ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

№2 коммерциялық бөлімше

№2 коммерциялық бөлімше 

«Жезқазған медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жүйесінде жұмыс істемейтін және жұмыс істейтін пациенттері үшін, бірақ ұйымдар арасындағы шарттық келісімге отырмаған пациенттер үшін де ашық.   Осы санаттағы пациенттерге қызмет көрсету үшін екі терапиялық бөлімшені қамтитын коммерциялық қызмет құрылды.  

№2 коммерциялық бөлімше 2002 жылдың ақпан айынан бері қызмет етіп келеді.

Бөлімшенің меңгерушісі  жоғары санатты терапевт дәрігері Галина Яковлевна Логвиненко.

Бөлімшеге жатқызылу пациенттің жазбаша өтінішіне сәйкес бөлімше  меңгерушісінің тексеруінен кейін жоспарлы түрде жүргізіледі. Бөлімше 12 орынға мөлшерленген. Науқастарға барынша жайлы жағдайлар жасалған: жеке санитарлық тораптары, теледидар, тоңазытқыш, салқындатқышы бар бір және екі орында палаталар.  

Толығымен дәрімен қамтамасыз ету, заманауи жабдықтардың болуы; бөлімшенің білікті медициналық қызметкерінің кәсібилігі, ниеттілігі, тәртіпке салынған жұмысы – медициналық ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді.  

Төрт мезгіл тамақтандыру пациенттің ауру түрін есепке ала отырып, емдік диетаға сәйкес жүргізіледі.  

№2 коммерциялық бөлімшенің ерекшелігі – көп салалығы – бөлімшеде жүрек-көк тамыр жүйелері, қимыл-тірек аппараты, асқазан-ішек жолы, несепшығару жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерді тексеру және емделуге мүмкіндігі бар.

Тексеру қысқа мерзім ішінде Медициналық орталықтың барлық диагностикалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүргізіледі:

  •  Брахиоцефальды күретамырдың ультрадыбыстық допплерографиясы 
  • Siemens фирмасының «Somatom Sensation 64» көп шиыршықты компьютерлік томограф бас миы мен омыртқа жотасының кескіндерін қайта құруға мүмкіндік береді 
  • Тамырлы зақымдарды және мальформация диагностикасы үшін ангиографикалық тәртіптегі КТ 
  • Жүйке зақымдарының деңгейі мен дәрежесін анықтау үшін электронейромиографиясы   
  • эхоэнцефалография 
  • электроэнцефалография 
  • ЭКГ, күретамыр қысымын тәуліктік бақылау және заманауи құралдардың көмегімен ЭКГ-ң холтерлік бақылау  
  • Жүректі ультрадыбыстық зерттеу (ЭХОКГ), УЗ аппаратында тамырларды зерттеу  
  • Жүрек қуысындағы қан ұйығын анықтау үшін ЭХО-кардиография   
  • Siemens фирмасының «Somatom Sensation 64» көп шиыршықты компьютерлік томографында жүректің компьютерлік томографиясы 
  • колоноскопия 
  • ФГДС және т.б. 

Кеңеске Медициналық орталықтың, Жезқазған қ. емдік мекемелерінің жетекші мамандары қатысады.  

Пациенттерді кешенді емдеу Диагностика  мен емдеудің бекітілген Хаттамасына сәйкес әр науқасқа жеке бабын табу арқылы жүргізіледі: дәлелді медицинада тиімді нәтиже беретін заманауи дәрілік препараттар, физиотерапиялық емдеу шаралары, емдік дене шынықтыру, уқалау тағайындалады.     

Дипломнан кейінгі және өзіндік білім алу медициналық қызметкердің кәсібилігінің жоғары деңгелігін қамтамасыз етеді. Германиядағы Фрайбург қаласының Университеттік клиникасымен сәтті ынтымақтастықтамыз.

Жатқызылу, тамақтану, көрсетілген медициналық қызметтерді және дәрі-дәрмектерді төлеу қолданыстағы баға көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі.

Байланыс телефоны : бөлімше меңгерушісі 8 (7102) 744370

анықтама бюросы 8 (7102) 748345

    

4 фото
4
3
2
1
4
3
2
1


Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA