ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Зертхана бөлімшесі

Зертхана бөлімшесі

Медициналық орталықтың зертханасы 2003 жылдан бері қызмет етіп келеді.  

Зертхана меңгерушісі Елена Юрьевна Рыбка.  

Барлық дәрігерлер Қазақстан, Ресей, Еуропа елдерінде жетілдіру курстарынан әрдайым өтуде.   

Зертхана бөлімшесі сапаның ішкі бақылауын жүргізумен қатар, сапаны ішкі бақылаудың халықаралық бағдарламаларына қатысады. Биохимиялық және иммунологиялық зерттеулердің сапасы бойынша Халықаралық сертификаттары бар.    

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап штрих-кодтау негізінде  Зертханалық ақпараттық жүйе-сынамаларды компьютерлік сұрыптау қызмет етеді. Бұл сол сәтте нәтижені алуға, сынаманы таңбалау және құжаттарды дайындауда қателіктерді болдырмауға көмектеседі.  

Биохимиялық бөлім

Ірі өндіруші-фирмалардың талдамаларымен жабдықталған. Биохимиялық, иммунологиялық, коагулометриялық зерттеулердің кең спектрін орындайды. 

Биохимиялық жүйелер: VITROS 350, VITROS 5.1 (АҚШ) және HITACHI 902 (Германия/Жапония)

Қан кетуді тоқтатудың (гемостаз) талдамасы: STAGO COMPACT және SNAGO START  (Франция)

Нәтижені алу уақыты – 2,5-8 минут. 

Тесттердің мәзірі: АЛТ, АСТ, ГГТ, ЛДГ, амилаза, ұйқы безі амилазасы, холинэстераза, сілтілі фосфатаза, креатинфосфокиназа, КФК МВ-фракциясы, жалпы, тік, жанама, дельта, нәрестелік билирубиндері, жалпы белок, альбуминдер, қарапайы нәруыздар (глобулиндер), креатинин, т.б. Реберга, несепнәр, несеп қышқылы, тимолды сынама, глюкоза, лактат, холестерин, үшглицеридтер, жоғары, төмен тығыздықты липопротеидті холестерин, темір, фосфор, магний, қорғасын, жалпы кальций, калий, натрий, хлор, карбон диоксиді, аммоний, анионды айырмашылық, этанол, дигоксин, ПТИ, МНО, фибриноген, АЧТВ,  С-реактивті ақуыз, ревмофактор,  гликолизделген гемоглобин

Иммунды диагностикалық жүйе  VITROS EciQ  (АҚШ)

Анықтаудың патенттелген технологиясы  – күшейтілген хемилюминесценция, бұл өлшеуші параметрлердің кең динамикалық ауқымды, сонымен қатар, жоғары дәлдік пен сезгіштікті қамтамасыз етеді. Тексеруші, бағалаушы және әр нәтижені құжаттандырушы бірден-бір жүйе. 


Тестілердің мәзірі: АИВ (ВИЧ), С гепатитіне қарсы денелер (антитела), австралиялық В гепатитінің антигені, токсоплазмаға қарсы денелер; тропонин кардиомаркерлері, N-соңғы ми натрийуретикалық пептид; ПСА онкомаркерлері, СА-125II, СА-15-3, СА-19-9, СЕА(РЕА), АФР; ТТГ тиреоидты гормондары, еркін Т3 и Т4; эстрадиол репродуктивті гормондары, прогестерон, ФСГ, ЛГ, пролактин, тестостерон; ферритин – темір қорын бағалаудың нақты маркері, кортизолдың зат алмасу көрсеткіші, NTx сүйек синтезін бағалаудың тестісі. 
«БиоРад» (АҚШ) фирмасының иммунды планшеттік талдауышы  
Лямблия, описторхоз, аскаридаға қарсы денелерді анықтау жолымен гельминтоздардың қанда болуын зерттеу.  
H.pylori қарсы денені анықтау (асқазан жарасы ауруының дамуына итермелеуші себепшарт инфекциясы).


Клиникалық-гематологиялық бөлім

Жалпы қан, зәр, боқ, өт, тер, простатит сөлі, шәует, дәстүрлі мануалды әдіспен ми жұлын сұйығына зерттеуді жүргізумен қатар, заманауи компьютерленген талдау жүйесінде қан мен зәрдің автоматтандырылған зерттеуі жүргізіледі. Бұл 3-5 минуттың ішінде жоғары дәлдікпен нәтижені алуға мүмкіндік береді.    
Sysmex КХ-21N гемоанализаторы қанның 19 параметрін анықтауға мүмкіндік береді: лейкоцит, эритроцит, тромбоцит, гемоглобин, гематокриттердің саны, эритроциттің орташа шамасы, эритроцитте гемоглобиннің орташа құрамы, эритроцит үлестірімінің ені – анизоцитоз көрсеткіші, тромбоциттердің орташа шамасы, нейтрофил, лимфоцит, орташа жасушалардың(моноцит, эозинофил, базофил) мөлшері және т.б.     
Sysmex ХT – 2000i гемоанализаторы – гематологиялық цитофлуориметр қанның 33 параметрін нақтылық пен дәйектіліктің жоғары деңгейімен талдауға мүмкіндік береді.   Қосымша түрде эритропоэтикалық қызметті тиімді бақылауға, тромбоциттердің нақты есебі үшін флюоресценцияның оптикалық талдауына, нейтрофил, лимфоцит, моноцит, эозинофил, базофил индексі мен қатынасына арналған толу индексін қоса  қретикулоциттің есебін жүргізеді. 
Sysmex UF-1000i зәрдің арнаулы элементтерінің автоматты талдағыш. Флуоресценттік цитофлуориметрия технологиясы мен жасуша және оның арнаулы элементтері популяциясының кластерлік талдау әдісі зәрдің арнаулы элементтерінің басты он түрлерін (эритроцит, лейкоцит, эпителиальды жасуша, қосынды, бактерия, кристалдар, ашытқы, патологиялық қосынды, кішкентай домалақ жасушалар және шәует жасушалары) нақты және дәйекті түрде топтастыру мен сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.   
Urisys 1100 зәрдің биохимиялық жылдам-талдаушысы 10 параметрлерді тез анықтауға мүмкіндік береді: салыстырмалы тығыздығы, лейкоциттер, қышқылдығы, нитриттер, ақуыз, эритроциттер, глюкоза, билирубин, кетондық денелер, уробилиноген. 


Бактериологиялық бөлім 
Бөлімде қоздырғыштарды сәйкестендіру және сезімталдықты анықтау дәстүрлі әдістермен қатар, BioMerieux (Франция) фирмасының (бактериологиялық талдағыш өндірісінде әйгілі көшбасшы) Vitek 2 Compact 30В автоматты бактериологиялық талдағышта жүргізіледі. Карта тестісін оқу әрбір 15 минут сайын жүргізіледі, талдаудың нәтижесі 2-4 сағаттан кейін дайын болады.  
Ген-молекулалық зерттеу бөлімі 
ПЦР-талдау технологиясын қолдана отырып, бөлімде зәр-жыныс инфекцияларының (хламидиоза, микоплазма, уреаплазмоза, гонорея, трихомониаза, гарднереллеза), цитомегаловирусты инфекциясының, жай ұшықтың вирусының қоздырушыларын анықтайды. Сонымен қатар, жатыр мойны қатерлі ісігінің дамуына итермелеуші себепшарт – папилломовирусы. 


Тұрғындарға қолайлылық үшін зерттеудің барлық түріне материалды жинауды жүргізетін ақылы зертханалық зерттеу кабинеті ашылды. Биохимиялық, иммунды химиялық, гематологиялық, клиникалық зерттеулердің нәтижелері – тексерілген күні дайын болады. Жедел зерттеулер де жүргізілуі мүмкін: қан мен зәрді жалпы талдау – 5 минут ішінде, толық биохимиялық талдау – 1 сағат ішінде. 

Зерттеулердің нәтижелері пациенттің қалауы бойынша электрондық поштаға жіберілуі мүмкін.

2А073 ақылы зертханалық зерттеу кабинеті жексенбі күдерінен басқа сағ.08.00-ден 15.30-ға дейін, сенбі күні – 08.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс сағ.12.15-тен 12.45-ке дейін. 


Сәтбаев қаласы тұрғындарының қолайлығы үшін зертханалық зерттеуге материалдарды жинау мен нәтижелерді беру Медициналық орталықтың филиалында Абай көшесі 27 мекенжайы бойынша қабылдайды.
Сәтбаев қаласының емханасы егу кабинеті сағ.09.00-ден 11.00-ге дейін пациенттерді қабылдайды. 

Байланыс телефоны: Лабораториялық зерттеулерді ұйымдастырудың менеджері бораторных исследований (7102) 781940 
Анықтама бюросы (7102) 748345

5 фото
13
12
11
10
1
13
12
11
10
1




Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA