ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Неврологиялық бөлімшесі

Медициналық орталықтың неврологиялық бөлімшесі 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді және МО-ң оң жағындағы 5 қабатта орналасқан. Бөлімше 25 орынға есептелген, жыл сайын 900 адамға дейін емделуде. 

Бөлімшеде бір, екі, үш орынды палаталар бар, әрқайсысында теледидар, душ кабинасы, санитарлық торап бар. Сонымен қатар, әр палатада медициналық қызметкерді шақырудың жүйесі орнатылған.

«Қазақмыс» корпорациясы пациенттер-жұмыскерлері бөлімшеге Жезқазған МО және Сәтбаев қаласындағы МО емханасы филиалының невропатолог-дәрігерлерінің жолдамасымен жіберіледі. Пациенттер мемлекеттік тапсырыс бойынша ОДА дәрігерлерінің жолдамасымен немесе көрсетілімдер бойынша жедел жатқызылады.  

МО неврологиялық бөлімшесінің негізгі қызметі – жүйке тамырларының шеткі және орталық жүйесі ауруларымен ауыратын аймақтың тұрғындарына жоғары білікті, мамандандырылған, кеңестік, диагностикалық және емдік көмекті ұйымдастыру және көрсету. 

Бөлімшені 2006 жылдан бері жоғары санатты дәрігер – Шолпан Айдарбековна Жабаспаева меңгереді. 

Ординатор-дәрігері – 2 санатты невропатолог дәрігері Руслан Викторович Тильман, 2009 жылдан бері МО жұмыс істейді. Сондай-ақ, бөлімшенің құрамына білікті орта және кіші медициналық қызметкерлер кіреді.

Неврологиялық кешендегі келесідей дерттері бар науқастарға тексеру мен емдеу жүргізіледі:

  • Жүйке тамырларының шеткі жүйесі аурулары (остеохондроз, жүйкенің қабынуы, плексопатия);

  • Жүйке тамырларының орталық жүйесі аурулары (ми қан айналымының бұзылуы – инсульт, өткінші ишемиялық өршу; сондай-ақ, ми қан айналымының созылмалы бұзылулары – дисциркуляторлы ми дерті, болған инсульттердің салдары);

  • Демиелинизирлеуші аурулар (жайылған беріш (склероз), асқынған ми мен жұлынның қабынуы (энцефаломиелит, бүйірлі амиотрофиялық беріш және т.б.);

  • Болған бас сүйек-ми және омыртқа-жұлын зақымдарының салдары;

  • Бас ауруларының әртүрлі түрлері (бас сақинасы, күш түсірудің бас ауруы және т.б.);

  • Тұқым қуалаушы аурулар (миопатия, атаксия);

  • Талмалы ауру және қалшылдаған синдром;

  • Жүйке жүйесінің экстрапирамидалық зақымдануы (Паркинсон ауруы, эссенциалды тремор және т.б.);

  • Шығу тегі әртүрлі моно және поли жүйкелік дерттер;

  • Вегетативтік жүйке жүйесінің аурулары.


Біздің бөлімшенің басты бағытының бірі – науқастарды, оның ішінде инсульт, бас пен омыртқа зақымы, нейрохирургиялық қатысулардан кейінгі сауықтыру болып табылады.
Сауықтыру үрдісі дәрілік кешенмен емдеу, ЕДШК нұсқаушысының басшылығымен емдік дене шынықтыру (кинезотерапия), уқалау, физиолық емдеудің әртүрлі бағдарламаларын жүргізуге бағытталған. «Sakai» фирмасының заманауи компьютерленген аппаратында омыртқаны мөлшерлеп тарту енгізілген.  

Нақты диагнозын анықтау үшін, мамандар неврологиялық науқастарды емдеудің жаңа әдістемелерін қолданады, сонымен қатар, науқастарды емдеудің құрастырылған жиі қолданылатын үлгісі бар.  

Асқынған инсульті бар пациенттердің диагностикасында бұрынғы диагностикасының маңызы бар. Медициналық орталықта  осыған арналған барлық жағдайлар бар – пациенттің стационарға келіп түскен кезде невролог дәрігерінің тексеруінен кейін қан алу, жедел КТ-диагностикасы, мүмкіндігінше пациентке тромболитикалық терапия жүргізіледі және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылады. Медициналық орталығы ұжымының жұмыстарының жеделдігі, тапсырмалардың нақты орындалуы, реттелуі пациентті тиімді емдеуге және мүгедектіктің алдын алуын қамтамасыз етеді. Бірақ, ең алдымен, тромболитикалық терапия жүргізу мүмкіндігі үшін пациенттердегі инсульттің алғашқы белгілерінде уақытылы алғашқы тексерілуі үшін тұрғындармен кең көлемді жұмысты талап етеді. 

Сәтті емделу үшін жақсы диагностика қажет, осыған байланысты Медициналық орталықта неврологиялық кешені диагностикасының заманауи әдістері бар:

  • Бас миының және оның тамырларының, омыртқаның әртүрлі бөлімдері мен арқа миының компьютерлік томографиясы (Siemens фирмасының «Somatom Sensation 64» көп спиральды компьютерлік томографы көмегімен бас миы мен омыртқа суреттерін ұйымдастыру, мальформация және тамырлы зақымданудың диагностикасы үшін ангиографикалық тәртіп жүргізіледі),
  •  Брахиоцефальды күретамырды ультрадыбыстық зерттеу,
  • Жүйкенің зақымдануының деңгейі мен дәрежесін анықтау үшін электронейромиография,
  • Омыртқаның рентгенографиясы,
  • Электроэнцефалография,
  • Эхоэнцефалография,
  • Белдік инемен тесу,
  • Зерттеудің зертханалық әдістері.

Тиімді емдеудің кепілі – сәтті оқу. Медициналық орталықтың Қарағанды, Алматы, Астана қалаларының неврологиялық клиникаларымен және Германиядағы Фрайбург қаласының Университеттік клиникасымен байланысы бар. Сондай-ақ, Медициналық орталықта телемедицина бойынша невролог-дәрігерлеріне арналған оқыту бағдарламалары жүргізіледі. 2013 жылы 3 ай бойы Фрайбург Университеттік клиникасымен жетекші невролог, радиологтардың «Инсультті емдеу мен заманауи диагностикасы» атты тақырыптағы дәріс курсы жүргізілді. «Ишемиялық инсульт кезіндегі тромболитикалық терапияның хаттамасы» енгізілді. 
 
Медициналық орталықтың қағидасы – аурулар мен пациенттерді емдеудің тәртіп аралық және дербес ықпалы болып табылады, күрделі жағдайларда әртүрлі мамандармен кеңес (консилиум) жүргізіледі. Көрсетілімдері бойынша «тар көлемді» мамандармен (терапевт, кардиолог, эндокринолог, көз дәрігері, отоларинголог, хирург, уролог, дерматовенеролог, нейрохирург) кеңес жүргізіледі.

Бөлімшенің алдына қойған басты міндеті – пациенттің өмірінің сапасын жақсарту, неврологиялық аурулардың асқынуын тоқтату, науқасты үйге шығарар кезде ұсынымдармен сауықтыру, сонымен қатар, амбулаториялық ем үшін дәрілерді тағайындау.

Емдеу шаралары таңертеңгі емдік жаттығулардан басталады. Кейіннен пациенттер дәрілік ем, уқалау, әртүрлі физиолық емдеу шараларын қабылдайды. Айрықша күтімді талап ететін пациенттерге күтім бойынша білікті медбибі көмектеседі, яғни пациенттің туыстарына күтудің негізі, тамақтандыру және постинсультті  инсульттің асқынуының емдеу шаралары туралы үйретеді. Төсек тартып жатқан пациенттерге физиолық емдеу шаралары, емдік гимнастика және палатадағы орнында уқалау жасалынады. Неврологиялық пациенттерді сауықтырудың маңызды бөлімі – ЕДШК білікті нұсқаушысымен кішігірім топта және жеке жаттығу бойынша емдік дене шынықтыру, (белсенді және бейтарап гимнастикасы, пациенттің туыстарын емдік гимнастиканың негіздерін үйрету) физикалық сауықтыру болып табылады. 

Бөлімшеде емдеудің келесідей түрлері жүргізіледі:
Заманауи дәрілік емдеу (нейропротекторлар, ноотроптар, тамырлы, В тобының дәрумендері, НПВС, нейрометаболикалық терапия және т.б.)
Емдік гимнастика (жалпы таңертеңгі, топтық және жеке), уқалау, бел және мойын омыртқа бөлімдерін сүйектен тарту
 Омыртқажанылық, сегізкөздік бөгелістер, басқа да новакаин бөгелістері 

МО неврологиялық бөлімшесінің ұжымы кәсібилігімен, пациенттерге лайықты және ықыласты қарым-қатынасымен ерекшеленеді.


Біздің байланысымыз: Медициналық орталық, 5 қабат, сол жағы, Неврологиялық бөлімше.
Телефоны: 8-7102-74-43-53, анықтама бюросы 8-7102-74-43-68.
Дәрігермен кеңесу уақыты: күн сайын 16.00-16.45.
Пациенттерге кіріп шығу уақыты: күн сайын 10.00-12.00, 16.00-19.00.

Бөлімінің жұмысы туралы бейне


5 фото
13
10
11
12
1
13
10
11
12
1

Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA