гинеколог дәрігері. Зәр-жыныс инфекциясының диагностикасы мен оны емдеу, созылмалы қабынба ауруларына емдеу шараларын жүргізу, жатыр мойнын сауықтыру, контрацепцияның әдістерін жеке таңдау, жүкті әйелдерді қабылдау және оларды тексеру. Әр түрлі генез бедеулігінің диагностикасы мен емі. Сараптау тобының диагностикалық жабдықтарды, тиімді заманауи әдістерді, емдеудің авторлық бағдарламаларын қолдану, тәжірибелі гинеколог дәрігерлері, физиотерапияның дәстүрлі әдістерімен үйлесуі.

Стоматолог дәрігері. Ауыз қуысы мен бет-жақ сүйектері, тіс ауруларының диагностикасы, емі және профилактикасы бойынша мәселелерді шешетін тәжірибесі мол, жоғары білікті мамандар қызмет көрсетеді.

Емханамыздың ерекшілігі – учаскелік және цехтық қызметтерінің қоса атқарылуы. Емхананың құрамына дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге, «Бақылау» тобындағы жұмыскерлерге қайталамалы ауруға қарсы ем жүргізу және диспансерлеуді қамтамасыз етуге тікелей кәсіпорындарда орналасқан денсаулық сақтау пункттері кіреді.

Біз әр пациентке проблемаларын шешуде дара тіл табуға кепілдік береміз. Біздің дәрігерлеріміздің тәжірибелігі мен кәсібилігі, ғылым мен тәжірибелі медицинаның жаңа жетістіктері, диагностикалық жабдықтар, заманауи зертханалық қоры – денсаулығыңызға қатысты проблемаларыңызды шешуге көмектеседі.    

Біздің түпкі мақсатымыз – Сіздерге қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету.

Емхана меңгерушісі –  жоғары санаттсанатты невролог дәрігері Людмила Юрьевна Угай.

Бірінші қабатта орналасқан анықтамалық-ақпараттық бюросынан Медициналық орталықтың жұмысы туралы барлық ақпаратты ала аласыз.    

 

Байланыс телефоны: емхана меңгерушісі 8(7102) 744363

Тіркеу бөлімі:  8 (7102) 74-44-31

Анықтамалық-ақпараттық бюросы  8(7102) 744368

 

Мекенжайымыз: Жезқазған қ., Алашахан даңғылы 34.

  

10 фото
18
17
16
15
14
13
12
11
10
1
18
17
16
15
14
13
12
11
10
1


Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA