ТОО «Медицинский центр Жезказган»
www.medcenter-zhezkazgan.kz

Кардиологиялық бөлімшесі

Кардиологиялық бөлімшесі «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС көп кешенді стационардың құрамына кіреді және жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын науқастарды тексерудің негізгі заманауи мүмкіндіктері мен емдеуді жүргізеді. 

Бөлімше 23 орынды және Медициналық орталықта госпитализациялау туралы ережеге сәйкес «Жезқазғантүстімет» ӨБ жұмыскерлеріне ҚР Үкіметімен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде, пациенттерге коммерциялық негізде және мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетіледі.

Бөлімшеде жайлы бір орынды палаталар бар.

Кардиология бөлімшесі жан сақтау, интенсивті терапия, функционалдық диагностика бөлімшелерімен өзара тығыз байланысты жұмыс істейді және де келесідей ауруларға шұғыл және жоспарлы түрде мамандандырылған көмек көрсету үшін замануи құралдармен жабдықталған:  

·         Жүректің ишемиялық ауруының асқынған және созылмалы түрлері.

·         Жүрек ырғағының бұзылуы.

·         Созылмалы жүрек кемшілігі.

·         Кардиомиопатия.

·         Жүректің қабынба аурулары.

·         Артериалық гипертензия.

 

Медициналық орталықтың мүмкіндіктері төмендегілерді қамти отырып, жүрек-тамыр жүйесіне кешенді тексеру жүргізуге мүмкіндігі бар:

·         ЭКГ,  артериялық қысымының тәуліктік бақылау және заманауи құралдардың көмегімен ЭКГ холтерлік бақылау.

·         ЭКГ жазбасымен жүктемелік тестісі (тредмил-тест).

·         Жүректі ультрадыбыстық зерттеу (ЭХОКГ), соның ішінде жүрек қуысындағы қан ұйығын анықтау, қолқаның, жүректегі қан жолы тетігінің зақымдануын анықтау үшін ЭХО-кардиография, ірі тамырдың УДС.    

·         Siemens Somatom Sensation 64 мультиспиральды компьютерлік томографында жүректің компьютерлік томографиясы.  Жүректің мультиспиральды компьютерлік томографиясы жүрек көк тамырларының жағдайын, стенттің, аортокоронарлық ұштастырудан кейінгі шунттің өтімділігін инвазивті емес түрде зерттеуге; күретамырдағы қан тамырларында кальцийдің болуын анықтауға және оның құрамын сандық бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.   

·         Жүрек-қан тамырлары ауруларының диагностикасы және емдеу жолындағы бақылау үшін қажетті клиникалық, биохимиялық, иммунді химиялық зертханалық тестердің кең спектрі.

Әр пациентті жеке тұрғыдан емдеу Еуропалық және Қазақстандық кардиологтар қоғамының басшылығына, соңғы ұсыныстарына және хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Пациенттерді дәрілік емдеуде әлемдік клиникалық байқау мен зерттеулерде тиімділігі дәлелденген заманауи препараттар, соның ішінде, тромболитиктер, жаңа ауыз арқылы қолданатын антикоагулянттер және т.б. қолданылады. Кешенді терапияда дәрілік емдеуден басқа, физиотерапиялық емдеу шаралары, емдік дене шынықтыру қолданылады.

Тексерілуге дейінгі (коронароангиография, жүректі электрфизиологиялық зерттеу) кезеңді қажетсінетін пациенттердің саралауы жүргізілетін облыстық, жетекші республикалық клиникалармен ынтымақтастықта. Интервенциялық және кардиохирургиялық қатысуларға дайындық, сонымен қатар, кардиохирургиялық науқастарға операциядан кейінгі сауықтыру жүргізіледі.  

Бөлімше Медициналық орталықтың оң жағындағы екінші қабатта орналасқан.  

Бөлімшенің меңгерушісі жоғары санатты кардиолог-дәрігері Елена Юрьевна Никонова. Кардиология саласындағы еңбек өтілі 19 жыл.  

Бөлімшенің ординаторы – кардиолог-дәрігері Антон Александрович Эмаков, еңбек өтілі 3,5 жыл.

Байланыс телефоны: 87102-744363(64), ішкі: 1055, 1067 және 87102-744354

     

6 фото
13
1
10
14
12
11
13
1
10
14
12
11


Жаналықтар басқа жаңалықтар
21 августа 2017
Ашық есік күні
Оставить заявку
Код с картинки: CAPTCHA