ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Офтальмологиялық бөлім

Медициналық орталықтың офтальмологиялық қызметі 2000 жылдан бастап емханадағы офтальмологиялық кабинеттің ашылуымен өзінің қызметін бастады. 2004 жылдан бастап «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-де көздің микрохирургиясы бөлімшесі қызмет ете бастады.

 Емханада ересектер үшін 4 көз дәрігері және 1 балалардың көз дәрігері қабылдайды (1 дәрігерде жоғары біліктілік санаты, 3 дәрігерде бірінші біліктілік санаты бар). Қабылдау тәртібі Жезқазған қаласы Медициналық орталығы емханасындағыдай, Сәтбаев қаласындағы Медициналық орталығының филиалында Медициналық орталыққа тіркелгендер үшін тегін және басқа медициналық мекемеге тіркелген тұлғаларға ақылы түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, «Жезқазған қаласы медициналық орталығы» ЖШС емханасында миопия (алыстан көрмеушілік) кезіндегі лазерлі коагуляция (бірігу), көздің ішкі тор қабығының дегенеративті аурулары, көздің ішкі тор қабығының ажырауы, қан диабетіне жасалатын лазерлі хирургия кабинеті бар.

 Офтальмологиялық бөлімшеде 15 тәуліктік орын жайғастырылған және бөлімшеде 3 көз дәрігері жұмыс істейді. Стационарда қабыну, азғын және көздің басқа да ауруларына көмек көрсетіледі, сонымен қатар, суқараңғы, глаукома, қыли көзділік ауруларына, көзжас мүшелеріне, көз жарақатына операция, қабақ пішінін өзгертуде түзету операциясы жасалады. Көз бөлімшесі толығымен заманауи, жаңа жабдықтармен жабдықталған және тұрғындарға жоспарлы түрде, сондай-ақ жедел түрде көмек көрсетуде дәрілік заттардың кең жиынына ие. Пациенттердің қалауы бойынша санитариялық торабы мен себезгі кабинасы бар жайлы бір, екі және үш орынды бөлмелер бар.

                                 Офтальмологиялық бөлімшенің жабдықдықталуы:

  • TOPCON OMS 90 фирмасының офтальмологиялық операциялық микроскобы (Жапония)  микрохирургиялық операциялардың барлық түрлерін жүргізуге арналған.

  • INFINITI офтальмологиялық жүйесі, Alcon (АҚШ) – «ALCON», «BAUSH & LOMB» және т.б. фирмаларының интраокулярлы линзалардың кең түрлері мен суқараңғысының факоэмульсификациясы үшін.

  • Басқышты басқармасы бар офтальмологиялық үстелі (Үнді)
  • «Shin-Nippon» фирмасының саңылаулы шамы (Жапония)

  • Shin-Nippon белгілерінің проекторы (Жапония) көру функцияларын зерттеу үшін және кез келген көз кемістігі (миопия, гиперметропия), сондай-ақ, бұлдырлану кезінде түзетуге құралдарды тағайындауға арналған. Дистанционды басқармасы бар проектор белгілері көптеген функционалдық мүмкіндіктерге ие. 
  • curef-K Shin-Nippon автоматты рефрактокератометрі (Жапония) қосымша құралдардың көмегінсіз (мысалы, циплоплегия) және жеткілікті деңгейде нақты рефракцияны анықтауға мүмкіндік береді.  Перифериялық нүктеде қасаң қабақтың қисықтығын автоматты түрде өлшеу қызметіне ие, әсіресе, жанаспалы линзаны таңдау немесе өлшеу кезінде.NCT 10 Shin-Nippon байланыссыз тонометрі (Жапония) келесідей мүмкіндіктерге ие: ауаның жұмсақ ағыны – пациенттердің жайлылығы үшін, мәліметтерді өңдеудің жаңа алгоритмі – тез және нақты, көздің ішкі қысымын байланыссыз өлшеу. 
  • КОWA AP 5000 C автоматты компьютерлік периметрі (Жапония) статикалық, кинетикалық, түсті периметрді және көздің ішкі тор қабықшаларының шекті сезімталдығын бағалауды жүргізуге арналған. 
  • E-Z scan AB 5500 Sonomed ультрадыбыстық аппараты (АҚШ) көздің ішкі құрылымының бейнесін алуға, көз жанарының қалыңдығын анықтауға, көз алмасының өлшемін анықтауға мүмкіндік беретін офтальмологиялық УДС-зерттеулеріне арналған мамандандырылған аппарат. Бағдарламалық қамтамасыздандырылуы интраокулярлы линзаның және т.б. өлшемін білуге мүмкіндік береді. Көздің ішкі тор қабығының қабаттануы, бөтен дене, шыны тәріздес дененің бұзылуы, ісік және т.б. диагностикасы.
  • Integre 532 нм ELEXX лазеркоагуляторы (Австалия)  қант диабеті, көздің тамырлы аурулары, көздің ішкі  тор қабығының жергілікті қабатталуы және жоғары деңгейде алыстан көрмеушілік кезіндегі көз торын емдеуге арналған. Белгілі бір жерді ауыртқызбаушылықпен амбулаториялық түрде оазеркоагуляция емдеу шарасы жүргізіледі, емдеу шарасының мәні тіндерге тиесілі көз торының «еріту» және көз торын қабаттандырмайтын берік қосылған жерді құру. Лазеркоагуляция мүлдем ауыртпалықсыз, және пациенттен тек төзімділікті талап етеді, өйткені, лазерлі хирург көз торының тіндеріне коагулянттарды жете бақылай отырып жағады.  

Офтальмологиялық бөлімшенің медициналық қызметкерлері көз ауруымен ауыратын науқастарға офтальмологиялық көмектің барлық жиынын жүргізуге арналған тиесілі біліктілікке ие. Медициналық қызметкердің пациенттерге кішіпейіл, игілікті және сақтық қатынастары олардың тез сауығып кетуіне әсер етеді.

Астана қаласындағы «Көз ауруларының қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ филиалымен және ҚР жетекші лазерлі хирургі – В.В.Раевскиймен ынтымақтастық жүргізіледі. 

Байланыс телефоны: офтальмологиялық бөлімше 8 (7102) 744345

Анықтама бюросы: 8 (7102) 744368

Емханадағы тіркеу бөлімі: 8 (7102) 744349

 

         

2 фото
1
10
1
10

 

  

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA