Оториноларингологиялық бөлімшесі
Оториноларингологиялық қызметі жалпы бағыттағы 20 орынға мөлшерленген ЛОР бөлімшесі мен емханадағы ЛОР кабинетімен көрсетіледі.
ЛОР бөлімшесінің қызмет көрсету аймағына Жезқазған аймағы кіреді, яғни, Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Ұлытау ауданы.
Пациенттердің басым көпшілігі Сәтбаев қаласының клиникасы, кеңес беруші емханасының ЛОР кабинетінен, сонымен қатар, қала мен аудандардың отбасылық дәрігерлік амбулаториясынан келіп түседі. Жедел жәрдем «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне, Мемлекеттік тапсырыс шегінде қалалық және ауылдық тұрғындарға көрсетіледі.
Бөлімшеде пациенттерге жедел, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған отоларингологиялық көмек көрсету үшін барлық қажетті заттар бар.
ЛОР-қызметі заманауи медициналық жабдықтар мен құралдармен жабдықталған:
-
емдік-диагностикалық құрылғы (Otopront, Германия), OPMI Pico диагностикалық микроскопы (Carl Zeiss, Германия), қатқыл эндоскоп және иілгіш риноларингофиброскоп (Karl Storz, Германия), диагностикалық құралдардың жиынтығы (Karl Storz, Германия) және ЛОР-хирургиялық операция құралдарының әр түрлі жиынтығы (Karl Storz, Германия).
-
Сонымен қатар, келесілер де бар: отоскоп (Heine, Германия), Tymp-Screen тимпанометрі және ORBITER 922 V.2 (Madsen Electronics, Дания) клиникалық аудиометрі, дабыл жарғағының пневмо уқалауына арналған КОМПРЕССОР (Россия), операциялық блокта эндоскопиялық құрама бейне бағаны (Karl Storz, Германия). Мұрынға реконструктивті пластикалық операция жасауға арналған хирургиялық аспаптар. (Karl Storz, Германия)
- Бөлімшеде заманауи дәрілік заттардың кең спектрі бар, оның ішінде бактерияға қарсы және қышымаға қарсы препараттар.
- ЛОР-қызметі штаттармен толықтырылған. Мамандар балалар мен ересектердің оториноларингологиясы бойынша сертификаттарға ие. Тұрғындарға құлақ, тамақ, мұрын аурулары бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.
Бізге құлақ, тамақ, мұрын аурулары бойынша қаралуыңызға болады. .
Бөлімшенің жұмыс уақыты: сағ.0 7.45-тен 16.45-ке дейін
Орналасқан жеріміз: «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС, стационар бөлімшесі, 5-ші қабат, оң жағы . ЛОР кабинеті Медициналық орталықтың емханасының 2-ші қабатында орналасқан, №171 кабинеті.
Байланыс телефоны: 78-19-08 (Жезқазған қаласы бойынша)